Sun . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Қарақия ойысы


Қарақия ойысы, Қаракие, Батыр - Маңғыстау түбегіндегі ойыс.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны мен жер бедері
  • 2 Геологиялық құрылымы
  • 3 Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
  • 4 Климаты
  • 5 Пайдалы қазбалары
  • 6 Қатынас жүйесі
  • 7 Дереккөздер

Географиялық орны мен жер бедері

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы жерінде орналасқан. Ойыс табаны мұхит деңгейінен 132 м төмен жатыр. Ұзындығы 85 км, ені 10-25 км, түбі жазық. Шығыс беткейі тұсында ойыстың түбін бойлай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жазда қарасуларға бөлініп қалатын Ащыағар өзені өтеді. Шығыс беткейі кертпештеліп келген тік, жарқабақты. Олар желмен аққан судың әсерінен тілімденіп, жеке төбелерге бөлінген. Өсімдік жамылғысы мардымсыз.
Ойыстың кемерлі беткейлері мен табанында көптеген құдықтар (Жаңаорпа, Сауытты, Қынабай, Шұқыр, Көкше, т.б.) мен қыстаулар (Орша, Боржақты, Қарасеңгір, т.б.) орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Ойыстың шығыс кемері негізінен түрлі түсті ұлутастар мен бор жыныстардан тұрады. Олар мыңдаған жылдар бойы ұдайы күнге тотығу салдарынан қоңырқай тартқан. Сондықтан бұл бөлігі алыстан қарағанда қара түсті тік жарқабақ (биіктігі 10-15 м және одан да биік) тәріздес болып көрінеді. Осыған байланысты ойыстың аты "Қарқия" деп аталған. Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен, орталық жағы – жұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған. Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауға – алыста мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай тұңғиық шыңырау. «Қарақия» түрік тілінен аударғанда «қара аңның араны» дегенді аңғартуы тегіннен емес. Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-жөнекей өтетін жолаушылардың көзін тамсандыратындай. Қарақия ойпаты өткен алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия шығанағы Шығыс Каспийді зерттеуші-ғалым Александр Бекович-Черкасский құрастырған картаға түсірілген. Қарақия ойпатының солтүстік-шығыс ұшпасында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Ойыстың түбі сортаң топырақ (солтүстік-батысы) пен сор (оңтүстік-шығысы мен оңтүстік бөлігінде Батыр соры жатыр), өсімдігі негізінен қара жусаннан тұрады.

Климаты

Климаты контиенттік. Қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң келеді. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -7°С, шілдеде 26°С.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 75-100 мм шамасында.

Пайдалы қазбалары

Қарақия ойысы кен байлықтарына бай. Мұнда мұнай, ұлутас кірпіштері, уран кені өндіріледі.

Қатынас жүйесі

Қарақия ойысы арқылы облыс орталығы Ақтау қаласын мұнай мен газ- орталығы - Жаңаөзен қаласымен қосатын республикалық маңызы бар автомобиль жолы, мұнай, газ, ауыз су құбырлары тартылған.

Дереккөздер

  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5


Қарақия ойысы Туралы Ақпарат

Қарақия ойысы


  • user icon

    Қарақия ойысы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қарақия ойысы
Қарақия ойысы
Қарақия ойысы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қарақия ойысы бұл, Қарақия ойысы кім, Қарақия ойысы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...