Sat . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қаратау жотасы (Тянь-Шань)


 Қазақстан, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы

Тау жүйесі

Тянь-Шань

Пайда болған кезеңі

Протерозой, карбон, девон

Ұзындығы

420 км

Ені

60-80 км

Ең биік шыңы

Бессаз тауы

Биіктігі

2175 м

Қаратау жотасы

Қаратау - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында орналасқан тау жотасы.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Геологиялық құрылымы
  • 3 Жер бедері
  • 4 Климаты
  • 5 Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
  • 6 Дереккөздер

Географиялық орны

Қаратау негізінен, Жамбыл облысының аумағында орналасқан. Тек солтүстік-батыс бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр, енді жері 60 – 80 км (оңтүстік-шығысындағы Боралдай жотасы). Ең биік жері Бессаз тауы (2175 м). Жота қатарласа жатқан Кіші Қаратау және оңтүстік-батыс Қаратау жоталарынан тұрады. Бұларды бір-бірінен тауаралық ойыстар бөліп жатыр.

Геологиялық құрылымы

Қаратаудың шығысы және Кіші Қаратау протерозойлық тақтатас және құмтастарынан оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас, конгломераттар және девонның жанартаутекті жыныстарынан түзілген. Қаратау қойнауында еліміздегі ірі полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, т.б.), фосфорит (Ақсай, Жаңатас) кендері шоғырланған.

Жер бедері

Жоталардың тау бастары тегістеу келген жазық, беткейлері шатқалды, тік жартасты болып келген. Қаратаудың оңтүстік-батысын Сырдария, солтүстік-шығысын Талас өзендері алаптары алып жатыр.

Климаты

Қаратау төңірегіндегі өңірге климат тұрғысынан өз әсерін тигізеді. Сондықтан жотаның оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысының ауа райында біраз айырмашылықтар бар. Қаңтар айындағы орташа температура жотаның солтүстік беткейі мен баурайында –10°С, оңтүстік-батысында –6°С. Жазы ыстық және құрғақ, шілденің орташа температурасы 22 – 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері бөктерінде 200 – 400 мм, тауда 400 – 600 мм. Қаратау өңірінде жер асты суларының мол қоры бар.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Беткейлерінің топырағы қоңыр, қызғылт қоңыр. Тауаралық аңғарлар мен шатқалдарында бетеге, боз, көде, өзен аңғарларында тоғай өседі. Қазақстанның басқа жерінде жоқ, (35 – 40%) каучук ретінде қолдануға болатын тау сағызы осы Қаратау қойнауында мол кездеседі.Таутеке, борсық, түлкі, қасқыр, түрлі тышқан, сарышұнақ, т.б. мекендейді. 2004 жылы Қаратау қорығы құрылған.

Дереккөздер

  1. ↑ “Тараз энциклопедиясы”


Қаратау жотасы (Тянь-Шань) Туралы Ақпарат

Қаратау жотасы (Тянь-Шань)


  • user icon

    Қаратау жотасы (Тянь-Шань) beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қаратау жотасы (Тянь-Шань)
Қаратау жотасы (Тянь-Шань)
Қаратау жотасы (Тянь-Шань) Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қаратау жотасы (Тянь-Шань) бұл, Қаратау жотасы (Тянь-Шань) кім, Қаратау жотасы (Тянь-Шань) сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...