Wed . 19 Feb 2019

Қаракие ойпаты


Қарақия ойпаты - Маңғышлақтың солтүстік жазығында, Ақтаудан шамамен 50 шақырым жерде солтүстік батыстан оңтүстік мұхит деңгейінен 132м төмен әлемдегі ең терең ойпат орналасқан. Қаракие деген аты түрік тілінен аударғанда «қара аран» (жыртқыш ауыз) деген мағына береді. Ойпаттың етектері жайпақ болғандықтан, одан төменге түсу оңай. Көктемде бұл жерден қозықұйрық саңырауқұлақтарын көптеп теріп алуға болады, Маңғышлақта одан басқасы өспейді. Бұл жерді әдемілігі ғажап жыландар, қоян, түлкі, қарсақтар мекендейді; Аспанның шырқау биігінде жіті көзбен олжа аңдыған тазқара, маңайды бағдарлап, өткен-кеткенді қалт жібермейтін жабайы үстірт арқары осы жердің кең тараған хайуандары. Бағзы замандарда осы жерде «Батыр» деп аталған көл болған екен деседі. Кейін оның орнында ұзындығы 40 шақырым, ені 10 шақырымдық ойпат пайда болған. Ойпаттың пайда болуын ғалымдар тұзды жыныстардың сілтісіздендірілуімен, Каспий теңізінің жағалауында болып жататын ойылу және карстық процесстермен байланыстырады. Карст астында табиғи жерасты суларының шаймалау және еріту үдерістері үнемі жүріп жатады. Жерасты сулары әктастың, доломит пен гипстің жарылған жықпыл – жылғаларымен өтіп тау жыныстарын біртіндеп езіп отырып, жықпылдарды барған сайын кеңейтіп, терең де тар шыңырау құздардың пайда болуына себеп болады. Бұндай шыңыраулардың қабырғалары мен табаны кеңейе келіп, алып шұңғыма мен үңгірлерге айналды. Үңгірлер кеңіген сайын жоғары қабаттардың салмаған көтере алмаған үңгір төбелері мен қабырғалары опырлап құлап отырған. Бұл үрдіс ұдайы қайталанып отыратын және жердің тұзды, әктасты жыныстары жатқан қалың қабатқа беттеп үңги беретін болған. Нәтижесінде, ұсақ тау-тас жыныстарымен толып қалған алып кеуектер, шұңғымалар, шұңқырлар, жымдасып қалған жазықтар, қуыс текшелер мен үңгірлер, жыралар, ұңғыма қуыстар, соқпақтар мен табиғи құдықтар пайда болды. Қаракие ойпаты қазіргі кездегі кескінге келгенінше осылай дамып отырды. Қаракиедегі өзгеріс үрдістері әлі де тоқтаған жоқ, ойпаттағы рельеф түзуші үрдістері жалғасып жатқандығына ені жалпақ әрі терең сайлар мен бөлініп кеткен құз жартастар мен тау кертпештері дәлел болмақ. Қазақстан ғалымдары бірнеше жыл бойы мұқият зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде, сусыз Қаракие ойпатының жаңбыр бұлттарын бір жерге шоғырландырып отыратын табиғи генератор қызметін атқаратындығы мәлім болды. Жаз кезінде жоғары көтерілген ауа ойпаттың үстіне үйіріліп, ондаған шақырымға баратын қара бұлт көшкіні түзеді. Бұл айтылып отырған деректерге жерден жүргізілген бақылаулар мен жасанды жер серіктерінің түсірген фотосуреттері де айғақ. Егер жазық еңіспен төмен түссеңіз, бір кездерде бұрғыланған ұңғымадан шығып жатқан «Салқын» деп аталып келген бұлақ пен суы ағынды шағын су қоймасына тап боласыз. Суы ащылау. Бұлақ суы арна табанын бауырлап ағып отырып, ойпаттың оңтүстік бөлігінде жеткенде, құмға сіңіп кетеді. Ойпаттың оңтүстік батысында кеберсіген көл бар. Ал Қаракиенің орталық тұсында жербетілік қирау процессінің салдары- түпкіліті тау жыныстарының сілемдері көп. Бұл да кімнің де болса көруіне тұрарлық табиғаттың тамаша көрінісі.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақстан- ғажайыптар елі.

Сыртқы сілтемелер

  • Қазақстанның табиғаты


Қаракие ойпаты Туралы Ақпарат

Қаракие ойпаты


  • user icon

    Қаракие ойпаты beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қаракие ойпаты
Қаракие ойпаты
Қаракие ойпаты Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қаракие ойпаты бұл, Қаракие ойпаты кім, Қаракие ойпаты сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...