Wed . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қазпошта


акционерлік қоғам

Қызметі

пошталық-жинақтық

Құрылған жылы

1999

Орналасқан жері

Қазақстан: Астана

Басты адамдары

Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов (басқарма төрағасы)

Саласы

пошта және байланыс

Өнімі

пошталық қызметтер

Сайты

www.kazpost.kz

«Қазпошта» — пошта байланысы кәсіпорны. Бұрынғы Байланыс министрлігінің құрамындағы біртұтас «Байланыс» саласынан 1993 жылы қазанда бөлініп шығып, дербес шаруашылық субъектісі болды. 1995 жылы қарашадан республикалық мемлекеттік кәсіпорын. ҚР Үкіметінің «Пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны мен оған қарасты мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру туралы» 1999 жылы 20 желтоқсанда «Қазпошта» ААҚ болып қайта құрылды. Құрылтайшысы – ҚР Үкіметі. Мемлекеттің үлесі 100%. Ұйымдық құрылымы негізгі 4 деңгейден тұрады. Бірінші деңгей – облысы бөлімшелерге тікелей басшылық жасайтын, пошта жұмысын республикалық деңгейде ұйымдастырып, үйлестіретін орталық аппарат. Екінші деңгей 14 облысы бөлімшені 2 поштамптты (Алматы мен Астана) біріктіреді. Үшінші деңгей облысы бөлімшелерге бағынып, аудандар мен қалалар аумақтарында пошта жөнелтілімдерінің барлық түрлерінің қабылдануын, өңделуін, тасымалдануын және табыс етілуін қамтамасыз ететін пошта байланысының 20 қалалық және 154 ауданы тораптарынан тұрады. Төртінші деңгей 614 қалалық бөлімшені, 2774 ауылдық бөлімшені және 2 пошта тасу бөлімшесін қамтиды. Кәсіпорынның өз тасымал құралдары: 49 т. жылы пошта вагоны, 900-ден астам автокөлігі бар. Жылына орта есеппен 14 млн. хат тасиды.

«Қазпошта» ҚР Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес теңгемен және шет ел валютасымен операциялар жүргізеді; пошта жөнелтілімдерін, жедел поштаны қабылдау, тасымалдау және жеткізу жөнінде кәсіпкерлік қызмет көрсетеді; Бағалы қағаздар рыногінде делдалдық қызметпен айналысады. ТМД елдерімен (Өзбекстаннан басқа) және алыс 14 шет мемлекетпен халықаралық пошта аударымы алмасылады.

Дереккөздер


Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Post of Kazakhstan
  • «Қазпошта» АҚ ресми сайты
  • «Қазпошта» АҚ порталы



Қазпошта Туралы Ақпарат

Қазпошта


  • user icon

    Қазпошта beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қазпошта
Қазпошта
Қазпошта Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қазпошта бұл, Қазпошта кім, Қазпошта сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...