Tue . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Қазба

қазба қалдықтар, қазба байлықтар
ҚАЗБАЖер қойнауында немесе оның бетінде кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде пайда болатын кен құрылысы. Кен Қазбалары атқаратын міндеті мен белгіленген мерзім ішінде сақталу мақсатына қарай әр түрлі көлік және инжинерлік құрылғыларымен, арнайы бекітпелермен жабдықталады. Қазба кен орындарын іздеу және барлауға арналған барлау, ал игеру кезінде кен қазып алуға арналған пайдалану Қазбалары болып бөлінеді. Сондай-ақ Қазба жабық (жер астында) және ашық (жер бетінде) болып екіге ажыратылады. Ашық әдіспен қазылған Қазбалардың орны үлкен шұңқыр – карьер (кеніш) болады. Жер астында кен қазу жұмыстарында кен ашу (кенге жету), дайындық, қима және көмекші Қазбалар қазылады. Кеңістікте орналасу қалпына сәйкес бұлар тік, көлденең және көлбеу болып қазылып, жердің бетіне шығуы немесе жер астындағы басқа Қазбалармен қосылуы мүмкін. Тереңде жатқан кенді қазып алу үшін оның үстін басып жатқан пайдасыз тау жыныстарын тесіп өтіп кен жатқан қабатқа жетеді. Көмір өндірісінде шахта оқпаны көбінесе көмір қабатының орта шеніне жеткізіледі де, қабаттың жатысына қарай одан жоғары қарай не төмен бағытталған Қазбалар қазылады. Егер кен таулы аймақтарда қазылатын болса, онда таудың бір бүйірінен кенге қарай штольня деп аталатын жатық Қазба қазылады. Кенді ұзына бойлай қазылған жатық қазба штрек делінеді. Әрбір 30 – 60 м аралықта штрекке көлденең бағытта кеннің екі жақ бүйіріне тірелетін орт деп аталатын жатық Қазбалар жүргізіледі. Бірдей тереңдікте өзара байланысып жатқан Қазабаларды горизонт деп атайды. Дайындық және қима Қазбалар жасалып біткен соң кенді белгіленген жүйемен қазып алады. Кен алынған қуыстар кен Қазбалары деп аталады. Биіктігі 3 – 4 м, ұзындығы 100 – 300 м, ені 20 – 30 м кен Қазбасы лава деп аталады. Лава көбінесе көмір шахталарында пайдаланылады. Кентастық шахталардағы кен Қазбаларының биіктігі кейде 40 – 50 м-ге жететін кең қуыс түрінде қазылады. Мұны кен қазып алу камерасы дейді. Кен қазбаларын жүргізу сілемнен тау жыныстарын қопару және гидравлик. әдістерімен ажырату немесе үңгілеу машиналарының көмегімен мехaникa опыру арқылы жүзеге асырылады.

Сілтемелер

  1. Қазақстан Энциклопедиясы


жанғыш пайдалы қазбалар, пайдалы қазбалар, қазба байлықтар, қазба қалдықтар, қазбалар


Қазба Туралы Ақпарат

Қазба


  • user icon

    Қазба beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қазба
Қазба
Қазба Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қазба бұл, Қазба кім, Қазба сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі (украин Украинаның Украина мемлекеттік қызметі) орталық атқа
Джером (Шурыгин)

Джером (Шурыгин)

Архимандрит Джером әлемдегі Виктор Ф. Шурыгин; 17 қараша 1952, Свердлов ауданы, Кировград ауданы, Бе
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений Помещиков Басты рөлдерде - Светлана Ж
Елтаңба Сити (Лондон)

Елтаңба Сити (Лондон)

Егжей-тегжейлері 1633 ж. бекітілген «Қалқан» - ағылшынша ұраны: Domine dirige nos - Ұлы Германы Л