Қазақ тілі


qɑˈzɑq tɘˈlɘ

Елдер:

Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан, Ресей, Иран

Ресми күйі:

 Қазақстан (мемлекеттік тіл)
 Ресей:

  • Алтай Республикасы (аймақтық тіл)[1]
Реттейтін мекеме:

Қазақстанның мәдениет министрлігі

Сөйлеушілер саны:

11 млн адам

Рейтинг:

87 орын

Классификация Санаты:

Еуразия тілдері

Алтай тілдері (даулы)

Түркі бұтағы Қыпшақ тобы Ноғай-қыпшақ топ тармағы Жазуы:

кирилше (орысша), төте жазу (арабша), латынша (Қазақ әліпбиін қараңыз)

Тіл коды МЕСТ 7.75–97:

каз 255

ISO 639-1:

kk

ISO 639-2:

kaz

ISO 639-3:

kaz

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын:qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.

Кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: нағыз қазақ, ноғай, қарақалпақ[дереккөзі келтірілмеген].

Мазмұны

  • 1 Жазуы
  • 2 Фонетика
    • 2.1 Дауысты дыбыстар
    • 2.2 Дауыссыз дыбыстар
  • 3 Фонетика, нағыз қазақ тілінде
    • 3.1 Дауысты дыбыстар
    • 3.2 Дауыссыз дыбыстар
  • 4 Грамматика
    • 4.1 Сөз таптары
    • 4.2 Біріккен сөздер
    • 4.3 Септіктер
  • 5 Дереккөздер
  • 6 Тағы қараңыз
  • 7 Сыртқы сілтемелер

Жазуы

Толық мақаласы: Қазақ жазуы

Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуы пайдаланылды. 20 ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген ‘’төте жазу‘’ пайдаланылған. Қазіргі кезге дейін Қытай еліндегі қазақтар осы жазу үлгісін пайдаланады. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолданылуда. 2025 жылдан қазақ тілі латын графикасына ауысуы жобалануда. Түркия мен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліпбиді пайдаланады. 2000 жылдан бастап Тура Жазу енгізіле басталды, латын және кирилше түрінде. Тура Жазу Ахмет Байтұрсынұлы дыбыс жүйесін қолданады, оны енгізумен жекеменшік, мемлекеттік емес орталық айналысады.

Латын жазуы (ana tili) Араб жазуы Кирил жазуы Barlıq adamdar twmısınan azat jäne qadir-qasïyeti men kuqıqtarı teñ bolıp dünïyege keledi. Adamdarğa aqıl-parasat, ar-ojdan berilgen, sondıqtan olar bir-birimen twıstıq, bawırmaldıq qarım-qatınas jasawları tïis. بارلىق ادامدار تۋمىسىنان ازات جانە قادىر-قاسيەتى مەن كۇقىقتارى تەڭ بولىپ دۇنيەگە كەلەدى. ادامدارعا اقىل-پاراسات، ار-وجدان بەرىلگەن، سوندىقتان ولار ءبىر-بىرىمەن تۋىستىق، باۋىرمالدىق قارىم-قاتىناس جاساۋلارى ءتيىس. Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.
Латын жазуы (Tfura jazfu) Тура жазу Barlwkh adamdar tfumwswnan azat jcne khadwr-khaswveti men khfkhwkhtarw tex bolwp dynivege keledi. Adamdargha akhwl-parasat, ar-ojdan berilgen, sondwkhtan olar bir-birimen tfuwstwkh, bauwrmaldwkh kharwm-khatwnas jasaularw tivis. Барлық адамдар тұумысынан азат және қадыр-қасыйеті мен кұқықтары тең болып дүнійеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен тұуыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тійіс.

Фонетика

Қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді, және жуан дауысты буындардағы дауыссыз дыбыстар жуан түрде айтылады (мысалы: тыс, құрт), ал жіңішке дауысты буындарда жіңішке естіледі (мысалы: тіс, күрт).

Қазақ тілінде екпін көбінесе соңғы буынға түседі.

Дауысты дыбыстар

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:

Тілдің
қатысына қарай:
Жуан: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.
Жақтың
қатысына қарай:
Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Еріннің
қатысына қарай:
Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.[2]

Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ

Жоғарыда келтірілген мағлұмат Кеңес Өкіметі билік құрып тұрғанда, 1940 жылы еңгізілген Аманжолов Сәрсеннің әліпбиі негізінде берілген. Бұл әліпбиді, тоталитарлық жүйе қазақ халқын орыстандыру саясатының құралы ретінде пайдаланған. Орыс тілінің дыбыстары қазақ әліпбиіне қосылған. Қазақ тілі туралы жалған мағлұмат ресми құжаттарда, Қазақстан тәуелсіздік алса да, осы уақытқа дейін өзгертілмей келеді.

Фонетика, нағыз қазақ тілінде

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін алғашқы құрған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: басқа дыбыстық жүйелер, бөтен тілдердің дыбыстары қосылған, жалған жүйелер.

Дауысты дыбыстар

Қазақ тіліне тән 9 дауысты дыбыс бар: о, ұ, а, ы, ө, ү, ә, і, е
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және ''жіңішке, ''ашық'' және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:

Тілдің
қатысына қарай:
Жуан: о, ұ, а, ы.
Жіңішке: ө, ү, ә, і, е.
Жақтың
қатысына қарай:
Ашық: а, ә, о, ө, е.
Қысаң: ы, і, ү, ұ.
Еріннің
қатысына қарай:
Еріндік: о, ө, ұ, ү.
Езулік: а, ә, е, ы, і.

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 19 дауыссыз дыбыс бар: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш, һ.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.

Ұяң: б, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң: к, қ, п, с, т, ш

Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері: - дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары; - дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде - бәсең үн болады; - дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды; - дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады; - дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды; - дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.

Грамматика

Қазақ тілінде сөз алдында тұратын көмекші сөздер (preposition) орнына, сөз артынан келетін шылау (postposition) не тиісті жалғау қолданылады (мысалы: қазақ тілі туралы мақаланы энциклопедияға қосу).

Сан есімі бар зат есім жекеше түрінде беріледі (мысалы: «мен екі мақала жаздым», бірақ «мақалаларымда көп қате жіберіппін»).

Сөз таптары

Толық мақаласы: Сөз табы

Қазақ тілінде келесі сөз таптары бар

  • Зат есім (бет, қол)
  • Сын есім (қызыл, биік)
  • Сан есім (бір, жүз)
  • Есімдік (мен, сен)
  • Етістік (бару, жазу)
  • Үстеу (тез, таза)
  • Шылау (үшін, туралы)
  • Еліктеу сөз (күмп, тарс-тұрс, ыржың-ыржың)
  • Одағай (алақай, тәйт, құрау-құрау)

Біріккен сөздер

Септіктер

Қазақ тілінде 7 септік бар. Төменде әр септіктің сұрақтары, жалғаулары мен мысалдары берілген:

септік сұрағы жалғауы мысалы
Атау кім? не? (жоқ) кісі, ат, біз
Ілік кімнің? ненің? -ның/-нің, -дың/-дің,
-тың/-тің
кісінің, аттың, біздің
Барыс кімге? неге? қайда? -ға/-ге, -қа/-ке, -на/-не, -а/е кісіге, атқа, бізге, оның отбасы"на", менің отбасым"a"
Табыс кімді? нені? -ны/-ні, -ды/-ді,
-ты/-ті, -н
кісіні, атты, бізді, оның отбасы"н"
Жатыс кімде? неде? қайда? -да/-де, -та/-те кісіде, атта, бізде
Шығыс кімнен? неден? -нан/-нен, -дан/-ден,
-тан/-тен
кісіден, аттан, бізден
Көмектес кіммен? немен? -мен/-бен/-пен кісімен, атпен, бізбен

Дереккөздер

  1. ↑ Закон Республики Алтай «О языках». Глава I, статья 4
  2. ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Тағы қараңыз

  • Қазақ тілі білімі
  • А.Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы
  • Қазақ графикасының тарихы
  • Қазақ жазуы
  • Қазақ әліпбиі

Сыртқы сілтемелер

  • Қазақ тілін үйрену сайты
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тіл порталы
  • Қазақ тілі транслитераторы
  • Лұғат қазақ тілінің сөздіктер кешені онлайн сөздігі
  • Сөздік.кз онлайн сөздігі
  • Kazakh language courseware from University of Arizona Critical Languages Series
  • Kazak language, alphabet and pronunciation
  • Online Kazakh language course
  • Course of Kazakh for Peace Corps Volunteers
  • Another course of Kazakh for PCV
  • Forum in Kazakh Language Suhbat.com
  • Roman-Cyrillic characters converter for Kazakh alphabets
  • Aliya S. Kuzhabekova, "Past, Present and Future of Language Policy in Kazakhstan"
  • Tilashar online Kazakh language lessons & dictionary


Қазақ тілі Туралы Ақпарат

Қазақ тілі

Қазақ тілі
Қазақ тілі

Қазақ тілі Туралы Видео


Қазақ тілі Сіз қарап жатырсыз.
Қазақ тілі дегеніміз не, Қазақ тілі кім, Қазақ тілі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Facebook Twitter VK
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде