Sun . 19 Feb 2019

Қазақ Кеңес энциклопедиясы


Қазақ кеңес энциклопедиясы — алғашқы әрі ең ірі қазақ тіліндегі әмбебап энциклопедия.

Қазақ КСР ғылым академиясы құрастырған энциклопедия 1972—1978 жылдары 12 томы басылып шығады. Анықтамалық томы да бар. 1985 жылғы қысқа төрттомдық қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақ КСР» энциклопедиясына негіз болады.

Бас редакторы — академик М.Қ. Қаратаев.

Қосымша 13-том әліпбилік пәндік-есім корсеткішіне арналған (1982). Тұңғыш әмбебап энциклопедияда қазақ халкының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын, Қазақ КСР-ның құрылу және тарихи қалыптасу кезеңдерін, экономика, ғылым, мәдениет пен әдебиет саласындағы табыстарын, туыскан халықтардың, соц. елдердің достығы мен ынтымағын корсететін материалдар мен құнды деректер жинақталған.

Қазақ жерінің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі, табиғи байлықтары кең қамтылған. Республиканың өндіріс орындары, кеніштер, қалалар мен ауылдар, оқу ордалары мен мәдени мекемелер, ұжымдык, кеңестік шаруашылықтар тарихы мен соңғы жетістіктері туралы мол мағлұматтар бар. Халықтың ардақты ұлдары, батырлары мен ғалымдары, өнер қайраткерлері жайында өмірбаяндық деректер келтірілген. Бұл күрделі еңбекті әзірлеуге республика ғана емес, Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, одақтас республикалар ғалымдары мен зиялы қауымы, ғылым мен мәдениет орталықтары кеңінен тартылған.

Көрнекті ғылым қайраткерлері - академиктер: У.М. Ахметсафин, О.А. Байқоңыров, С.Б. Бәйішев, Т.Б. Дарқанбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. ғалымдар мақалалар жазған. Энциклопедияның 8 мың- нан астам авторының ішінде 313 ғылым докт., 4 мың ғылым канд. бар. Жалпы есептегенде "ҚСЭ-ның" 12 томына 48931 мақала енгізілген. Энциклопедия түрлі-түсті карталармен, диаграмма-кестелермен, сұлбалармен жабдықталып, портреттермен және фотосуреттермен көркемделген.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6


Қазақ Кеңес энциклопедиясы Туралы Ақпарат

Қазақ Кеңес энциклопедиясы


  • user icon

    Қазақ Кеңес энциклопедиясы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қазақ Кеңес энциклопедиясы
Қазақ Кеңес энциклопедиясы
Қазақ Кеңес энциклопедиясы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қазақ Кеңес энциклопедиясы бұл, Қазақ Кеңес энциклопедиясы кім, Қазақ Кеңес энциклопедиясы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...