Thu . 19 Feb 2019

Қазақша Уикипедияның тарихы


Қазақ тілді Уикипедия — 2002 жылдың 3 маусымында пайда болды, бірақ оған алғашқы мақалаларды жазу 2005 жылдың сәуір айынан басталған болатын.

2011 жылдың 16 маусым күні Алматы қаласында қазақша Уикипедиясының дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. “Wikibilim” қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы — "қазақ тіліндегі мақалалардың саны 16 желтоқсанға дейін 200 000 жетеді" — деді.

Тамыз айында белсенді редакторлар саны 232-ге дейін, ал мақала саны 70 000 жетті. "Мұндай қарқынды даму ешбір уики-қауымдастық тарихында болмаған" - деді Джимми Уейлс. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Уикипедия жобасын халық арасында жүргізгін насихат жұмысы үшін "WikiBilim" қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы Әлемнің жыл уикипедияшысы (Global Wikipedian of the Year) деп танылды. Ал "WikiBilim" қоғамдық қорына Джимми Уейлстің түркі тілді Уикипедиялардың конференциясын ұйымдастыру үшін арнайы гранты табыс етілетіндігі жарияланды.

Мақалалар саны жағынан түркі тілдес Уикипедиялардың арасынан қазақша Уикипедия түрікше Уикипедиядан кейін екінші орын алады (бірінші орын 29.11.2012 - 25.12.2012ж.).

Хронология

  • 2002 жыл маусымның 3 — Қазақ Уикипедиясының ашылуы.
  • 2007 жыл — 1000 мақала
  • 2008 жылдың наурыз айы — 2000 мақала
  • 2009 жылдың наурыз айы — 3000 мақала
  • 2010 жылдың қаңтар айы — 6000 мақала
  • 2010 жыл қаңтардың 17 — 7000 мақала
  • 2011 жыл наурыздың 10 — 8000 мақала
  • 2011 жыл сәуірдің 5 — 9000 мақала
  • 2011 жыл сәуірдің 7 — 10 000 мақала
  • 2011 жыл сәуірдің 8 — 15 000 мақала
  • 2011 жыл сәуірдің 16 — 20 000 мақала
  • 2011 жыл маусымның 15 - 25 000 мақала
  • 2011 жыл маусымның 18 - 30 000 мақала
  • 2011 жыл маусымның 22 - 35 000 мақала
  • 2011 жыл маусымның 29 - 40 000 мақала
  • 2011 жыл шілденің 3 - 45 000 мақала
  • 2011 жыл шілденің 9 - 50 000 мақала
  • 2011 жыл шілденің 12 - Қазақша Уикипедия мақала саны жағынан барлық уикипедиялардың арасынан 50 орын алды.
  • 2011 жыл шілденің 20 - 60 000 мақала
  • 2011 жыл шілденің 26 - 65 000 мақала
  • 2011 жыл тамыздың 14 - 70 000 мақала
  • 2011 жыл тамыздың 23 - 75 000 мақала
  • 2011 жыл қыркүйектің 25 - барлық лердің саны 500 000
  • 2011 жыл қазанның 11 - 80 000 мақала
  • 2011 жыл қазанның 22 - 90 000 мақала
  • 2011 жыл қазанның 26 - 100 000 мақала
  • 2011 жыл қарашаның 28 - 110 000 мақала
  • 2011 жыл желтоқсанның 16 - 120 000 мақала, мақала саны жағынан 34 орын алды.
  • 2012 жыл ақпанның 13 - 125 000 мақала, мақала саны жағынан 35 орын алды.
  • 2012 жыл наурыздың 2 - барлық лердің саны 900 000
  • 2012 жыл шілденің 9 - барлық лердің саны 1 000 000
  • 2012 жыл тамыздың 6 - 150 000 мақала
  • 2012 жыл қарашаның 28 - қатысушылар саны 20 000
  • 2012 жыл қарашаның 29 - 200 000 мақала. 200000-ші мақала — Жасанды интеллект.
  • 2013 жыл тамыздың 19 - барлық лердің саны 2 000 000

Дереккөздер

  1. a b First currently-kept Main Page of 3 june 2002


Қазақша Уикипедияның тарихы Туралы Ақпарат

Қазақша Уикипедияның тарихы


  • user icon

    Қазақша Уикипедияның тарихы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қазақша Уикипедияның тарихы
Қазақша Уикипедияның тарихы
Қазақша Уикипедияның тарихы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қазақша Уикипедияның тарихы бұл, Қазақша Уикипедияның тарихы кім, Қазақша Уикипедияның тарихы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...