Fri . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Қазақстан халқы

қазақстан халқы ассамблеясы, қазақстан халқы ассамблеясына 20жыл слайд
Қазақстан халықтары - тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің кайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асырады. Қазақстанда байырғы қазақ ұлты және 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады. Қазақстардың саны 2013 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 11 058 мың адам болған, яғни ел халқының 65,2%-ын құрайды. Елдегі орыс ұлтының өкілдері - 21,8%, өзбектер 3%, украиндар 1,8%, ұйғырлар 1,4%. Салыстырмалы түрде кәрістер, дүнгендер де аз емес.

Мазмұны

  • 1 Қазақтар
  • 2 Орыстар
  • 3 Украиндар
  • 4 Беларустар
  • 5 Өзбектер
  • 6 Немістер
  • 7 Татарлар
  • 8 Кәрістер
  • 9 Ұйғырлар, дүнгендер
  • 10 Дереккөздер

Қазақтар

Қазақтар еуропоидтық пен оңтүстіксібірлік моңғолоидтық нәсілі аралығында өтпелі орын алады. Қазақтардың ата-бабалары қазіргі Қазақстанның аумағында біздің заманымызға дейінгі 1 ғасырда қоныстанған. XV ғасырдың ортасында олар жеке этностық топ ретінде қалыптасып, XVI ғасырдың ортасында біртұтас хандық (мемлекет) құрды.Қазақтар еуропалық-азиялық субконтинеттің көшпелі-мәдени өркениетінің тұңғыш мұрагерлері болып табылады. 1917 жылғы төңкеріске дейін қазақтар саны 6,2 млн-ға жеткен еді. Ол түркі тілдес ұлттардың ең ірісі болған. Әлем халықтары арасында саны жағынан қазақтар 70-орын алады. Тілдік тұрғыда олар алтай тілдік әулетінің түркі тобына, діни нанымы жөнінен исламның суннит бағытына жатады.

Қазақтар республиканың барлық аудандарында тұрады, бірақ олардың үлесі әсіресе Батыс және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында өте басым. Ежелден-ақ қазақ халқы жайылымдық мал шаруашылығы саласында шеберлігімен және жайылымды құрайтын өсімдіктердің құрамын жетік білуімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта қазақтар ел шаруашылығының, ғылым мен техниканың және мәдениеттің барша саласында белсенді жұмыс істеп, жетекші қызмет атқарады.

Орыстар

Орыстар негізінен солтүстіктегі астықты аудандарда тұрады (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар облысының солтүстігі).

Украиндар

Украиндар да орыстармен аралас қоныстанған, бірақ олардың үлесі Қостанай және Ақтөбе облыстарында көбірек.

Беларустар

Беларустардың көпшілігі Солтүстік Қазақстанда тұрады. Орыстар, украиндар мен беларустар қазақтар тәрізді шаруашылықтың барлық салаларында еңбек етеді.

Өзбектер

Өзбектер оңтүстіктегі Өзбекстанмен көршілес суармалы егіншілік аудандарда шоғырланған.

Немістер

Немістер республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде және Қарағанды облысында көп. Олар негізінен егіншілік, сүт бағытындағы мал шаруашылығымен айналысады.

Татарлар

Татарлар Қазақстанның солтүстігіндегі ескі қалаларда, әсіресе Петропавл, Семей мен Оралда қоныстанған. Олардың саны қалаларда басым, көбінесе халыққа қызмет көрсету, сауда салаларында жұмыс істейді.

Кәрістер

Кәрістердің басым көпшілігі республиканың оңтүстігінде, әсіресе Қаратал өзенінің маңында және Сырдарияның төменгі ағысында, өздері алғаш рет күріш егудің негізін салған жерлерінде тұрады.

Ұйғырлар, дүнгендер

Ұйғырлар - Алматы облысы, дүнгендер - Жамбыл облысы аумағында. Олар суармалы егіншілік, әсіресе бақша өсірумен айналысады.

Дереккөздер

  1. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  2. ↑ Бейсенова Ә.С., Қирабаев Ә.С. Қазақстанның географиялық атласы.- Алматы: "Атамұра", 2013.- 104 бет. ISBN 978-601-282-832-0
Қазақстан тақырыптарда

Елтаңба • ТуӘнұран • Мемлекеттік құрылым • КонституцияПарламентӘкімшілік бөлініс • География • Қалалар • ЕлордаХалқы • Тілдер • ТарихЭкономикаВалютаМәдениетДін • Кинематограф • ӘдебиетМузыка • Мейрамдар • СпортБілімҒылым • Транспорт • ТуризмПоштаҒаламтор • Қарулы күштер • Сыртқы саясат
Үкімет • Металлургия
Портал «Қазақстан»

 

қазақстан халқы, қазақстан халқы ассамблеясы, қазақстан халқы ассамблеясы слайд, қазақстан халқы ассамблеясы тәрбие сағаты, қазақстан халқы ассамблеясына 20жыл слайд, қазақстан халқына жолдауы, қазақстан халқына жолдауы 2017, қазақстан халқының ассамблеясы, қазақстан халқының бірлігі күніне ценари


Қазақстан халқы Туралы Ақпарат

Қазақстан халқы


  • user icon

    Қазақстан халқы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қазақстан халқы
Қазақстан халқы
Қазақстан халқы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қазақстан халқы бұл, Қазақстан халқы кім, Қазақстан халқы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...