Wed . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қазақстан мейрамдары


Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.

  • Ұлттық мерекелерҚазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
  • Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
  • Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.


Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
  күн-айы атауы
  қаңтардың 1—2 Жаңа жыл (мемлекеттік мейрам)
  қаңтардың 7 Иса Мәсіх туған айты (демалыс күн)
  зу-л-хидж 10 Құрбан айт (демалыс күн)
  наурыздың 8 Әйелдердің халықаралық күні (мемлекеттік мейрам)
  наурыздың 22 Наурыз мейрамы (мемлекеттік мейрам)
  мамырдың 1 Қазақстан халық бірлігі мейрамы (мемлекеттік мейрам)
  мамырдың 7 Отан қорғаушы күні
  мамырдың 9 Жеңіс күні (мемлекеттік мейрам)
  мамырдың 31 Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
  маусымның 4 Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні
  маусымның 23 Полиция күні
  маусымның 3-ші жексенбісі Медицина қызметкері күні
  маусымның соңғы жексенбісі Баспасөз, теледидар және радиохабар күні
  шілденің 6 Елорда күні (мемлекеттік мейрам)
  шілденің 3-ші жексенбісі Металлург күні
  тамыздың 1-ші жексенбісі Көлік пен байланыс қызметкерлері күні
  тамыздың 2-ші жексенбісі Құрылысшы күні
  тамыздың 3-ші жексенбісі Спорт күні
  тамыздың соңғы жексенбісі Кенші күні
  тамыздың 30 Қазақстан Республикасы Конституциясы күні (мемлекеттік мейрам)
  қыркүйектің 1 Білім күні
  қыркүйектің 1-ші жексенбісі Мұнай мен газ кешені қызметкерлері күні
  қыркүйектің 3-ші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні
  қыркүйектің 28 Қазақстан Республикасы атом саласы қызметкерлері күні
  қазанның 1-ші жексенбісі Оқытушы күні
  қазанның 25 Республика күні
  қарашаның 15 Ұлттық пұл күні
  қарашаның 3-ші жексенбісі Ауыл шаруашылық қызметкерлері күні
  желтоқсанның 16—17 Тәуелсіздік күні (ұлттық мейрам)
  желтоқсанның 3-ші жексенбісі Қуатшы күні
  — мейрам (жұмыс істемейтін) күндері
  — кәсіби және басқа мейрамдары

Түсініктемелер

  1. ↑ «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-II Заңы
  2. ↑ Һижраның зу-л-хидж 10 күні жыл сайын 11—12 күнге артқа ығысады. 2007 ж. желтоқсанның 20 келеді, 2008 ж. 9 желтоқсанға келеді, 2009 ж. 27 қарашада, ал 2010 ж. 17 қарашада болады.
Қазақстан тақырыптарда

Елтаңба • ТуӘнұранМемлекеттік құрылымКонституцияПарламентӘкімшілік бөлініс • География • Қалалар • Елорда • Халқы • Тілдер • ТарихЭкономикаВалютаМәдениетДін • Кинематограф • ӘдебиетМузыкаМейрамдарСпортБілімҒылым • Транспорт • ТуризмПоштаҒаламтор • Қарулы күштер • Сыртқы саясат
Үкімет • Металлургия
Портал «Қазақстан»

 


Қазақстан мейрамдары Туралы Ақпарат

Қазақстан мейрамдары


  • user icon

    Қазақстан мейрамдары beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қазақстан мейрамдары
Қазақстан мейрамдары
Қазақстан мейрамдары Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қазақстан мейрамдары бұл, Қазақстан мейрамдары кім, Қазақстан мейрамдары сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...