Fri . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

қазақстан республикасы қарулы күштері
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.

Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

Мазмұны

  • 1 Міндеттері
    • 1.1 Бейбiт кезеңде
  • 2 Әскери доктринасы
  • 3 Өңірлік қолбасшылықтар
    • 3.1 «Астана» өңірлік қолбасшылығы
    • 3.2 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы
    • 3.3 «Батыс» өңірлік қолбасшылығы
    • 3.4 «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы
  • 4 Ағымдық қару-жарағы
    • 4.1 Құрлық күштері
      • 4.1.1 Танктер
      • 4.1.2 Мотоәскер көліктері
      • 4.1.3 Сауытты көліктер
      • 4.1.4 Артиллерия
    • 4.2 Әуе қорғанысы күштері
    • 4.3 Әскери-теңіз күштері
  • 5 Сыртқы сілтемелер

Міндеттері

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.

Бейбiт кезеңде

Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:

  • әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
  • әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемллекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
  • маңызды әскери нысандарды күзету;
  • елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
  • халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.

Әскери доктринасы

Қазақстан аэроұтқыр әскері

Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.

  • 2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемле­кеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыс­тар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көз­қарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республи­касының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.

Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстан­ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республика­сы­ның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысу­шысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.

Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіп­сіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қа­зақстан Республикасының бейбітшілікке бейілді­лігін айқындайды, асимметриялық қатерлер­ге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.

  • Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байла­ныс­ты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Өңірлік қолбасшылықтар

Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы

«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ағымдық қару-жарағы

Құрлық күштері

Танктер

  • Т-72B- 650;
  • Т-62 - 280;

Мотоәскер көліктері

  • БМП-1 - 730;
  • БМП-2 - 500;
  • БТР-80А-90;
  • БТР-82-180;
  • БМПТ-10;

Сауытты көліктер

  • БТР-70/80 - 350;
  • БРДМ-2 - 260;
  • HMMWV - 51;
  • МТ-ЛБ - 180;
  • ГАЗ-2330 «Тигр» - 130;
  • БПМ-97 - 80;
  • БРМ-1К - 140;
  • Otokar Cobra - 30;

Артиллерия

Сүйретілетін артилерия

  • 122mm D-30 - 400;
  • 152mm 2А65 «Мста-Б» - 90;
  • 152mm 2А36 «Гиацинт-Б» - 180;

Моторлы зеңбіректер

  • 122mm Cemcep - 18;
  • 120mm Aibat - 18;
  • 122mm 2С1 «Гвоздика» - 120;
  • 152mm 2С3 Акация - 120;

Дүркін артиллерия

  • 120mm Naiza - 18;
  • 220mm БМ-27 Ураган - 180;
  • 122mm BM-21 - 150;
  • 300mm БМ-30 Смерч - 15;
  • 220mm ТОС-1А "Буратино" -15;

Әуе қорғанысы күштері

Толық мақаласы: Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштері Су-25 (Su-25)

Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды.

Мақсаттары:

  • Қазақстан Республикасының әуе шебі қорғанысын қамтамасыз ету
  • Мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан қорғау
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басқа құрылымдарына авиациялық көмек көрсету
Ұшақ Қызметте
С-130 2
CASA C-295 2
UH-1 4
МиГ-31 43
Mи-8/Ми-17 90
Ми-24V 42
Mи-26 12
Су-24 35
Су-25 31
Су-27/Су-23 34
Ту-154 7
МиГ-27 120
МиГ-29 73

Әскери-теңіз күштері

Толық мақаласы: Қазақстан Республикасы әскери-теңіз күштері

Сыртқы сілтемелер

  • Қарулы Күштер
  • Photogallery of kazakhi army
  • Kazakh armored forces parade (video)
  • Military drill in Kazakhstan (video)
  • Biz Türküz (Turkish union)
  • Kazakhstan army (video)
  • Kazakh - Turkish Brothers Storm
  • Kazakh army (!NO PASARAN!)
  • Kazakhstan Special Forces & Republic Guard (video)
  • Kazakhstan Special Forces (video)
  • Kazakh army, navy & air forces (video)
  • Kazakh Airborne (video)
  1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

қазақстан республикасы қарулы күштері


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Туралы Ақпарат

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері


  • user icon

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бұл, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері кім, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...