Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі


Президенттік Республика

Ресми резиденциясы

Үкімет Үйі

Кандидатура ұсынылады

2 сәуір 2014 жыл

Тағайындалды

2 сәуір 2014 жыл

Сайты

pm.kz


Қазақстан Республикасының Премьер-МинистріҚазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес атқарушы биліктің (Үкімет) басшысы. Атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. ПМ өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

  1. Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді;
  2. Үкімет қаулыларына қол қояды;
  3. Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке баяндап отырады;
  4. Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.

Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап береді.

Республиканың Премьер-Министрі Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.

Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.

Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды.

Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.

Мазмұны

  • 1 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрлерi
  • 2 Тағы қараңыз
  • 3 Сыртқы сілтемелер
  • 4 Дереккөздер

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрлерi

Алаш автономиясы

  • Әлихан Бөкейханов (1917 жыл желтоқсан — 1920 жыл наурыз);

Қазақ КСР

  • Виктор Радус-Зенкович (1920 қазан — 1922);
  • Сәкен Сейфуллин (1922-1925);
  • Нығмет Нұрмақов (1925-1929);
  • Ораз Исаев (1929-1937);
  • Нұртас Оңдасынов (1937-1951);
  • Ибрахим Тәжібаев (1951);
  • Елубай Тайбеков (1951-1955);
  • Дінмұхамед Қонаев (1955-1960);
  • Жұмабек Тәшенов (1960-1961);
  • Сәлкен Дәуленұлы Дәуленов (1961-1962);
  • Дінмұхамед Қонаев (1962-1964);
  • Мәсімхан Бейсебаев (1964-1970);
  • Бәйкен Әшімов (1970-1984);
  • Нұрсұлтан Назарбаев (1984-1989);
  • Ұзақбай Қараманов (1989-1991);

Қазақстан Республикасы;

  • Сергей Терещенко (1991—94);
  • Әкежан Қажыгелдин (1994—97);
  • Нұрлан Балғымбаев (1997—99);
  • Қасым-Жомарт Тоқаев (1999—2001);
  • Иманғали Тасмағамбетов (2001—03);
  • Даниал Кенжетайұлы Ахметов (2003—07);
  • Кәрім Мәсімов (қаңтар 2007 ж. - 24.09.2012);
  • Серік Ахметов (24.09.2012-2014).

Тағы қараңыз

Толық мақаласы: Қазақстан Республикасының Үкіметі

Сыртқы сілтемелер

  • Үкімет торабы

Дереккөздер

  1. ↑ ҚРК, 5 тарау


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Туралы Ақпарат

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі


  • user icon

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бұл, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі кім, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...