Sat . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қазақстандағы транспорт

қазақстандағы транспорт онлайн, қазақстандағы транспорт одессы
Қазақстандағы көлік (транспорт) өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде.

Мазмұны

Темір жол көлігі

Толық мақаласы: Қазақстандағы темір жол көлігі

Қазақстан үшін темір жол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда темір жол барлық жүк тасымалы айналымының 68%, ал жолаушы тасымалының 57% қамтамасыз етуде.

Қазақстан темір жолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның темір жол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і Ресеймен, 2 Өзбекстанмен, 1 Қырғызстанмен, 2 Қытаймен). Қазақстан мен Ресейдің темір жол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты.

Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км темір жол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда.

Автомобиль көлігі

Алматыдағы Сайран автобекеті

2011 жылдың мамырына сәйкес Қазақстанда 3 264 400 жеңіл автокөлік тіркелген. Қазақстанның автокөлік тас жолдарының ұзындығы 96 мың км-ден асады. Олардың көп бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Қазақстан арқылы жалпы ұзындығы 23 мың км болатын 5 халықаралық автокөлік бағыттары өтеді. Автокөлік магистарлдары:

  • Алматы — Астана — Қостанай (М-36 трассасы), Челябинскке шығады;
  • Алматы — Петропавл, Омскке шығады;
  • Алматы — СемейПавлодар (М-38 трассасы), Омскке шығады;
  • Алматы — Шымкент (М-39 трассасы), Ташкентке шығады;
  • Шымкент — АқтөбеОрал (М-32 трассаы), Самараға шығады.

2009 жылы Қазақстан аумағында «Батыс ЕуропаБатыс Қытай» автомагистралінің құрылысы басталды. Оны 2015 жылы аяқтау жоспарлануда. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км құрайды, оның 2787 км-і Қазақстан аумағы арқылы (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары) өтеді. Жолдың асфальтбетонды жабынының қалыңдығы 80 см, автомагистральдің күрделі жөндеусіз жұмыс істеу мерзімі 25 жыл, шекті қозғалыс жылдамдығы — 120 км/сағ. Жобады кейбір өзендер үсті арқылы көпірлер, екі деңгейлі жол айрықтары, жол-қолданбалы комплекстер, аялдама алаңдары, мал өткізу орындары, электронды таблолар қарастырылған. Құрылыспен бір мезгілде трасса бойындағы кейбір аудандарда жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөндеуден өтпек.

Әуе көлігі

Air Astana әуе компаниясының Boeing 757 ұшағы Суварнабхуми әуежайында, Бангкоке (Таиланд) Халықаралық Алматы әуежайында

Қазақстанның үлкен географиялық аумағына байланысты әуе кқлігі үлкен рөлге ие және оны алмастырар басқа көлік түрлері жоқтың қасы. Қазақстанда 22 ірі әуежай бар, оның 14-і халықаралық рейстерге қызмет атқарады. Әуежайлардың көбісінің қызметі аса жүкті емес, республиканың аэронавигациялық тасымалдау қоры қазіргі таңда өз мүмкіндігінің бестен бір бөлігінде ғана қолданылуда. Осы сала үшін Еуропа және Азия арасындағы транзиттік жүк және жолаушы тасымалы аса маңызды. Air Astana Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы болып табылады.

Соңғы ірі инвестициялық жобалар:

  • Астана қаласындағы жаңа әуежайлық комплекстің құрылысы;
  • Атырау қаласының әуежайындағы жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы;
  • Алматы әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы;
  • Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі;
  • Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі;
  • Ақтау әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы.

Қазақстандағы әуежайлық ақша жиналымы мен әуе билеттерінің бағалары Ресей мен Батыс Еуропа елдерніе қарағанда жоғары емес, бұл елдегі әуе көлігінің дамуын тежеуде.

Су көлігі

Қазақстанның кеме жүруіне ашық су жолдарының ұзындығы 3982 км. Кеме жүруіне жарамды су жодары: Ертіс, Сырдария, Жайық, Қиғаш, Іле және Есіл өзендері (Петропавл су қоймасынан бастап), Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Қапшағай су қоймалары, Балхаш және Зайсан көлдері.

Каспий теіңзң арқылы Қазақстан Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменстанмен байланысады. Ресей өзендері мен кеме жүретін каналдар арқылы Қара және Балтық теңіздерімен, одан ары Батыс Еуропа елдерімен байланысады.

Ақтау порты Қазақстанның суы қатпайтын жалғыз теңіз порты болып табылады. Ол халықаралық су жолдарындағы стратегиялық маңызға ие.

2007 Қазақстан тарапынан Ресейге Каспий теңізі мен Азов-Қаратеңіз бассейнін тікелей қосуға бағытталған Еуразия каналын ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен болатын. Жоба жүзеге асса, Қазақстан Ресей арқылы халықаралық теңіз жолдарына шығуға мүмкіндік алып, сол арқылы теңіз державаларының бірі аталуы мүмкін.

Карталар

  • UN Map
  • reliefweb map

Дереккөздер

  1. ↑ Количество легковых автомобилей в Казахстане
  2. ↑ ЗАПАДНАЯ Еуропа И ЗАПАДНЫЙ КИТАЙ ВСТРЕЧАЮТСЯ НА ЗЕМЛЕ СЫРА
  3. ↑ Всенародная стройка набирает обороты. Завершился пресс-тур по объектам международного транзитного коридора
  4. ↑ Официальный сайт автомагистрали «Западная Еуропа-Западный Китай»
  5. ↑ Полет шмеля или особенности национальной авиаперевозки
  6. ↑ Казахстанские аэропорты являются самыми дорогостоящими в мире
Қазақстан тақырыптарда

Елтаңба • ТуӘнұранМемлекеттік құрылымКонституцияПарламентӘкімшілік бөлініс • География • Қалалар • Елорда • Халқы • Тілдер • ТарихЭкономикаВалютаМәдениетДін • Кинематограф • ӘдебиетМузыка • Мейрамдар • СпортБілімҒылымТранспортТуризмПоштаҒаламтор • Қарулы күштер • Сыртқы саясат
Үкімет • Металлургия
Портал «Қазақстан»

 

қазақстандағы транспорт одессы, қазақстандағы транспорт онлайн, қазақстандағы транспорт тернополя, қазақстандағы транспортный


Қазақстандағы транспорт Туралы Ақпарат

Қазақстандағы транспорт


  • user icon

    Қазақстандағы транспорт beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қазақстандағы транспорт
Қазақстандағы транспорт
Қазақстандағы транспорт Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қазақстандағы транспорт бұл, Қазақстандағы транспорт кім, Қазақстандағы транспорт сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...