Tue . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Янцзы

янцзы википедия, янцзы река
Үлгі:Карта/Бк/H

Еңістігі 0 м/км Орналасуы Ел Қытай

Янцзы, (長江|长江, Cháng Jiāng, Чанцзян) - "ұзын өзен" кейде "көк өзен" (ағылш. Blue River) немесе "сары өзен" деп еуропалықтар аударады– Еуразия құрлығындағы ең ұзын және мол сулы өзен, Қытай жерінде. .

Мазмұны

  • 1 Географиялық сипаттамасы
  • 2 Тармақтары
  • 3 Орта айлық су шығыны (64 жылдың мәліметтері бойынша)
  • 4 Янцзы өзеніндегі ірі қалалар
  • 5 Сілтемелер
  • 6 Дереккөздер

Географиялық сипаттамасы

Ұзындығы 5800 км, су жиналатын алабының аумағы 1808,5 мың км2.

Бастауын Тибет таулы қыратының орталық бөлігіндегі 5500 метр биіктіктегі Тангла және Кукушили жоталарындағы мұздықтардан алып, Шығыс Қытай теңізіне атырау жасап (ауданы 80 мың км2) құяды.

Янцзы аңғар, арна және ағын ерекшеліктеріне қарай 3 бөлікке бөлінеді:

  • жоғарғы ағысы – бастауынан Ибинь қаласына дейін (2700 км),
  • орта ағысы – Ичан қаласына дейін (1020 км)
  • төмен ағысы – атырауына дейін (2080 км).

Жоғары ағысында терең, тар шатқалмен су құлама жасап ағады, еңісі 5 мың метрден асады.

Орта ағысы қырқалы Сычуань қазаншұңқыры және қатпарлы жоталар үстімен өтеді, еңісі 251 метр, орташа ені 300 – 600 метр, шатқалдардағы тереңдігі 80 – 110 мтр, ағыс жылдамдығы 5 – 7 м/с.

Төмен ағысы аллювийлік Цзянхань және Солтүстік Қытай жазығының оңтүстік бөлігімен ағады. Еңісі 80 метр, орташа ені 600 метрден 2 км-ге дейін, ағыс жылдамдығы 1 м/с. Ірі салалары Ялунцзян, Миньцзян, Цзялинцзян, Ханьшуй (Цзюйхэ). Оң жақ жағалауындағы Дунтинху, Поянху көлдері өзеннің су ағысын реттеп отырады. Орташа су ағымы 34 мың м3/с; су режимі муссондық; жазда су деңгейінің ауытқу шегі жазық бөлігінде 10 метрге дейін көтеріледі. Янцзы және оның салаларында су тасқынынан қорғану үшін ұзындығы 2,7 мың км-дей көтерме бөгеттер (дамбылар) тұрғызылған. Өзеннің тек жоғары бөлігі ғана қатады, 2850 км бойы кеме жүзеді. Төмен бөлігі Ұлы каналмен жалғастырылған. Теңіз суының көтерілуі сағасынан 700 км-ге дейін таралады. Янцзы жыл сайын 280 – 300 миллион тонна тасындылар мен тосқындарды шайып әкетеді. Егістік (негізінен күріш алабы) суаруға пайдаланылады. Янцзы – Қытайдың басты су магистралі. Алабындағы су жолының жалпы ұзындығы 17 мың км. Өзен бойында Нанкин, Ухань, Чунцин, Чэнду, т.б. өнеркәсіп орталықтары, атырауында Шанхай қаласы орналасқан. .

Тармақтары

Янцзы тармағында 700 өзен бар. Ең ірілері:

  • Ялунцзян
  • Миньцзян
  • Цзялинцзян
  • Туо
  • Ханьшуй (Цзюйхэ)

Орта айлық су шығыны (64 жылдың мәліметтері бойынша)

Янцзы өзеніндегі ірі қалалар

  • Паньчжихуа
  • Ибинь
  • Лучжоу
  • Чунцин
  • Ичан
  • Цзинчжоу
  • Шаши
  • Шишоу
  • Юэян
  • Сяньнин
  • Ухань
  • Эчжоу
  • Хуанши
  • Хуанган
  • Чаоху
  • Чичжоу
  • Цзюцзян
  • Аньцин
  • Тунлин
  • Уху
  • Хэфэй
  • Чучжоу
  • Мааньшань
  • Тайчжоу
  • Янчжоу
  • Чжэньцзян
  • Нанкин
  • Нантун
  • Шанхай
Янцзы Нанкин қаласының тұсында Таңгула мұздықтары өзен қайнар көзі болып табылады

Сілтемелер

  • Нанкин

Дереккөздер

  1. ↑ Schuessler, Axel (2006), ABC Etymological Dictionary of Old Chinese, Abc Chinese Dictionary Series, University of Hawaii Press, p. 306, ISBN 0824829751, http://books.google.com/books?id=nIvqAC7FNBQC&pg=PA306 
  2. ↑ Янцзы в БСЭ
  3. ↑ Room, Adrian (2003), , McFarland, ISBN 0786418141, http://books.google.com/books?id=PzIer-wYbnQC&pg=PA395 
  4. ↑  (қыт.) Accessed 2010-09-10
  5. ↑ Three Gorges Dam, China : Image of the Day. earthobservatory.nasa.gov. Тексерілді, 3 қараша 2009.
  6. ↑ International Rivers, Three Gorges Dam profile, Accessed August 3, 2009
  7. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

янцзы, янцзы википедия, янцзы картинки, янцзы колледж, янцзы новосибирск, янцзы река, янцзы река карта


Янцзы Туралы Ақпарат

Янцзы


  • user icon

    Янцзы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Янцзы
Янцзы
Янцзы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Янцзы бұл, Янцзы кім, Янцзы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...