Thu . 20 Feb 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Эскимостар

эскимостар
Эскимостар - (өзд. атауы –ᐃᓄᐃᑦ- инуит) – этникалық қауымдастық, АҚШ, Канада, Дания, Ресей мемлекеттерінің солт. аймақтарын мекендейтін халықтар тобы. Жалпы саны 112 мың адам (2005). Антропол. жағынан үлкен моңғол нәсілінің арктик. (эскимостық) тобына жатады. Бірнеше тілдік этномәдени қауымдастықтан тұрады. Оны ғалымдар инупик және юпик топтарына бөлген. 18 ғ-да бірқатар топтары христиандықты қабылдағанымен, ұзақ уақытқа дейін дәстүрлі наным-сенімдерін сақтап келді. Этнос ретінде бұдан 5 мың жыл бұрын Беринг т. маңында қалыптаса бастады да кейіннен солт. жағалаулар бойынша батыс пен шығысқа қарай таралды. Сан ғасырлар бойы Арктикадағы өмірге бейімделіп, теңіз кәсібімен айналысқан. Аң аулауға ұшы қайырылған гарпун, қайық (каяк) қолданады. Эскимостардың морж, кит, түлен, карибу-бұғысы, т.б. жануарларды ежелден-ақ аулап келді. Күмбез тәрізді баспаналары (иглу) қардан тұрғызылған. Тағамға ет, балық, теңіз омыртқасыздарын пайдаланады. 20 ғ-дағы күрделі үрдістерге сай Эскимостарөздері тұратын елдердің мәдениетін, тілін және тұрмысын қабылдап, ассимиляцияға ұшырай бастаған. Г. Есбатырқызы

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

эскимостар


Эскимостар Туралы Ақпарат

Эскимостар


  • user icon

    Эскимостар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Эскимостар
Эскимостар
Эскимостар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Эскимостар бұл, Эскимостар кім, Эскимостар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...