Wed . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Эндемик

эндемик это, эндемик
Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар.

Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды.

Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.

Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т.б.

Тек республика аумағында ғана кездесетін жануарлардың Эндемик түрлеріне – Түркістан шаяны, Балқаш алабұғасы, Жетісу бақатісі, Қарабалық, Іле жорға торғайы, Көкқұс, Арал қаязы, Шу сүйрік қанаты,Тарғақ, Жұпар, Қаратау арқары, Жалман, т.б. жатады. Эндемик түрлердің көпшілігі сирек кездесетіндіктен, әрі ғылыми тұрғыдан толық зерттелмегендіктен Қазақстанның “Қызыл кітабына” (1981, 1996, 2006) енгізілген. Мұндай Эндемик түрлер қатаң қорғауды қажет етеді. Р. Сәтімбекұлы

Дереккөздер

  1. ↑ Әдеб.: Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары, А., 2006.
  2. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

эндемик, эндемик это, эндемики австралии, эндемики азовского моря, эндемики германии, эндемики евразии, эндемики крыма, эндемики растения это, эндемики цветы австралии, эндемики южной америки


Эндемик Туралы Ақпарат

Эндемик


  • user icon

    Эндемик beatiful post thanks!

    29.10.2014


Эндемик
Эндемик
Эндемик Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Эндемик бұл, Эндемик кім, Эндемик сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...