Wed . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Экспорт

экспорт это, экспорт импорт гэж юу вэ
Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты – капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ “ноу-хау” нысанында) орналастыру. Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚ қызметтер көрсету және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды табыстау сәтінде тіркеледі. Тауарларды елдің кеден аумағынан әкетпей жасалған‚ атап айтқанда‚ шетелдік тұлғаның елдегі тұлғадан сатып алуы, қайта және қайта өңделген тауарды кейіннен шетелге әкету үшін оны елдегі тұлғаға табыстау кезінде жасалған жекелеген коммерц. операциялары тауар экспортына теңестіріледі. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында экспорт халықар. экон. ынтымақтастық пен еңбек бөлінісінің негізгі нысаны болып табылады. Сондай-ақ экспорт импорттың материалдық алғы шарты‚ өйткені ол импортқа төлеудің және сыртқы қарыз бойынша есеп айырысудың негізгі көзі.

Мазмұны

  • 1 Тауардың экспорттық құны
  • 2 Экспорттық баж / Әкетілім бажы
  • 3 Экспорттық несие
  • 4 Экспорттық лизинг
  • 5 Экспорттық әлеует
  • 6 Экспорттық детаксация
  • 7 Экспорттық кредиттер
  • 8 Экспорттық сыйлықтар
  • 9 Дереккөздер

Тауардың экспорттық құны

Тауардың Экспорттық Құны - шетелдік сатып алушыға ұсынылған шот бойынша айқындалатын құн, мұнда белгілі бір тауарлардың өткізілуіне байланысты шетелдік валюта түріндегі үстеме шығындар шегеріп тасталады.

Экспорттық баж / Әкетілім бажы

Экспорттық баж / Әкетілім бажы — тауарлар экспорты кезінде мемлекет өндіріп алатын кеден бажы; елдің ішінде үлкен сұранымға ие өнім тапшылығына жол бермеу мақсатымен белгіленеді. Баждың мұндай түрінің шамасын белгілеу кезінде бұрын төленген сатудан алынатын салықтар мен акциздік алымдардың мөлшері ескеріледі.

Экспорттық несие

Экспорттық несие - тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатылымын қаржыландыру мақсатымен шетелдік сатып алушыларға немесе олардың банкілеріне берілетін несие; экспортты ынталандыру құралы. Импортшылар мен экспортшылар несиені тікелей өздерінің шетелдік контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрсетуші банкілерден алады. Ол әрқашанда сыртқы сауда келісімшартын жасасу жолымен беріледі. Оның мөлшері, мерзімі, құны, пайыз төлеу және өтеу шарттары экспортшы және импортшы елдердің экономикалық және саяси жағдайына, тауардың түріне және тараптардың өзара қатынастарының сипатына қарай айқындалады.

Экспорттық лизинг

Экспорттық лизинг - лизингілік компания ұлттық фирмадан жабдық сатып алатын, сонан соң оны шетелдегі жалгерге беретін мәміле.

Экспорттық әлеует

Экспорттық әлеует - елдің ұлттық шаруашылығының сыртқы нарық үшін бәсекелесуге жарамды өнімді қажетті мөлшерде өндіру қабілеті; елдің игерілген табиғат байлықтарының, сыртқы нарықтың қажеттерін қанағаттандыруға бағдарланған экономикалық және өндірістік мүмкіндіктерінің жиынтығы. Халық шаруашылығының сыртқы рынокта бәсекеге түсе алатын өнімнің қажетті көлемін өндіру жөніндегі экономикалық қабілеті; елдің игерілген табиғат байлықтарының, экономикалық және өндірістік мүмкіндіктерінің жиынтығы.

Экспорттық детаксация

Экспорттық детаксация - сыртқы рынокқа шығаруға арналған өнімдерге салынатын жанама салықты кеміту немесе мүлде салмау.

Экспорттық кредиттер

Экспорттық кредиттер - тауарлар мен қызметтердің сатылуын қаржыландыру мақсатында шетелдік сатып алушыларға немесе олардың банктеріне берілетін несие; экспортты көтермелеу құралы.

Экспорттық сыйлықтар

Экспорттық сыйлықтар - тауарларды шетке шығаруды кеңейту үшін мемлекетгік органдар экспорттаушыларға беретін қаржы жеңілдіктері.

Дереккөздер

  1. ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  2. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9


экспорт, экспорт закладок хром, экспорт импорт, экспорт импорт гэж юу вэ, экспорт меда из украины, экспорт нефти, экспорт это, экспорт японии, экспортал инструкция, экспортыг дэмжих төсөл


Экспорт Туралы Ақпарат

Экспорт


  • user icon

    Экспорт beatiful post thanks!

    29.10.2014


Экспорт
Экспорт
Экспорт Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Экспорт бұл, Экспорт кім, Экспорт сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...