Thu . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Эгей мәдениеті


Эгей мәдениеті, Крит-Микен мәдениеті – б.з.б. 3 – 2-мыңжылдықта Эгей архипелагы мен Грекия құрлығын мекендеген Крит тайпалары мәдениетінің шартты атауы. Эгей мәдениетінің басты орталықтарын зерттеуші ғалымдар Г.Шлиман Микеннен (19 ғасырдың 70-жылдары), А.Эванс Кностан (1900 – 20) тапқан. Ғалымдар Эгей мәдениетін 3 кезеңге бөледі. Ерте миной кезеңі (б.з.б. 3000 – 2200 жылы шығарылған) энеолит дәуірінен өтіп, қола еңбек құралдарының кеңінен таралуымен және рулық қатынастардың ыдырауымен сипатталады. Бұл кезеңде қала тектес елді мекендер пайда болды, мал шаруашылығы, теңізде жүзу өріс алды. Орта миной кезеңінің (б.з.б. 2200 – 1600 жылы шығарылған) басында Саргон (Ассирия патшасы) әскерлерінің Критті уақытша жаулап алуына қарсы күрес нәтижесінде Крит мемлекеті пайда болды. Кнос қаласы оның орт-на айналды. Кноста сәнді сарайлар салынып, олардың қабырғалары таспен өрілген ағаш бағаналардан тұрғызылды. Қазба жұмыстары мұнда тұрғын бөлмелер мен қонақ қабылдайтын бөлмелер, қоймалар, қолөнер шеберханалары, су құбыры, канализация болғандығын дәлелдейді. Қабырғаларында жер бедерін, жан-жануарларды, дельфиндерді, өсімдіктерді, сондай-ақ тұрмыс көріністерін бейнелейтін суреттер салынған. Бұл кезде қыш, темір ыдыстар жасалды. Тас таңбалар мен балшықтан жасалған тақталарда пиктографиялық жазу дамыды. Орта миной кезеңінің ақырына қарай линейный жазуға ауыса бастады. Крит жазулары әзірге оқылған жоқ. Кнос пен Фест мұрағатынан табылған пиктографиялық тақталар шаруашылықтың әр алуан болғандығын және бұл кезде Криттің, ертедегі Шығыс елдері сияқты құл иеленуші мемлекет болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ өнер ескерткіштері әйелдердің қоғамдық өмірде үлкен рөл атқарғанын байқатады. Тиринф сарайында су құбыры, ванна болғаны анықталды. Микенде алтыннан, күмістен, қоладан жасалған қару-жарағы бар патша табыты табылды. Оның бірінен Крит торевтикасының үздік шығармасы – алтын, күмістен жасалған өгіз бейнесі және қылыш табылды. Монументті ескерткіштерден Микенде ерекше көзге түсетіні – тастан өрілген “Атрея қазынасы” (биіктігі шамамен 15 м). Оның дөңгелектеп салынған 34 құрылысы аса күрделі. Байлық пен қуаттылықты танытатын сән-салтанатты сарайлар Микенде әскери басшылардың үстем болғандығын және жергілікті тайпаларда алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырағандығын көрсетеді. Кейінгі миной кезеңінде ақсүйектер қабылдаған Эгей Мәдениеті, оның діні мен өнері жергілікті Ахейя тайпасының қарапайым мәдениетіне ауысты. Б.з.б. 16 ғ-асырдан кейінгі кезеңде елге көршілес дорий тайпаларының басып кіруіне байланысты Эгей мәдениеті құлдырай бастады. Дегенмен ол кейіннен осы өңірде Эллада мәдениетінің дамуына негіз болды.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;



Эгей мәдениеті Туралы Ақпарат

Эгей мәдениеті


  • user icon

    Эгей мәдениеті beatiful post thanks!

    29.10.2014


Эгей мәдениеті
Эгей мәдениеті
Эгей мәдениеті Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Эгей мәдениеті бұл, Эгей мәдениеті кім, Эгей мәдениеті сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Гидроэлектрстанцияларының Ангарск каскадыны - Ресейдегі гидроэлектростанциялардың ең үлкен кешені. И
Мякинино (Мәскеу)

Мякинино (Мәскеу)

XVIII ғасыр Қосылу сәтіндегі жағдай Кунцево Метро станциялары Мякинино, Крылское, Шукинск
Красноярск діни семинариясы

Красноярск діни семинариясы

күшіне ретінде орыс православиелік шіркеуінің Красноярск епархиясының бір жоғары оқу орны, 1895 жылғ