Tue . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ысты

ыстык уя, ысты руы
Ыстылардың ежелгі этникалық тарихы, оның үстіпе этногенезі жайында айтудың жөні келмейді. Өйткені, көне деректерде ол туралы ештеңе жоқ. Тек Фахреддин Мүбәракшахтың «Тарихында» XIII ғасырда қазіргі Қазақстанның жерінде басқа рулармен көшіп-қонып жүргеп Ысты руының Тілік тұқымы туралы сілтеме бар. Сол мәліметке сүйеніп, В. Востров «ЬІсты рулары Шу мен Талас өзендерінің арасын мекендеп, XV ғасырда Қазақ хандығының құрамына еніп, ал сонан соң басқа рулар мен аталарға еріп, шығысқа жылысып, Іленің сол жағасына қоныс тепті» деп атап өтеді. Ысты руы туралы орыс деректерінде алғашқы мәліметтер А. И. Тевкелевтің Ұлы жүз руларын санамалаған еңбектерінде, сонымен қатар Ұлы жүзді Ресей боданына алу туралы Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің қол қойған өтінішінің тізімінде еске алынады, онда Ысты Ойық және Тілік деп екіге бөлінеді. Әйтсе де бұл мәліметтерді В. Востров өз зерттеуінде келтіреді. Ыстының түп-негізі туралы бергі әдеби деректер де бар. Оған ең алдымен қырғыздардағы жер пайдалану туралы Н. Аристов, М. Тынышбаев және В. Востровтың жарияланымдарын жатқызуға болады. Осылардың бәрін есептей келіп, әдеби деректерді біздің зерттеуімізбен салыстыра отырып, Ысты руының толық тегін жасауға мүмкіндік туды (№ 7 қосымшаны қараңыз). Ең білікті мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны 1909 жылы туған (Ойық) Жаңабай Балтабаев; Жамбыл облысы, Сарысу ауданының тұрғыны 1895 жылы туған (Ысты) Орынбай Тұрысбеков; Алматы облысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаев; Алматы об лысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Шапырашты) Ыдырыс Сүлейменов; Шымкент облысы, Төрткүл ауылының тұрғыны 1888 жылы туған (Қараңойлы) Қожатай Төлеков және басқалар. Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, Ысты Бәйдібекке немере, ал Бәйдібектің өзі Үйсінге шөбере болып келеді. Соған сәйкес Бәйдібек Ұлы жүздегі жеті рудың (Сарыүйсін, Дулат, Албан, Суан, Ысты, Ошақты және Шапырашты) атасы. Аңызға қарағанда ЬІсты Жәлменденің екінші әйелі Сландыдан (бұрынғы күң) туады.

Шежіре бойынша Ысты екі ата: Ойық пен Тілікке тарайды. Ойықтан төрт тармақ: Есім, Малай, Таз, Құлаышы. Есімнен Алакөз атасы шығады. Малайдан Бәйтік, Сүйіндік, Қалжан, Қара мен Жантүгел; Таздан Әлмамбет, Байменбет мен Сарыкемпір; Құланшыдан Амантай мен Жамантай. Тілік руы бірнеше тармақ: Тазша, Таздар, Асанқараған, Сексен, Байқараған, Қоңыр, Жырымсыз бен Ақмолда. Қоңырдан Ахметей, Құралай мен Қамыс. Ахметейдің үш ұлы бар: Қожамқұл, Сүйші. Қозықырған. Қожамқұлдың жеті ұлы болды: Өтес, Бойша (Тойбай), Шөтен, Сартақ, Айдарбек, Қолсадақ (Алай, Байшехан ), Қожансүгір. Құралайдан екі ұл: Аққойлы, Қарақойлы. Соңғыдан Төбе би, өдан Қарақораз бен Жайлау, соңғыдан Көглей (Рүстем) мен Когдімбет (Әжі, Наурызбай, Томай). Ақмолда атасы беске бөлінеді: Есеншора, Ожырай, Боқмұрын, Итаяқ, Сүлгетай. Соңғыдан Бекбауыл, Төртсары, Итемген, Көзтаңбалы (№7 қосымшаны қараңыз). Үрім-бұтақтың кестесінде көрінгендей, көптеген аталар, тармақтар мен ұрпақтарға келгенде, деректер жетпегендіктен көп жайды таратып бере алмадың. Соган қарамастан, біз ұсынып отырған ата-тек тарату Ысты рулары, оның рулың құрылымы жайыпда недәуір толық түсінік береді. Ыстының рулық жауынгерлік ұраны «Жауатар», ал таңбасы | (көсеу). Бұл ұран мен таңбаны бізге белгілі бүкіл әдеби деректер бір ауыздан мақұлдайды.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ысты рулары үш уезде: Верный (Жетісу), Әулиеата мен Шымкентте (Сырдария) қоныстанды. Н. Аристовтың көрсетуінше, бұл уақытта Верный мен Әулиеата уездерінде 1500 шаңырақ, ал Шымкентте 3500 шаңырақ, М. Тынышбаевтың мәліметі бойынша 1917 жылы Ыстылар Верный уезінде 10 мың жан, Әулиеатада 20 мың, Шымкентте 20 мың жан болса, бұл өлкеде барлығы 50 мың жан Ысты түтін түтетіп отырды. Бұл мәліметтер, әрине, бұлтартпайтын дәлел болмаса да, үш уездегі ола рдың қоныстапуы туралы біршама түсінік бере алады. Мәселен, Верный мен Әулиеата уездерінде Ойьщ руының көптеген өкілдері қоныс тепсе, ал Шымкент өңірінде Ысты руының Ойық та, Тілік те аталары қанат тас өмір сүріп жатты. Демек, бұл Ойың руы сан жағынан Тілік руынан басым түсіп жатқанын көрсетеді. Верный уезінде тұратын Ойықтың әр түрлі қауымы негізінеп үш жерге топтасты. Бірінші топ Іленің төменгі ағысында Жалайыр руының Байшегір атасымен араласыпқүраласып, Астау, Қара, Көкібай құмында, Маңдай, Құдық, Қарағайқұдық шатқалында, Топар мен Көкталдың Ілеге құятын тармағында, Көкшекпен, Киікбай, Байтайлақ, Бескемпір мен Шоғырлы қойнауында тұрып жатты.

Ойық руының қауымдастығының екінші тобының Аңырақай тауының етегі, Жыңғылды, Еспе, Ашқұдық пен Қопалы өзені аңғарынд ағы Айтақсай, Райсай, Құрмансай, Қарасай шатқалдарында қыстаулары болды. Ойың руының қауымдастығының үшінші тобы уездің ең қиыр оңтүстігінде Кіші Алматы, Тереңқарасу мен Исатайқарасу өңірінде қыстады. Күзеу мен көктеулері Қарой шатқалының маңайында болды. Бұл топтың көптеген малшылары жайлауда тауға кетіп, баз біреулері қыстаудың қасын төңіректеп қалды. Бұл топтардың қауымдастығы қай жерде болса да, олардың әр қайсысы жалпылай ортақтасып пайдаланатын жайылымы мен шағын жері болды. Мал өсіріп, егін салды. Әулиеата уезіндегі Ойың руы қауымдастығының тобы, негізінен екі жерде тұрақтады. Бір тобы Шу өзенінің төменгі жағында, сол жағалау ды Шымкент уезінің шекарасына дейін жайлап, төлеңгіттер және дулаттармен қанаттас қоныстанды.

Мейлінше шоғырланған екінші тобы Талас өзені ағысының ортасында екі жағалауда: Ащыкөл мен Ақкөл көлдерінің атырабыида, сөнымен қатар Әулиеата айналасында өмір сүрді. Ойық руыиың бұл қауымдастығының топтары суармалы жерді баптап, оған қоса төрт түлік өсіріп, отырықшы және жартылай отырықшы күн кешті. Дәулетті шаруашылықтар жайлауы алыстағы Қаратау қойнауына немесе Алатау аясына еніп кететін. Дәнді дақылдар егіп, баубақшамен айналысты. Шымкент уезінің жерінде Ысты руының Ойық және Тілік аталары кең тараған. Егер Верный мен Әулиеата уездерінде тек Ойықтар тұрса. Шымкент уезінде Ойықтан басқа Тіліктер де қоныстанды. Айта кету керек, бұндағы Ойықтар саны аз болса, Тіліктер Ысты жұртының шамамен үштен төрт бөлігін құрады. Ойық қауымдастығының шағын тобы Шымкенттің батыс жағында Арыс өзенінің сол жағасында, Сырдарияның оң жағасында қыстайтын Жаныс қыстаула рына дейін барып жүрді. Ысты руы қауымдастығы Тілік атасының үлкен екінші тобы Әулиеата уезінің шығыс шекарасына дейінгі орасан үлкен алқаптағы Боралдай, Бөген, Шаян, Мыңбұлаң, Арыстанды, Шалдыөзек пен Қарабас өзендерінің бойында орналасты. Бұнда Қызылжар, Ақтас, Қайнар, Майбұлақ шатқалдары бар еді. Бұл осы өлкені жайлаған Ысты руы Тілік аталарының ең саны көп, шоғырланып отырған тобы болатын. Ысты руының Тілік атасы қауымдастығының шағын тобы Шу өзенінің сол жағалауында солтүстік шекарага дейін көшіп-қонып жүрді. Тіліктердің қыстаулары Шу өзені мен батыста Мойынқұм құмының шегіне дейін жетіп, шығыста солтүстік-шығыс бұрыштағы Төлеңгіттермен қоңсы қонды.

Ысты руының бұл қауымдастарының тобы өз ағайындары сияқты отырықшы және жартылай отырықшы болып күн кешіп, мал өргізіп, суармалы жерлерді игерді. Егістік қыстау қасындағы өзендер жағасында, күзеулер мен көктеулер де алысқа кетпей, Мойынқұм маңайында болатын. Жазғы жайлау Қаратаудың теріскейі мен күнгейінде Қазығұрт беткейінде орналасты. Сонымен, Іле, Шу, Талас, Арыс және өзге де оңтүстік өзендерінің жағасын жайлаған Ысты руының қазақтары қысқа қарай түндігі ашық бірнеше қанатты шошала тігетін. Оларды қамыстан, тас пен шикі кірпіштен тұрғызатын. Бұл үйлер ортал ықтағы ошақпен немесе бұрыштағы қазандықпен жылытатын. Жылытатын пешті ілуде біреу болмаса, көпшілігі білген жоқ. «Жатақ» аталатын жарлыжақыбайлар, көбінесе, жеркепелерде тұрды. Ысты руының малы көп ірі байлары Қызылқұм мен Мойынқұм құмдарын жиі қоныс аударып мекендеді, жазда да, қыста да ыңғайлы киіз үй тұтынды.

Ысты – ортағасырлық бекініс. Тұрар Рысқұлов ауданы, Сөгеті а-ның аум-нда орналасқан. Алғаш рет 1936 ж. КСРО ҒА Қазақстан филиалы мен материалдық мәдениет тарихы ин-ты жасақтаған Жетісу археол. экспедициясы (жетек. А.Н. Бернштам) тауып, зерттеген. 1977 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану музейінің археол. экспедициясы (жетек. А.П. Попов) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жобасы шаршылы келген, жан-жағы 70 м, екі бөліктен (қабаттан) тұратын, биікт. 1 м төбе. Үстінен жинастырылған материалдар: шарықта жасалған, ақ ангобпен көмкерілген қыш ыдыстар сынықтары. Сондай-ақ, көл. 40×40×7 см күйдірілген кірпіш табылған. Алынған материалдарға қарағанда Ысты бекінісін тұрғындары 8 – 12 ғасырларда мекендеген.

Сілтемелер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
  2. Тараз Энциклопедиясы

ысты, ысты руы, ыстык кол, ыстык куль, ыстык уя, ыстық бұлақтар, ыстық желім, ыстық көл, ыстық орындық, ыстық ұя


Ысты Туралы Ақпарат

Ысты


  • user icon

    Ысты beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ысты
Ысты
Ысты Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ысты бұл, Ысты кім, Ысты сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...