Sat . 20 Apr 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Шәуілдір

ауа райы шәуілдір
Шәуілдір – ауыл, Отырар ауданының (1934 жылдан), ауылдық округ орталығы.

Облыс орталығы Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 142 км жерде, Арыс өзені мен Д.Алтынбеков атындағы канал бойында орналасқан. Тұрғыны 8,9 мың адам (2003). Ауылда Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция базасы негізінде 1980 ж. «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы құрылды. Әбу Наср әл-Фараби атындағы Отырар – Арыстанбаб мұражай кітапханасы ұйымдастырылған. Мәдениет сарайы, 9 кітапхана, 2 мешіт, «Ақ барыс» спорт залы, «Қарлығаш» кинотеатры, «Жұлдыз», «Жібек жолы» мейрамханалары, «Барыс» мақта қабылдау пункті, Шәуілдір СЭС-ы, 6 орта, музыка, спорт мектептері, «Балдырған» бала бақшасы, «Бала өмір» емханасы, ауданы аурухана бар. Шәуілдірде 27 ӨК, 75 шаруа қожалықтары, 8 тұрмыстық қызмет көрсету, 3 сауда орны, нан, өсімдік майын шығару цехы, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Ауылдан академик, Халық Қаһарманы Мұхтар Әлиев, академик Рахманқұл Бердібаев, Орта Азиядағы тұңғыш чекист, үш мәрте Қызыл Ту орденінің тұңғыш иегерінің бірі – Абдолла Жармұханбетов, Түркістан АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің Председателі Абылай Серғазиев, ақын жазушылар Саттар Ерубаев, Көпен Әмірбеков, Әселхан Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков, т.б. көптеген танымал, атақты адамдар шыққан. Шәуілдірден 8 км жерде ескі Отырар қаласы және Арыстан баб мешіті орналасқан.


Дереккөздер

  1. ↑ "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
  2. Қазақ энциклопедиясы Х том

ауа райы шәуілдір


Шәуілдір Туралы Ақпарат

Шәуілдір


  • user icon

    Шәуілдір beatiful post thanks!

    29.10.2014


Шәуілдір
Шәуілдір
Шәуілдір Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Шәуілдір бұл, Шәуілдір кім, Шәуілдір сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...