Wed .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Шыңғыстау


 Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары аумағында.

Тау жүйесі

Сарыарқа

Пайда болған кезеңі

Палеоген

Ең биік шыңы

Қособа тауы

Биіктігі

1305 м

Шыңғыстау

Шыңғыстау – Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Жер бедері
  • 3 Геологиялық құрылымы
  • 4 Өсімдігі мен жануарлары
  • 5 Дереккөздер

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары аумағында.

Жер бедері

Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан Шар өзені аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға ұласады. Шығысында тауаралық Зайсан қазаншұңқыры, оңтүстігінде Солтүстік Балқаш төбелері жатыр. Абсолюттік биіктігі 1000 – 1100 м, ең биік жері – Ақшатаудағы Қособа тауы (1305 м). Жылына 200 – 250 мм шамасында жауын-шашын түседі. Шыңғыстаудың солтүстік беткейінен Шаған және Ащысу, оңтүстігінен Бақанас, Дағанделі, Құрбақанас, Көксала, т.б. өзендер басталады.

Геологиялық құрылымы

Төменгі және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас, тақтатас, конгломерат, т.б. жыныстардан түзілген.

Өсімдігі мен жануарлары

Беткейінде бұта (тобылғы, қараған), аңғарларында тал, терек, қайың, шалғын шөп өседі. Арқар, киік, қасқыр, түлкі, борсық, суыр, т.б. мекендейді.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 9 т.


Шыңғыстау Туралы Ақпарат

Шыңғыстау


  • user icon

    Шыңғыстау beatiful post thanks!

    29.10.2014


Шыңғыстау
Шыңғыстау
Шыңғыстау Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Шыңғыстау бұл, Шыңғыстау кім, Шыңғыстау сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар:Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...