Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Шу (өзен)

шу константин преславски, шу куренай
 (T)

Сағасы Ащыкөл  · Координаттары Координаттар: 44°59′00″ с. е. 67°43′00″ ш. б. / 44.983333° с. е. 67.716667° ш. б. (G) (O) (Я)44.983333, 67.71666744°59′00″ с. е. 67°43′00″ ш. б. / 44.983333° с. е. 67.716667° ш. б. (G) (O) (Я)

 (T)

Орналасуы
Сырдария бассейні Ел  Қырғызстан
 Қазақстан Аймақ Нарын облысы/Ыстықкөл облысы/Шу облысы/Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы Ортаққордағы санаты: Шу

Шу - Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 1186 км (Қазақстан аумағында 600 км), су жиналатын алабы 148000 км2 (Қазақстан аумағында 62500 км2).

Мазмұны

  • 1 Бастауы
  • 2 Су алабы
  • 3 Гидрологиясы
  • 4 Дереккөздер

Бастауы

Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Чүй (Шу) аталады.

Су алабы

Шу өзені

Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері (Қазақстанда): Қорағаты, Меркі, Қарабалта, Ақсу, т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере Шу Жоғары Ортотоқой және Төменгі Ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соңғысының тұсында Ортотоқой бөгені салынған. Төменде Шу Ыстықкөл қазаншұңқырына шығады. Шу мен Ыстықкөлдің суайрығы айқын емес. 20 ғасырдың 50-жылдарында Шу суының бір бөлігі су тасу кезінде Көтемалды тармағы арқылы Ыстықкөлге құйылған. Қазіргі кезде көлмен байланысы жоқ.

Қазаншұңқырдан шыға бере тағы да бірнеше тар шатқалдар арқылы өтетін аңғары Боом шатқалынан кейін біртіндеп кеңейеді, сағалық аңғары айқын байқалмайды. Қорағаты өзенінен кейінгі саласыз аумағында Шу Мойынқұм құмды алқабына шығады. Одан әрі бірнеше тармақтарға бөлініп, тартыла бастайды. Суы мол кезеңдерде Қаратаудың солтүстік сілемдері етегі мен Бетпақдаланың аралығындағы Ащысу ойысының көлдеріне жетеді. Арнасының ені орта ағысында 50 – 100 м, төменгі ағысында 40 – 60 м. Ертеде суы Сырдарияға құйған.

Гидрологиясы

Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Қазақстан жерінде Тасөткел бөгені бар. Бойында егін суару мақсатында Шығыс және Батыс Үлкен Шу, Шу каналы, Сортөбе, Георгиевка, Атбашы, т.б. каналдар, шағын СЭС салынған. Жылдық ағынының 14,8%-ы көктемде, 58,3%-ы жаз-күз айларында, 26,9%-ы қыста байқалады. Шілде-тамыз айларында тасып, желтоқсан – наурызда қатады. Ағыны реттелетіндіктен су режимі табиғи қалпынан өзгеріп кеткен. Көп жылдық орташа су ағымы Амангелді ауылы тұсында 77 м3/с. Алабындағы 60 мың га-дан астам егістікті суаруға Шу өзені суының 55%-ы пайдаланылады.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

шу константин преславски, шу куренай, шу сакамаки, шу шопхелпер украина


Шу (өзен) Туралы Ақпарат

Шу (өзен)


  • user icon

    Шу (өзен) beatiful post thanks!

    29.10.2014


Шу (өзен)
Шу (өзен)
Шу (өзен) Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Шу (өзен) бұл, Шу (өзен) кім, Шу (өзен) сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...