Шотландия
шотландия, шотландия картаШотландия (ағылш. Scotland) – Ұлыбританиядағы тарихи аймақ. 17 ғасырдың ортасына дейін тәуелсіз мемлекет болды. Ұлыбритания аралының солтүстік бөлігінен және оған жанасып жатқан ұсақ аралдардан, сондай-ақ Гебрид, Оркней және Шотланд аралдарынан құралады. Жер аумағы 78,8 мың кm². Халқы 6 млн-нан астам, негізінен шотландықтар. Әкімшілік-аумақтық жағынан 12 облыс пен 186 аралдан тұрады. Әкімшілік орталығы – Эдинбург қаласы Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Дінге сенушілердің дені пресвитериан шіркеуіне жатады.
Мазмұны
- 1 Тарихы
- 2 Өнеркәсібі
- 3 Тағы қараңыз
- 4 Дереккөздер
Тарихы
Шотландия жерін біздің заманымыздан бұрын 1 ғасырда кельт тайпалары қоныстана бастады. Никтлер де Шотландияның ежелгі тұрғындары болып саналады. Біздің заманымыз бас кезінде алғашқы мемлекет құрылымдар пайда болды. Шотландияға бірнеше рет римдіктер шабуыл жасады, бірақ жергілікті халық тарапынан табанды қарсылыққа ұшырады. 5 – 6 ғасырларда Шотландияны Ирландиядан келген скоттар (“Шотландия”, Scotland – скоттар елі осы атаудан шыққан) қоныстанды. Оған қоса Британиядағы англ-сакс басқыншылығы (5 – 6 ғасырлар) кезінде бриттердің дені Шотландияға ығыстырылды. 11 ғасырда шотланд корольдігі қалыптасты. 11 ғасырдың 2-жартысында Шотландия Англиядағы норман басқыншыларының шабуылына ұшырады. Шотланд королі Малькольм ІІІ (1058 – 93) норман үстемдігін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ шетелдіктерге қарсы Шотландия халқы бірнеше рет көтеріліске шықты (1130, 1131, 1161, 1175). 1306 ж. Шотландияда Роберт Брюстің (1306 – 29) басшылығымен кезекті көтеріліс басталды. Көтерілісшілер 1314 ж. 24 маусымда Баннокберн маңында болған шайқаста Эдуард ІІ бастаған ағылшын әскерін күл-талқан етті. 1323 ж. көктемде Англия Шотландиямен бітім жасасып, Роберт І-ні Шотландия королі деп таныды. 1328 ж. қыркүйекте Нортхемптонда жасалған келісім бойынша Англия Шотландияның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. 13 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында шотланд парламенті құрылды. Бірте-бірте шотланд халқы қалыптасты. Бірақ 14 ғасырдың аяғында Шотландия соғыстарда Англиядан жеңіліп, қайтадан тәуелді елге айналды. 16 ғасырда Оңтүстік Шотландияда капиталистік қатынастар пайда болды, ал Солтүстік Шотландияда (таулы аймақтарында) ұзақ уақыт рулық қатынастар сақталды. 16 ғасырдың ортасында Шотландияда пресвитериандық түрдегі кальвинистік реформация өріс алып, жаңа парламент кальвинизмді мемлекеттік дін деп жариялады. Жоғарғы шіркеулік билік жергілікті синодтар мен шотландық бас ассамблеяның қолына шоғырланды. Ағылшын тағына Стюарттардың шотландық әулетінің бекуіне байланысты (1603) Шотландия жеке уния құрып, Англиямен бірікті. Абсолютті үкімет билікке келіп, Шотланд парламентінің құқығына шек қойылды. 1609 ж. епископтардың билігі күшейтілді. 1637 ж. шілдеде Шотландияда Англияға қарсы көтеріліс басталды. Өкімет билігі іс жүзінде Мемлекеттік комитет қолына көшті. Король Карл І көтерілісті қарулы күшпен басуға тырысты. Шотландиялықтардың корольға қарсы соғысы ағылшын буржуазиялық революциясының (17 ғасыр) басталуына түрткі болды. Революцияның алғашқы кезеңінде шотланд пресвитериан – ковенанторлары корольға қарсы ұзақ парламентпен одақ жасасты. Шотландия азамат соғысының ошағына айналды. Дегенмен, революцияның тереңдей түсуінен қорыққан дворяндық жоғарғы топтар 1647 ж. ағылшын королі Карл І-мен құпия келісім жасады. Англия жеріне кірген шотландиялықтар армиясы Престон маңында О.Кромвель басқарған әскерлерден күйрей жеңіліп (1648 ж. 17 – 19 тамыз), түгелімен ағылшындарға берілді. 1650 ж. 22 шілдеде Кромвель армиясы Шотландия жеріне басып кірді. 1651 ж. Вустер маңындағы шайқаста шотланд армиясы толық жеңілді. 1654 ж. 12 сәуірде Шотландия Англиямен ресми түрде бірікті. 1707 жылғы уния бойынша Шотландия Англияға қосылып, шотланд парламенті жойылды. 18 – 19 ғасырлардағы өнеркәсіп төңкерісі нәтижесінде Шотландияда жоғары дамыған өнеркәсіп пайда болып, тоқыма өндірісі тез дамыды. Жаңадан кен-металлургия және кеме жасау өнеркәсібі құрылды.
ГлазгоОңтүстік Шотландия Ұлыбританияның өнеркәсіпті аудандарының біріне айналды. 19 ғасырдың 1-жартысында елде жұмысшылар қозғалысы күшейді. Кәсіподақ ұйымдары (тред-юниондар) құрыла бастады. 19 ғасырдың 60-жылдарынан бастап Шотландияның саяси өмірінде Либералдық партия жетекшілік рөл атқарды. 1-дүниежүзілік соғысы және онан кейінгі кезеңде елде халықтың тұрмысы нашарлап, жаппай ереуілдер жиі болып тұрды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Шотландияның халық бұқарасы фашистік басқыншыларға қарсы күреске белсене қатысты. Соғыстан кейін Шотландияда ұлттық мәселелер шиеленісіп, ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесінде 1999 ж. Шотландия парламенті қайта құрылды.
ЭдинбургӨнеркәсібі
Шотландия Ұлыбританиядағы көмір-металлургиялық аудандардың бірі. Көмір, мұнай, гранит, уран, алюминий, боксит өндіріледі. Қара және түсті металлургия, тоқыма, авиация, энергетика, автомобиль жасау, сыра қайнату, полиграфия өнеркәсіп орындары, кеме жасау верфтері бар. Басты өнеркәсіп орт-тары Глазго, Эдинбург, Абердин қалалары. Мал шаруашылығы (сауын сиыр, шошқа) мен үй құстарын өсіру өркендеген.
Тағы қараңыз
- Шотландия тәуелсіздік референдумы (2014)
Дереккөздер
- ↑ Азимов А., История Англии. От ледникового периода до Великой хартии вольностей, М., 2004.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
шотландия, шотландия единбург, шотландия карта, шотландия картинки, шотландия кубок футбол, шотландия на карте, шотландия остров скай, шотландия столица, шотландия уикипедия, шотландия фото
Шотландия Туралы Ақпарат

-
Шотландия beatiful post thanks!
29.10.2014
Шотландия
Шотландия
Шотландия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
There are excerpts from wikipedia on this article and video
Кездейсоқ Мақалалар
IC 4089
галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...Нидерхаузен (Наэ)
Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)
Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...NGC 2139
галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...іздеу жүйесі
Біздің сайт бар жүйесін функциялары іздеу жүйесі. Жоғары: "сіз іздеген?"сұрай аласыз барлық жүйесінде қорабы. Қош келдіңіздер, біздің қарапайым, стильную мен жылдам іздеу жүйесі бар, оны біз дайындады, сіздің ең нақты және өзекті ақпаратты.
Іздеу жүйесі үшін әзірленген сізге жеткізеді сізге ең өзекті және нақты ақпаратты қарапайым дизайнымен және жүйесімен жылдам жұмыс істеуі. Сіз дерлік кез келген ақпаратты іздесеңіз біздің сайтта. Қазіргі уақытта біз қызмет етеміз, тек қана ағылшын, түрік, орыс, украин, қазақ және белорус тілдерінде. Көп ұзамай жүйесіне қосылады жаңа тілдері. Өмір белгілі адамдар береді ақпарат, сурет және бейне туралы жүздеген тақырыптар, мұндай саясат, үкіметтік қайраткерлері, дәрігерлер, интернет-сайттар, өсімдіктер, технологиялық көлік құралдары, автомобиль және т. б.
Кездейсоқ Мақалалар
Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия
Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...Тайланд
Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...Динан (Кот-д'Армор)
Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...Ер Тарғын көшесі (Астана)
Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...© Copyright © 2014. іздеу жүйесі