Sat . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Шарбақты ауданы


Шарбақты ауданы - Павлодар облысы

Мазмұны

  • 1 Физикалық-географиялық сипаттамасы
    • 1.1 Географиялық жағдайы
    • 1.2 Климаты
    • 1.3 Жер бедері және гидрография
    • 1.4 Флора және фауна
  • 2 Халқы
    • 2.1 Этникалық құрамы
    • 2.2 Санның серпінділігі
  • 3 Тарихы
  • 4 Әкімшілік-аумақтық бөлінуі
  • 5 Экономика
  • 6 Әлеуметтік сала
  • 7 Белгілі адамдар
  • 8 Дереккөздер

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Аудан солтүстігінде Успен ауданымен, солтүстік-шығысында – Алтай өлкесімен, оңтүстігінде – Лебяжі ауданымен, батысында – Павлодар аудандарымен шектеседі.

Климаты

Климаты көктем-жаз айларындағы құрғақшылығымен, жазда жоғары, қыста төмен температурамен, тәулік ішінде температурасының құбылмалығымен көрінетін қатал континентальды келеді. Қаңтардың орта температурасы −18º-19ºС, шілденікі - +20º+21ºС. Аудан климатының сипатты ерекшілігі жауын-шашынның, көбінесе көктем айларындағы аз мөлшері болып табылады. Атмосфералық жауын-шашынның орташа мөлшері 250—300 мм.

Жер бедері және гидрография

Аудан аумағы кең көлемді Батыс-Сібір жазығының бөлігі болып табылатын Құлынды жазығында жатыр. Жер бедері жатықтық жазық түрінде келеді, ол ақырындап солтүстік жал тәріздес жоғарылаудан оңтүстік тегіс ойпаңдарға тоғысады. Аудан аумағының орталық бөлігі Маралды, Қабантақыр, Мәмбеткөл, Ащытақыр, Қостақыр, Сейтен секілді ірі көлдердің шұңқырларымен бөлінген тегіс жер бедері болып келеді. Аудан жер қойнауында табиғи құрылыс материалдарының қоры бар. Көп таралған топырақ қою қызғылт және қызғылт, сонымен қатар сортаң, кейде шабындық топырақтар да кездеседі.

Флора және фауна

Аудан аумағы қою-қызғылт топырақтағы бетегелі-түрлі шөпті жазық, сортаң және тұзы топырақтағы галофиттік жазықтар болып келеді. Оңтүстік-шығыс жағы құмдағы қарағай ормандарымен жабылған. Қасқыр, түлкі, қарсақ, елік, қабан, ондатра, үйрек, қаз және басқалары мекен етеді.

Халқы

Этникалық құрамы

Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)

  • қазақтар —8 831 адам (41,36 %)
  • орыстар — 7 437 адам (34,83 %)
  • украиндер — 2 507 адам (11,74 %)
  • немістер — 1 456 адам (6,82 %)
  • татарлар — 363 адам (1,7 %)
  • белорустар — 180 адам (0,84 %)
  • басқалары — 575 адам (2,69 %)
  • Барлығы— 21 349 адам (100,00 %)

Санның серпінділігі

1999 жылы халық саны— 29,0 мың адамды, 2012 жылы — 21,3 мың адамды құрады.

Тарихы

1928 жылы 17 қаңтарда құрамында сол кезде Володарский деп аталатын біздің аудан бар, барлығы 9 ауданды қамтитын Павлодар округы құрылды. Біздің ауданның орталығы Вознесенка ауылы еді. 1930-шы жылдардың басында ауданымыз Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап Павлодар облысының құрамына енді. 1930-шы жылдардың басынан бастап шекаралар ұдайы өзгеріске ұшырап отырды да ауыл-советтерге бөлінді. 1944 жылдың 8 мамырында аудан Цурюпинский және Галкинский болып екіге бөлінді.

1963 жылдың 2 қаңтарында ауданымыздың аты Цурюпиский ауданынан Щербактинский болып өзгертілді. Орталығы Щербакты ауылы Павлодар қаласынан солтүстік –шығыста 85 шақырым қашытықта орналасқан. Аудан орталығын қақ жарып темір жол көрші Ресей мемлекетіне өтіп жатыр. Ауданның тарихы мемлекетіміздің тарихын толық қайталайды. Мысалы, 1920-шы жылдары коллективтендіру, артельдер мен колхоздардың құрылуы, МТС-тардың ұйымдастырылуы біздің ауданның тарихында кеңінен орын алды.

Бірақ аудан соғыс уақытында да бұзылған жоқ. Ауданда 66 колхаз, 4 МТС, орман шаруашлығы, май зауыты, «Интернационал» өнеркәсіп артелі, электростанция, темір-жол станциясы, кірпіш зауыты, байланыс жүйесі, типография, 67 мектеп жұмыс істеді. Соғыс жылдары ауданда өнеркәсіп комбинаты, қосымша сабын қайнататын цехтар ашылды, доңғалақ майын, тігін, тоқу, ұсташлық аспаптарын шығаратын цехтар ашылды. Соғысқа ауданнан 5062 адам кетіп, оның жартысы қайтпады. 2798 шарбақтылық соғыста қайтыс болған және із-түзсіз жоқ болып кеткен болып есептеледі.

Ауданымызда Сталиндік қуғын-сүргін, халықтардың жаппалй көшірілуі сияқты үлкен қоғалыстар айналып өткені жоқ. 1941 жылдың өзінде ауданға түрлі ұлттар мен халықтардан 12500 кісі көшіріліп келді.

Аудан тарихында тыңды игеру өзіндік орынға ие. Бірніші тыңды игерушілер 1954 жылдың 28 ақпанында келді. Олар Хмельницкий, Қарабидй совхоздарының негізін қалады.

Әкімшілік-аумақтық бөлінуі

Аудан аумағында 16 ауылдық аймақ бар: Шарбақты, Александровский, Алексеевский, Галкинский, Жілбұлақ, Ильичёвский, Красиловский, Қарабидай, Назаровский, Орловский, Северный, Сосновский, Татьяновский, Хмельницкий, Чигирновский, Шалдай. Ауылдардың пошталық индекстері: Александровка — 141101; Алексеевка — 141102; Богодаровка — 141103; Галкино — 141104; Красиловка — 141105; Назаровка — 141106; Орловка — 141107; Сахновка — 141108; Северное — 141109; Сосновка — 141110; Татьяновка — 141111; Хмельницкое — 141112.

Экономика

Аудан аумағы бойынша Павлодар—Барнаул, Маралды—Тауылжан теміржолы, Павлодар—Барнаул, Шарбақты—Шалдай, Шарбақты- Успен автомобильді жолдары өтеді.

Ауыл шаруашылық

Ауданның ауыл шаруашылық мамандандырылуы: сүтті мал шаруашылығы, астық шаруашылығы. Тары, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, жүн, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауыл шаруашылық өнімді өндірумен 16 ЖШС, 117 шаруа қожалығы мен 6741 жеке қоныс айналысады. 2001 жылы 62 мың тонна астық, 1,8 мың тонна күнбағыс, 23500 тонна сүт, 4600 тонна ет, 6,7 миллион дана жұмыртқа, 32 тонна жүн өндірілді. 28 қайта обьектілері бар: 5 диірмен, 3 жармаүккіш, 6 майшайқағыш, 2 сүтті қайта өндіру цехы, 3 шұжық цехы, 2 макаронды цех, 7 жабдықталған наубайхана.

Әлеуметтік сала

Білім беру мен ғылым

Шарбақты ауданында 28 орта жалпы білім беру мектептері, 4 мектепалды мекемелері мен 1 кәсіби мектеп-лицей қызмет етеді.

Денсаулық сақтау

Ауданға Шарбақты орталық аудандық ауруханасы қызмет етеді.

Мәдениет

1931 жылдан бастап аудандық «Трибуна» газеті шығарылып келеді. Ауданда Шарбақты орталық аудандық кітапхана бар. Монументалды тарихи ескерткіштер: 1920 ж. Азамат соғысы қатысушыларының зираты, Александровка ауылы Еңбек мәртебесі ескерткіші, ДТ-54 тракторы, 1979 ж., Сахновка ауылы. ҰОС қаза болғандарға арналған мемориал.

Белгілі адамдар

  1. Әлімбаев Мұзафар - Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі.
  2. Шахмардан Қайдарұлы Әбілев - опералық әнші, педагог, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1994).

Дереккөздер

  1. ↑ Павлодардың облысының статистикасының департаменті


Шарбақты ауданы Туралы Ақпарат

Шарбақты ауданы


  • user icon

    Шарбақты ауданы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Шарбақты ауданы
Шарбақты ауданы
Шарбақты ауданы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Шарбақты ауданы бұл, Шарбақты ауданы кім, Шарбақты ауданы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...