Mon . 19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Шабуыл

миға шабуыл, ой шабуыл
Шабуыл — қарсыласты жеңуде шешуші маңызы бар ұрыс әдістерінің негізгі түрі. Шабуылдың басты мақсаты — қорғаныстағы қарсыластың әскерін тез арада (қысқы мерзімде) жойып, маңызды аудандарды (нысандарды) алу. Ол үшін қажетті барлық құралдарды пайдалану, авиациялық соққы нәтижелерін тиімді пайдалану, әскердің шешуші әрекеттерін шапшаң қарқында және неғұрлым тереңдете жүргізу арқылы жүзеге асады. Шабуыл күшті толық шоғырландырып, күндіз де, түнде де, ауа райының кез келген жағдайында жүргізіледі. Құрлықтағы әскер бөлімдері мен бөлімшелері қарсыластың қапталы мен тылына тез шығып, оған шешуші соққылар беру үшін, дұшпанның ұрыс тәртібін бұзып, жергілікті жерді тиімді пайдалануы керек. Қарсыласта ашық қапталдар болмаған жағдайда Шабуыл оның қорғанысын бұзып өтуден басталады. Жағдайға байланысты түкпірдегі әскерді алға жылжыту немесе жаумен тікелей жақын орналасқан әскерді алға жіберу арқылы жүргізіледі. Шабуыл жаяу, атпен, танкімен, әуеден, теңіздегі соғыста торпедомен жасалады. Әскери техниканың дамуына, әскердің ұйымдасуына және әскер құрамының сапасына қарай Шабуылдың түрлеріне елеулі өзгеріс енгізілді. Қазіргі жалпы әскерлік соғыста Шабуылды танк және мотоатқыштар әскерлері жүргізіп, оларды артиллерия мен авиация қолдайды, инженер, химия, тағы басқа арнаулы әскермен қамтамасыз етіледі. Шабуыл алдында артиллерия мен авиация атыс әзірлігін жүргізеді, ал Шабуыл барысында атыспен қолдап отырады. Мотоатқыштар әскерлері көбіне танкілерге ілесе шабуылдайды. Әуе Шабуылы жеке ұшақпен немесе топ-топ болып жүргізіледі. Теңіздегі соғыста әскери-теңіз флотының барлық түрі Шабуыл жасайды.

Сілтемелер

  • Жарылыс
  • Бомба
  • Соғыс
  • Қорғаныс

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім


миға шабуыл, ой шабуыл


Шабуыл Туралы Ақпарат

Шабуыл


  • user icon

    Шабуыл beatiful post thanks!

    29.10.2014


Шабуыл
Шабуыл
Шабуыл Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Шабуыл бұл, Шабуыл кім, Шабуыл сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...