Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Цинь империясы


Цинь империясы, Чинь (Шың) патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық. Билеуші Нурцахи (Нұрхаш) (1559 — 1626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріп, Мин империясына қарсы күрес бастады. Ол 1616 ж. Хатула деген жерде “Да чжин” (“Ұлы алтын”, тарихта оны “Ху чжин — Соңғы чжин” деп атаған) мемлекетінің құрылғанын жариялады.

Мазмұны

  • 1 Ішкi саясат
  • 2 Сыртқы саясат
  • 3 Апиын соғысы
  • 4 Жапондық-қытай соғыс
  • 5 Ихэтуаньдер көтерілісі
  • 6 Ciлтемелер :

Ішкi саясат

  • 1626 ж. Нурцахи қайтыс болғаннан кейін оның орнына баласы Абахай(Хуан Тайчжи) отырды. *1636 ж. Абахай мемлекеттің атын Цин(Чин — мөлдір) деп өзгертті. Бұл кезде Қытайдың орт. аудандарында Мин патшалығына қарсы Ли Цзычэн, Чжан Сяньжун бастаған халықкөтерілістері болып жатты.
  • 1644 ж. Цзычэн бастаған көтерілісшілер Пекинге басып кіргеннен кейін Мин патшалығының соңғы императоры Чжу Ючжиян өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болды. Маньчжурлардың әскері Қытай қорғанын күзетіп тұрған Мин патшалығының генералы У Саньгуймен бірігіп, көтерілісшілерге қарсы аттанды. Біріккен әскер Пекиннен көтерілісшілер армиясын ығыстырып шығарып, 1 мамыр күні Қытайда Цинь империясының орнағанын жариялады. Цинь империясы негізінен Мин патшалығы кезіндегі саяси жүйені нығайтты. Императорлық кеңес маньчжур ақсүйектерінен құрылды. Әкімш.-аумақтық бөлініс провинция, аймақ, округ пен ауданнан құрылды.
  • 1683 жылға дейін әскери жорықтардың, билеуші топ өкілдерімен тиімді саясат жүргізудің барысында Тайвань аралына дейінгі жерлер бағындырылды.
  • 17 — 18 ғасырларда елде а. ш. мен қолөнер дамып, алғашқы мануфактуралар пайда болды, капит. қатынастар орын ала бастады. Тың жерлер игерілді, кейбір салық жеңілдіктері жасалды.
  • 1712 ж. халық санағы жүргізіліп, егістік жерлердің көлемі есепке алынды. Цинь империясы. елдің батысындағы Жоңғар хандығымен үздіксіз соғыс жүргізді. Ол соғыста жоңғарларды Қшкі Моңғолия мен Халхаданығыстырып шығарды. Қиыр Шығыста да үлкен табыстарға жетіп, Ресейді Амур бойынан бас тартуға мәжбүр етті; қ. Канси.

Сыртқы саясат

Цинь империясы шет елдермен, әсіресе, еур. мемлекеттермен “жабық есік” саясатын жүргізіп, империя аумағын сыртқы шабуылдардан қорғауды күшейтті.

  • 17 ғ-дың аяғында Қытайдың шеткері аймақтардағы орт. өкіметке қарсы жүргізілген “Сан фан” қозғалысын күшпен басты. Жоңғар ханы Қалдан Сереннің Қытайға жасаған шабуылы тойтарылды. Орт. Азияда қалыптасқан ішкі қайшылықтарды пайдалана отырып,
  • 1755 — 57 ж. Жоңғар хандығын біржолата жойып жіберді.
  • 1756 — 57 ж. Қазақ хандығымен болған дығымен болған шекаралық әскери қақтығыстардан кейін өзара келісім жасалып, дипломат. қарым-қатынастар орнатылды (қ. Абылай, Цянь Лун). Цинь империясы Үрімжі, Құлжа мен Тарбағатайда қазақтармен малға тауарлар айырбастайтын арнайы базарлар ашты.
  • 1759 ж. Қашғариядағы ұйғырлардың қарсылығын жаныштап, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. *1762 ж. Іле өз-нің бойында Чжаньчжунфу генерал-губернаторлығы құрылды.
  • 1762 — 65 ж. оңт-те Бирма, Вьетнам, Непалға жаулап алу соғыстары жүргізілді. 18 ғ-дың аяқ кезінде Тибет жаулап алынып, Цинь империясы өзінің шарықтау шегіне жетті.
  • 19 ғ-дан бастап Цинь империясы әлсірей бастады. Орт. өкіметке қарсы халық көтерілістері жиілеп, батыс державалары Қытайға ену әрекеттерін күшейтті.

Апиын соғысы

Апиын соғыстың алғашқы жүрiсi

1840 — 42 ж. Қытай мен Ұлыбритания арасында болған “апиын соғысы” екіншісінің жеңісімен аяқталды. Цинь империясы Нанкин келісіміне қол қойып, еур. державаларға тәуелділікке түсуге мәжбүр болды. Маньчжурлардың билігі мен шетелдіктердің үстемдігіне қарсы болған тайпиндер көтерілісі (1850 — 66) Цинь империясын одан әрі әлсіретті.

Жапондық-қытай соғыс

Шайқас

19 ғ-дың 2-жартысынан бастап Қытай еур. мемлекеттер (Ұлыбритания, Франция, Ресей, Германия) мен Жапонияның үлес алуда өзара бәсекеге түскен жартылай отарына айнала бастады. Бірте-бірте билеуші топтардың арасында шетелдік үлгідегі өнеркәсіп құруды жақтайтын “Яну пай” тобы пайда болды. Қытайдың ұлттық буржуазиясы дүниеге келді. Қоғамды жаңарту, саяси жүйеге өзгерістер енгізуді талап ету қозғалысы күшейді. Цинь империясының Франциямен (1884 — 85) және Жапониямен (1894 — 95) болған соғыста ауыр жеңіліске ұшырауы ұлттық дағдарысты тереңдете түсті.Сун Ятсен басқарған саяси қайраткерлер маньчжурлардың билігін халықтық республика құрумен алмастыруды ұсынды.

Ихэтуаньдер көтерілісі

Ихэтуаньдер көтерілісі мен оны басып-жаншу үшін сегіз мемлекет әскерлерінің Пекинге жасаған шабуылы Цинь империясын мүлдем дәрменсіз күйге түсірді. 1911 ж. жазда Учань қ-нда Сун Ятсеннің басшылығымен басталған көтеріліс бүкіл халықтық қолдауға ие болып, жеңіске жетті. Цинь империясы билігі жойылды. Желтоқсан айында Нанкин қ-нда Қытай Республикасы жарияланып, Сун Ятсен басқарған Уақытша үкімет құрылды.

Ciлтемелер :

"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том


Цинь империясы Туралы Ақпарат

Цинь империясы


  • user icon

    Цинь империясы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Цинь империясы
Цинь империясы
Цинь империясы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Цинь империясы бұл, Цинь империясы кім, Цинь империясы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Гидроэлектрстанцияларының Ангарск каскадыны - Ресейдегі гидроэлектростанциялардың ең үлкен кешені. И
Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі (украин Украинаның Украина мемлекеттік қызметі) орталық атқа
Красноярск діни семинариясы

Красноярск діни семинариясы

күшіне ретінде орыс православиелік шіркеуінің Красноярск епархиясының бір жоғары оқу орны, 1895 жылғ
Соннеберг (туннель)

Соннеберг (туннель)

Швейцарияның Люцерн қаласына жақын жерде орналасқан, ұзындығы 1550 метр болатын туннель 1550 метр, Ш