Thu . 20 Feb 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Хонсю

хонсю остров, вулкан на острове хонсю
Хонсю, Хондо (жапон. 本州 – «негізгі арал») — Жапонияның ең ірі аралы, Тынық мұхит пен Жапон теңізінің аралығында. Хоккайдо аралынан Цугару (Сангар) бұғазымен, Кюсю және Сикоку аралдарынан Кіші Жапон теңізімен бөлінген. Аумағы 230,4 мың км2(маңайындағы ұсақ аралдарымен бірге — 231 мың км2), ең енді жері 1400 километр. Жер бедерінде аласа және орташа биіктіктегі таулар (Оу, Хида, Кисо, Акаиси, т.б. жоталар) басым; ең биік Жапон Альпісі жотасында жер бедерінің альпілік түрі таралған, қар жұрнақтары кездеседі. 20-дай әрекетті (Жапонияның ең биік жері — Фудзияма осында) және сөнген жанартаулар бар. Сейсмикалық аудан; жерсілкінулер (ең апаттысы 1923 жылы Токиода болды) жиі болып тұрады. Климаты мұхиттық муссондық, солтүстігінде қоңыржай, оңтүстігінде субтропиктік. Қаңтардың орташа температурасы –2 — 5°С, шілденікі 20 — 26°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері. 1000 — 3000 миллиметр аралығында. Күзде тайфун жиі соғады. Ірі өзендері Синано, Тоне және Кисоның суы мол; ірі көлі — Бива. Аралдың солтүстігінде жалпақ жапырақты (тауларында қылқан жапырақты ормандар), оңтүстігінде мәңгі жасыл субтропиктік орман таралған. Жағалауларындағы Канто, Ноби, Кинки, Этиго жазықтары жақсы өңделген және жиі қоныстанған. Хонсю көрші аралдармен су асты туннельдері арқылы жалғастырылған. Бандай-Асахи, Никко, Фудзи-Хаконе-Идзу ұлттық саябақтары құрылған. Ірі қалалары — Токио, Осака, Нагоя, Киото, Йокохама, Кобе.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том


вулкан на острве хонсю, вулкан на острове хонсю, город на острове хонсю, город на хонсю, край в японии на хонсю, между кюсю и хонсю, остров хонсю, остров хонсю на карте, хонсю остров


Хонсю Туралы Ақпарат

Хонсю


  • user icon

    Хонсю beatiful post thanks!

    29.10.2014


Хонсю
Хонсю
Хонсю Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Хонсю бұл, Хонсю кім, Хонсю сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...