Sun . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Хиуа

хиуаз доспанова, хиуаз оспанова
ХиуаӨзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 91 м. биіктікте, Үргеніш темір жолы станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде орналасқан. Халқы 51,2 мың (2004). Хиуа тарихы көне Хорезм мәдениетімен тығыз байланысты. Хиуа б.з.б. 1-мыңжылдықта дамыған Топыраққала, Қуатқала, Бүркітқала, Гүлдірсін, Қырыққыз, т.б. қалалармен қатар аталады. Зерттеушілердің болжауынша, Хиуаның негізі б.з.б. 5 ғасырда қаланған. Бастапқыда Ахемен әулеті мемлекеттерінің, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болды. Хиуаны 712 ж. арабтар жаулап алды. 9 — 10 ғасырларда Хорезм мемлекетінің астанасы болып, біршама гүлденді.

«Кірсін». Верещагин, 1871.

Хиуа қаласында өз заманында Мұхаммед әл-Хорезми, Әбу Райхан ибн Бируни, Әбу Әли ибн Сина тәрізді ірі энциклопедияшы ғалымдар еңбек етті. Шыңғыс хан мен Әмір Темір заманында Хиуа қиратылып, талауға түсті. Хиуаның қайта гүлденген кезеңі 16 ғасырға сәйкес келеді. Бұл кезде қаланың ірі қорған қабырғалары, салтанатты сарайлар, мешіттер, мұнаралар, кесенелер салынып, архитектуралық ансамбль құрылды. 17 ғасырда Хиуа Хиуа хандығының астанасы болды. 1842 жылы Хиуа хандығының билеушісі Аллақұл хан Хиуаның бір бөлігін арнайы дуалмен қоршатып, қаланың ол бөлігін Ишан қаласы деп атады. 19 ғасырда Хиуада көптеген медреселер мен мешіттер салынды. Әйгілі медреселердің қатарына көркем безендірілген ғимараты бар Мұхаммед Аминхан медресесі жатады. 1873 жылы Хиуаны орыс әскерлері басып алып, бүкіл Хиуа хандығымен бірге Ресей империясының протекторатына айналдырды. 1920 — 24 жылы Хорезм Халық Кеңес Республикасының астанасы болды. 1967 жылы қаланың ескі бөлігі — Ишан қаласы қорыққа айналдырылды. 1995 жылы Хиуа ЮНЕСКО-ның шешіміне сай әлемдік мәдениеттегі ерекше орны бар қалалардың қатарына қосылды. 1997 жылы Хиуаның 2500 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Сілтемелер

  1. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

доспанова хиуаз, хиуаз, хиуаз доспанова, хиуаз доспанова эссе, хиуаз оспанова


Хиуа Туралы Ақпарат

Хиуа


  • user icon

    Хиуа beatiful post thanks!

    29.10.2014


Хиуа
Хиуа
Хиуа Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Хиуа бұл, Хиуа кім, Хиуа сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...