Sun . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Халықаралық ұйымдар

халықаралық ұйымдар
Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады.

Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жұмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 ж. қүрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді.

Олар:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945),
  • Халықаралық валюта қоры (1945),
  • Дүниежүзілік сауда ұйымы (1995),
  • Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы (НАТО, 1949),
  • 'Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК, 1960) және т.б.

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке тұлғаларды біріктіреді, үкіметаралық ұйымдарға қарағанда, халықаралық құқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары: *Парламент аралық одақ (1889),

  • Халықаралық Олимпиада комитеті (1894),
  • Рим клубы (1968),
  • Гринпис (1971) және т.б.

Дереккөздер

  1. ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

халықаралық ұйымдар


Халықаралық ұйымдар Туралы Ақпарат

Халықаралық ұйымдар


  • user icon

    Халықаралық ұйымдар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Халықаралық ұйымдар
Халықаралық ұйымдар
Халықаралық ұйымдар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Халықаралық ұйымдар бұл, Халықаралық ұйымдар кім, Халықаралық ұйымдар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...