Tue . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Фосфор тыңайтқыштары

фосфор тыңайтқыштары
Фосфор тыңайтқыштары - өнеркәсіптік әдіспен алынатын, құрамында өсімдіктер үшін қолайлы нысанда фосфор болатын минерал заттектер. Фосфор тыңайтқыштары ерігіштігіне және өсімдіктер үшін қолайлылығына байланысты үш топқа бөлінеді: 1) фосфоры суға еритін және өсімдіктер оңай сіңіре алатындай нысанда болатын тыңайтқыштар — қарапайым және қосарлы суперфосфат; 2) фосфоры суда ерімейтін, бірақ әлсіз қышқылдарда (2%-дық лимон қышқылында) немесе аммоний цитраты сілтілік ерітіндісінде еритін тыңайтқыштар — преципитат, томасқож, термофосфаттар, фторсыздандырылған фосфат. Фосфор тыңайтқыштары — өсімдіктер үшін қолайлылығы орташа нысан; 3) суда ерімейтін және әлсіз қышқылдарда нашар еритін, тек күшті қышқылдарда толық еритін тыңайтқыштар — фосфорит ұны, сүйек ұны, өсімдіктер үшін жетуі қиын фосфор көздері. Суда еритін тыңайтқыштар ұнтақ және түйіршік түрінде, лимондық және цитраттық ерімелі тыңайтқыштар ұнтақ түрінде, еруі қиын тыңайтқыштар өте майда ұнтақ түрінде сондай-ақ, жануарлардың сүйектері және металлургия өнеркәсібінің фосфоры көп қалдықтары. Қандай шикізаттан алынғанына және өндірілу әдісіне байланысты қоректік элементінің (Р205) құрамы жөнінен фосфор тыңайтқыштары біршама әр түрлі болады. Дүние жүзінде өндірілетін фосфор тыңайтқыштарының жартысына жуығы суперфосфаттың үлесіне келеді. Бұл әмбебап фосфор тыңайткышын топырақтың барлық түрлеріңде және кез келген дақылға әр түрлі әдістермен қолдануға келеді. Түйіршіктелген суперфосфаттың ұнтақты түрден едәуір артықшылықтары бар: физикалық қасиеттері жақсы, қатараралық сіңіру кезінде нәтижелілігі мол. Жаздық бидай егістігінде 20 кг заттектің енгізілуі әр гектардың түсімін 3 — 3,5 ц арттырады. Алайда фосфор тыңайтқыштарын біліксіз қолданғаннан топырақтың басы артық фосфорлануы секілді зардабы болуы мүмкін. Фосфор уытты элемент болмаса да, фосфорлану кезінде топырақта тұздар концентрациясының көп болуы өсімдіктердің өсуі мен дамуына, әсіресе вегетация басталған кезеңде, теріс әсер етеді. Мұның үстіне топырактың фосфорлануынан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп, өсімдіктердің қоректенуі бұзылуының экологиялық тұрғыдан қауіпті түріне апарып соғуы мүмкін. Мұндайда өсімдіктер басқа элементтерді, соның ішінде ауыр металдарды көбірек сіңіруі ықтимал.

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5


фосфор тыңайтқыштары


Фосфор тыңайтқыштары Туралы Ақпарат

Фосфор тыңайтқыштары


  • user icon

    Фосфор тыңайтқыштары beatiful post thanks!

    29.10.2014


Фосфор тыңайтқыштары
Фосфор тыңайтқыштары
Фосфор тыңайтқыштары Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Фосфор тыңайтқыштары бұл, Фосфор тыңайтқыштары кім, Фосфор тыңайтқыштары сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...