Sun . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Флора

флора керимова, флора
Флора (латынша flora — Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы, Солтүстік жарты шардың қоңыржай салқын аймағының флорада тал, қияқөлең, қоңырбас, сарғалдақ, т.б., ал қылқан жапырақтылардан: қарағай, кипарис, т.б. тән болса, өсімдіктер бірлестігінде — тундралық, тайгалық, далалық, т.б. өсімдіктер қауымдастығы кең тараған. Флораның тарихи дамуы түр түзілу процестерімен, бір түрді екінші түрдің ығыстыруымен, өсімдіктердің миграциясымен және түрлердің жойылуымен тығыз байланысты.

Әр Флораның өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері бар. Оған: Флораны құрайтын түрлердің сан алуандығы (Флораның байлығы), жасы, автохондық және эндемизм деңгейі, т.б. жатады. Флораның өзара айырмашылығы ең алдымен әр өңірдің геология тарихына, орография, климаттық жағдайларына және топырағының құнарлылығына байланысты. Аумақтық деңгейіне қарай: Жер Флорасы (500 мыңға жуық түр, оның ішінде 330 мыңға жуығы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер: гүлді өсімдіктер, ашық тұқымдылар, споралылар), жекелеген құрлықтар мен олардың бөліктерінің Флорасы, аралдық Флолалар, тау жүйелерінің Флорасы, сондай-ақ мемлекеттер мен жекелеген әкімшілік аудандардың Флорасы болып ажыратылады. Сонымен қатар, жекеленген жүйелік Флора, топтардың Флорасы, т.б. бар. Мыс., балдырлар Флорасы, мүктер Флорасы, т.б.

Флораны зерттейтін ғылым саласы — флористика деп аталады. Қандай да бір Флораны зерттеу оның аумағындағы түрлер мен туыстардың құрамын анықтаудан басталады. География таралуына ұқсас түрлер Флораның географиялық элементін (геоэлемент) құрайды, кейбір зерттеушілер геоэлемент терминінің орнына ареалдар типі (тропик., бореалдық, голарктик., палеоарктик., т.б.) деген атауды қолданады. Шығу тегі ұқсас түрлердің тобы Флораның генет. элементтері не генет. қатпарлары деп аталады. Теор. тұрғыдан алғанда кез келген Флора. 4 генет. қатпарлардан тұрады: f1 — реликтер (мыс., гинкго); f2 — Флораның ежелгі ядросы, өткен геология дәуірлерден осы аумақта өсетін, қазіргі табиғи жағдайлармен үйлесімді түрлер; f3 — мигранттар (шығу тегі бойынша басқа өңірлерде пайда болып, осы аумаққа әр түрлі себептермен көшіп келген түрлер); f4 — автохтонды жаңа құрылымдар (ежелгі жерінде пайда болған жаңа түрлер). Кез келген Ф-ны F=f1+f2+f3+f4 деп кескіндеуге болады. Осы генет. қатпарлардың арақатынасына қарай: реликті Ф. (F=f1), миграц. Ф. (F=f3), эндемиктік Ф. (F=f4), т.б. бөлуге болады.

Пайда болу орны мен таралуының тарихи жолдары жақын түрлерді де кейбір ғалымдар генет. элементтерге жатқызады. Кейде мұның география-генетикалық элементтер (мыс., ортаазиялық, шығыс-сібірлік, сарыарқалық, т.б.) деп те атайды. Қазіргі Флораның шығу тегі мен таралуын білу үшін өткен геол. дәуірлер мен кезеңдердің Флорасын зерттеу маңызды болып саналады. Мыс., Гренландияның, Шпицбергеннің қазба Флорасын (троходендроидес, емен, жаңғақ, терек, ал қылқан жапырақтылардан — таксодиум, т.б.) зерттеу нәтижесінде қазіргі Арктиканың аумағындағы палеогендік Флора. арктик. болмай, қоңыржай-субтропик. болғанын көруге болады. Өсу ортасы ұқсас түрлердің тобы Флораның экология элементін құраса, тіршілік формалары бойынша ұқсас түрлер Флораның биол. элементтері болып табылады.

Эндемиктік тұқымдастар мен туыстар кешені бойынша Флораның бір-біріне бағынышты аумақтық бөліктері ажыратылады. Олардың ішіндегі ең ірісі флористик. патшалық (Голарктик., Палеотропик., Неотропик., Австралиялық, Каптық және Голантарктик.) болып табылады. Кез келген Жер аумағындағы анықталған өсімдік түрлері мен туыстары әдетте арнайы тізімге тіркеледі (конспект, кадастр, т.б.). Түрлердің таралуы, өсу ортасы, биол. сипаттамалары келтірілген мұндай тізімдер “Қазақстан флорасы” деген 9 томдық кітап болып жарық көрді (1956 — 66). Онда республикада өсетін 5 мыңнан астам өсімдік түріне сипаттама берілген. Флораға кең таралған мәдени өсімдіктерді де енгізеді, бірақ ботан. бақтардағы, табиғи бақтардағы, питомниктердегі мәдени өсімдіктер енгізілмейді. Кейбір жұмыстарда “Флора” термині “өсімдіктер” терминінің орнына қолданылады, бұл дұрыс емес (мыс. мәдени Флора деудің орнына мәдени өсімдіктер деген жөн).

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

флора, флора 2018, флора бургас, флора и фауна, флора керимова, флора комерс, флора мартиросян, флорадикс, флоранж официальный сайт, флоранс хворостовская


Флора Туралы Ақпарат

Флора


  • user icon

    Флора beatiful post thanks!

    29.10.2014


Флора
Флора
Флора Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Флора бұл, Флора кім, Флора сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...