УЕФА



УЕФА рәмізі


UEFA мүше қауымдастықтары қызылмен көрсетілген

Құрылуы 1954 ж. маусымның 15-і Түрі Спорт ұыймы Бас кеңсесі Ньон, Швейцария Мүшелері 53 ұлттық қауымдастық Ресми тілдері ағылшын, француз, неміс Президент Мишель Платини Ресми торабы http://www.uefa.com/

УЕФА (ағылш. Union of European Football Associations — Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы) — Еуропа мен бірнеше Азия футболының әкімшілік және меңгерушілік ұйымы. Ол Еуропа елдерінің футбол қауымдасытықтарын біріктіреді. УЕФА барлық Еуропаның клубтық және кұрама жарыстарының ұйымдастырушысы.

УЕФА - ФИФА ұжымына кіретін 6 континенттік аймақтың бірі және ең байы. Әлемнің барлық дерлік футболшылары осы Еуропада ойнайды, өйткені ең көп еңбек ақы төлейтін осы Еуропа командалары. Әсіресе Англия, Испания, Италия, Германия елдерінде көп табысқа жетуге болады. Және де әлемнің ең мықты ұлттық құрамалырының көбісі де осы УЕФАда. Мысалға 2010 жылғы әлем чемпионатына УЕФАдан 13 құрама қатысты.

УЕФА 1954 жылы маусымның 15-і күні Швейцарияның Базель қаласында құрылды.Алғашында УЕФАға 25 ел кірген. Қазір оның саны 53-ке жетті. 1959 жылға дейін УЕФАның штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан, Берн қаласына ауысып кетті. 1955 жылдан бері УЕФАның штаб-пәтері болып Ньон қаласы саналады. УЕФАның алғашқы президенті болып Эббе Шварц сайланды.

Мазмұны

  • 1 УЕФА және Қазақстан
  • 2 УЕФА Президенттері
  • 3 Жарыстар
    • 3.1 Құрама командалары
    • 3.2 Клубтық
    • 3.3 Еурокубоктарда ең көп ойын өткізгендер тізімі
      • 3.3.1 Еурокубоктарда ең көп доп соққан сұрмергендер
  • 4 УЕФА мүшелері
  • 5 Дереккөздер

УЕФА және Қазақстан

2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан УЕФА-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі. [1]

УЕФА Президенттері

Аты-жөні Елі Мерзімі
1. Эббе Шварц 1954—1962
2. Густав Видеркер 1962—1972
3. Артемио Франки 1972—1983
4. Жак Жорж 1983—1990
5. Леннарт Юханссон 1990—2007
6. Мишель Платини 2007-о.у.

Жарыстар

Құрама командалары

  • Футболдан Еуропа чемпионаты
  • Футболдан жастар арасында Еуропа чемпионаты
  • Футболдан Еуропа чемпионаты (19 жасқа дейінгі жасөспірімдер)
  • Футболдан Еуропа чемпионаты (17 жасқа дейінгі жасөспірімдер)
  • Футболдан қыздар арасында Еуропа чемпионаты
  • Футболдан қыздар арасында Еуропа чемпионаты (19 жасқа дейінгі қыздар)
  • Футболдан қыздар арасында Еуропа чемпионаты (17 жасқа дейінгі қыздар)
  • Футзалдан Еуропа чемпионаты
  • Футзалдан жастар арасында Еуропа чемпионаты

Клубтық

  • УЕФА Чемпиондар Лигасы
  • УЕФА Европа Лигасы
  • УЕФА Суперкубогы
  • Футзалдан УЕФА Кубогы
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы (қыздар)

бұрын болған турнирлер:

  • Кубок жеңімпаздарының кубогы
  • Интертото Кубогы
  • УЕФА Кубогы

Еурокубоктарда ең көп ойын өткізгендер тізімі

  •  Албания
  •  Германия
  •  Англия
  •  Андорра
  •  Армения
  •  Аустрия
  •  Әзірбайжан
  •  Беларусь Республикасы
  •  Бельгия
  •  Босния және Герцеговина
  •  Болгария
  •  Гибралтар
  •  Грекия
  •  Грузия
  •  Дания
  •  Эстония
  •  Израиль
  •  Ирландия
  •  Исландия
  •  Испания
  •  Италия
  •  Қазақстан
  •  Кипр
  •  Латвия
  •  Литва
  •  Лихтенштейн
  •  Люксембург
  •  Мажарстан
  •  Македония
  •  Мальта
  •  Молдова
  •  Нидерланд
  •  Норвегия
  •  Польша
  •  Португалия
  •  Ресей
  •  Румыния
  •  Сан-Марино
  • Солтүстік Ирландия
  •  Сербия
  •  Словакия
  •  Словения
  •  Түркия
  •  Украина
  • Уэльс
  •  Фарерлер
  •  Финляндия
  •  Франция
  •  Хорватия
  •  Черногория
  •  Чехия
  •  Швейцария
  •  Швеция
  • Шотландия

Дереккөздер

  1. ↑ Бүгін - Қазақ футболының күні.
қ • т • ө УЕФА турнирлері

Құрама: • Еуропа чемпионаты

Клубтық: • УЕФА Чемпиондар Лигасы • УЕФА Европа Лигасы • УЕФА Суперкубогы

Жастар арасында: • Еуропа чемпионаты (21 жасқа дейін) • Еуропа чемпионаты (19 жасқа дейін) • Еуропа чемпионаты (17 жасқа дейін)

Қыздар арасында: • Еуропа чемпионаты (қыздар) • Еуропа чемпионаты (қыздар-19) • Еуропа чемпионаты (қыздар-17)

Футзал: • Еуропа чемпионаты (футзал) • Еуропа чемпионаты (21 жасқа дейін) • УЕФА Кубогы (футзал)

Рейтинг: • УЕФА коэффициенттер кестесі



УЕФА Туралы Ақпарат


УЕФА
УЕФА

УЕФА Туралы Видео


УЕФА Сіз қарап жатырсыз.
УЕФА дегеніміз не, УЕФА кім, УЕФА сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video