Wed . 18 Nov 2018

Тұран ойпаты

тұран ойпаты
Тұран ойпаты, Тұран жазығы – Орталық Азиядағы кең жазық аумақ.

Мазмұны

  • 1 Геология
  • 2 Климат
  • 3 Өсімдіктер әлемі
  • 4 Гидрология
  • 5 Экономика
  • 6 Дереккөздер

Геология

Қазақстанға қарасты солтүстік және орталық бөліктері шөл, шөлейт және дала белдемдерін алып жатыр. Батысында Каспий теңізімен, шығысында Сарыарқаның батыс бөлігімен, солтүстігінде Торғай үстірті, оңтүстік-шығысында Тянь-Шань сілемдерімен, оңтүстігінде Қызылқұм шөлімен шектеседі. Бұл аралықта Қазақстанның барлық шөлдері жатыр. Ойпаттың басым бөлігі Тұран тақтасына сәйкес келеді. Аумағының басым бөлігінің абс. биіктіктері 300 м-ден аспайды және жас платформалық жазық саналады. Палеозойлық негізі (тұғыры) 1 – 6 км тереңдікте, көлбеу жатысындағы мезо-кайнозой қабаттарының кейбір тұстары (Маңғыстау, Үстірт, Қызылқұм) жер бетіне шығып жатыр. Тақтаның төм. қабаты құрылысынан көршілес Орал, Тянь-Шань және Сарыарқаға ұқсастық байқалады. Ойпаттың жер бедерінде ойыстар көп кездеседі. Қазақстанның құрлық бөлігіндегі ең терең Қарақия ойысы (–132 м) осында. Жазық өңірлерінің (Каспий маңы ойпаты, Арал Қарақұмы, Мойынқұм, т.б.) жер бетін шөгінді жыныстар жапқан.

Климат

Қазақстандық Тұран ойпаты солтүстік бөлігінің климаты тым континентті. Қысы суық, ызғарлы, қар жамылғысы тұрақты және оның қалыңдығы 15 – 25 см. Қатты желдер жиі болып тұрады. Оның орташа жылд. 5,5 – 6,5 м/с. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 300 мм. Қаңтар айындағы ауа темп-расы –15 – 17ӘС, шілдеде 22 – 24ӘС. Ойпат оңтүстігінің климаты континенттік. Мұнда қыс біршама жылы. Қар жамылғысының қалыңд. 10 – 15 см, қиыр оңтүстігінде тұрақты қар жамылғысы болмайды. Қаңтар айындағы ауа темп-расы –5 – 11ӘС, жаз айлары өте ыстық әрі қуаң. Шілдедегі ауаның жылдық орташа темп-расы 26 – 29ӘС. Жазда құм беті 80ӘС-қа дейін қызады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 70 – 180 мм аралығында. Ойпаттың осы оңтүстік, оңтүстік-батыс бөлігіндегі (Сырдария өңірі және Қаратау жотасының батыс өңірі) көктем және күз айларында болатын жауын-шашын эфемерлі және эфемероидті өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай тудырады. Ал солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде керісінше, мұнда жауын-шашын көктемде аз, жазда молырақ түседі де жусан, еркекшөп, т.б. астық тұқымдастардың өсуіне қолайлы келеді. Солтүстік белдемшедегі ауа температурасының 100С-тан жоғары жиынтығы 3200 – 37000С болса, оңтүстіктің шөлейтті белдемшелерінде ол 46000С-қа жетеді. Су бетінен булану шамасы солтүстіктен оңтүстікке қарай (800 – 2000 мм-ге дейін) өседі. Тұран Ойпатының басым бөлігі шөлейтті және шөлді белдемде жатқандықтан топырақ жамылғысының басым бөлігін сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмдақты сұр топырақтар құрайды. Қиыр солтүстігінің ғана топырағы қоңыр, бозғылт қоңыр болып келеді. Шөлді өңірлердің ойдым-ойдым тастақты тұстарында тақырлар мен шұратты (оазисті) жерлер кездеседі.

Өсімдіктер әлемі

Өсімдік жамылғысын негізінен жусанды-эфемерлі өсімдіктер құрайды.

Гидрология

Ірі өзен-көл жағалауларында бұта аралас шілікті-талды тоғай қалыптасқан. Соңғы 20 жыл ішінде Арал тенізі деңгейінің тартылуы Тұран ойпаты табиғатының қуаң шөлдік сипатын күшейте түсуде. Ойпаттың ұлан-байтақ аумағыннда бірнеше жер асты суының мол қоры анықталды.

Олар:

  • Бетпақдала артезиан алабы;
  • Қызылқұм артезиан алабы;
  • Торғай артезиан алабы;
  • Үстірт артезиан алабы, т.б.

Экономика

Ойпат аумағында жайылымдық мал шаруашылығымен суармалы егін шаруашылығы дамыған. Қазақстанның күріш, тары, мақта егетін және бау-бақша отырғызатын басты ауданы осында. Сонымен қатар, Тұран ойпаты еліміздің маңызды мұнайлы-газды ауданы саналады.

Физика-география аудандастыру тұрғысынан ойпат шартты түрде 11 өңірге бөлінген. Олар:

  1. Солтүстік Торғай;
  2. Оңтүстік Торғай;
  3. Маңғыстау;
  4. Үстірт;
  5. Солтүстік Арал маңы;
  6. Төмен Сырдария;
  7. Ортаңғы Сырдария;
  8. Солтүстік Қызылқұм;
  9. Бетпақдала;
  10. Мойынқұм;
  11. Балқаш маңы – Алакөл.

Тұран ойпаты ежелден түркі халықтарының мекені болған.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том


тұран ойпаты


Тұран ойпаты Туралы Ақпарат

Тұран ойпаты


  • user icon

    Тұран ойпаты beatiful post thanks!

    29.10.2014


Тұран ойпаты
Тұран ойпаты
Тұран ойпаты Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Тұран ойпаты бұл, Тұран ойпаты кім, Тұран ойпаты сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Пьедимонте-Матезе

Пьедимонте-Матезе

Пьедимонте-Матезе (итал. Piedimonte Matese) — Италиядағы қала, Кампания әкімшілік аймағына қара...
Магдалиновка (Ақмола облысы) — Уикипедия

Магдалиновка (Ақмола облысы) — Уикипедия

Магдалиновка — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл, Ярославка ауылдық округі құрамында Мазмұны...
Шөңгер

Шөңгер

Шөңгер — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Географиялық...
Муссо-сюр-Сен

Муссо-сюр-Сен

Муссо-сюр-Сен (фр. Mousseaux-sur-Seine) — Франциядағы коммуна. Иль-де-Франс аймағына қарасты Ивелин ...