Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Түрікмендер


Түрікмендер -

  1. )түркі тілдес халық.
  2. )түрікпендер – ұлт, Түрікменстан Республикасының байырғы халқы.

Жалпы саны 6,0 млн. (2002) адам. Оның 60%-ы Түрікменстанда, қалғандары Ауғанстанда (800 мың), Иранда (900 мың), Түркияда (100 мың) тұрады. Өзбекстанда, Тәжікстанда, Ресей Федерациясында, Сирияда, Иорданияда, т.б. елдерде де Түрікмендер диаспорасы бар. Түрікмен тілінде сөйлейді, ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Зерттеушілер Түрікмендер-ді моңғолдық элементі бар еур. нәсілдің Жерорта т. антроп. тобына жатқызады. Түрікмендер халқының қалыптасу тарихы 15 ғ-ға дейін созылып, қатар өмір сүрген теке, иомуд, гоклен, сарық, салар, эрсары, човдур, нохурли, емрели, алили, қарадашлы, ата деген этн. топтар мен тайпалар бертін келе бірыңғай түрікмен халқы болып бірікті. 20 ғ-ға дейін Түрікмендер-де овган, арап, гуллар, гурд, гурама, тат, кыпчак, аймаклар, гирей, газен, галмыктар, гарамугол аталатын тайпалар мен руларға бөлінді. Кейін келе руға бөліну өз әсерін жоғалтып алды.
Түрікмендер-дер ерте заманнан бері суармалы егіншілікпен, мал ш-мен қатар айналысты. Сондықтан халықтың басым көпшілігі жартылай көшпелі тұрмыс кешті. Көшпелі малшыларды “чарва”, отырықшы дихандарды “чомурлар” деп атады. Теңіз жағалауындағылар ерте кезден-ақ балық аулап, әзірлеуді кәсіп еткен. Аңшылық – Түрікмендер-дің көнеден жеткен кәсібі. Құс, түлкі, киік, тауешкі, қоян, т.б. аңдарды мылтықпен, тор, қақпан құрып, тазы жүгіртіп, ителгі, бүркіт секілді қыран құстарды салып аулау дәстүрі бар. Түрікмендер жылдың көп мезгілінде сүт тағамдарынан қатық, сүзбе, айранды қорек етеді. Қой мен ешкі, сиыр сүтін, түйенің шұбатын пайдаланады. Нан тағамына бауырсақ, қаттама, шелпек жатады. Ыс-тық тағамы – ет қосқан сорпа, қуырдақ (говурма), палау, кеспе көже, тұшпара. Көне дәуірден-ақ қолөнері дамыған. Ерте заманнан кілем тоқу өнері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Түрікмен кілемі жоғары сапасымен әлемге әйгілі. Кесте тігу, киіз, текемет басу өнері дамыған. Халық көп салалы шаруашылықпен айналысқандықтан, мекен-жайдың түр-түрі кездеседі. Киіз үйді “ғара өй” дейді. Оның кішірегі ороча, гөтдикме деп аталады. Ауқатты тұрғындар бірнеше отбасына арналған биік қорғанды ховли аталатын үй тұрғызған. Олар тұрмысқа қажет диірмен (харазхана), май айдайтын мекен-жай (жұбазхана), мейманхана (мехманхана) салды. Ұлттық спорт пен ойын түрлерінен ат жарысы, жарыс, байрақ аталатын ат жарысы, сондай-ақ мергендікке баулитын нысана көздеу, ату, ұлттық спорт түрлері, балуандар күресі кең тараған. Түрікмендер-де ерте кезден шахмат, берижи, бадақ салмақ тәрізді есептеу, есте сақтау, ептілік, есту, түйсіну қабілетін арттыратын ойын түрлері бар.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Тағы қараңыз

  • Оғыздар
  • Атал түрікмендері
  • Ирак түрікмендері
  • Иран түрікмендері
  • Сирия түрікмендері
  • Ставрополь түрікмендері
  • Түркія түрікмендері


Түрікмендер Туралы Ақпарат

Түрікмендер


  • user icon

    Түрікмендер beatiful post thanks!

    29.10.2014


Түрікмендер
Түрікмендер
Түрікмендер Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Түрікмендер бұл, Түрікмендер кім, Түрікмендер сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...