Tue .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Түркия

түркия кино әлемі, түркия көшелері
Координаттар:39°03′00″ с. е. 34°57′00″ ш. б. / 39.05° с. е. 34.95° ш. б. (G) (O)39.05, 34.95

Түркия, Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Мазмұны

  • 1 Географиясы
    • 1.1 Жер бедері
    • 1.2 Пайдалы қазбалары
  • 2 Климаты
  • 3 Ішкі сулары
    • 3.1 Өзендері
  • 4 Көл мен бөгендері
  • 5 Өсімдіктері мен жануарлары
  • 6 Тарихы
  • 7 Түркияның әкімшілік бөлінуі
    • 7.1 Ірі қалалар
  • 8 Туризм
  • 9 Суреттер
  • 10 Қызықты мәліметтер

Географиясы

Түркия ғарыштан көрінісіТавр тауларыТавр таулары

Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқандығы. Боспор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлықтын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты.

Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Боспор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Боспор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан.

Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.

Жер бедері

Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады.

Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді.

Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедағ ( 3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар.

Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан.

Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан.

Елдің солтүстік шығысында Әрменстан Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.

Пайдалы қазбалары

Түркия жерінде 100 түрлері пайдалы қазбалар кездеседі. Олар:хром, мұнай, тас көмірі және т.б. Елде темір, қорғасын, мырыш,сынап кен көп. Тұз көлінде көп тұз кендер бар.

Климаты

Түркия — тау елі, сондықтан осы жерде Континентік климат болып тұр. Орталық елдін жерде климаты шұғыл-континенттік. Қыста суық болады, ал жазда ыстық. Тек-ғана теңіз жанында климат Субтропикалық болады. Жерортамен Эгей теңізде ауа райы өте ыстық болады. Осы жерде Жерорта климат болып тұр. Жаздын орташа температурасы + 29-31 С° құрайды. Қыста жауын-шашын көп жауады. Ауа температурасы +15 С° құрйды. Ашық күн болмайды. Ауасы салқын болу-мүмкін. Қар өте сирек жауады. Жерорта теңіздің орташа температурасы +18 С°. Эгей теңізде ауа-райы салқын тек-ғана қыс айларында болады. Жазда өте ыстық. Орташа Ылғалдырық 60% жетеді. Қара теңізде климаты қоныржай-теңіздік. Мұнда көп жаын-шашын болады. Жазда ашық күн көп болады, ал қыста жиі-жиі жауын-шашын жауады. Оңтүстiк-шығыста Тропикалық климаты тұр. Мұнда жауын-шашын өте аз болады және жыл бойы ыстық болу-мүмкін.

Ішкі сулары

Түркияның жер бедерінің әр түрлі блуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді.

Республика аумағында ішкі сулар бірнеше түрге бөлінеді. Олар:өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.

Өзендері

Түркия аумағында ірілі-ұсақты көп өзен бар. Олардың ішінде 1 өзен (Қызылырмақұзындығы 1000 км-ден асады. Басқа өзендер:Ефрат, Сакария, Мұрат, Қарасу, Тигр).

Республиканың барлық өзендері Қара теңізге және Эгей теңізге құяды.

Көл мен бөгендері

Ван көліТұз көлі

Түркияда аз және айдын шалқар көлдер және бөгеттердiң жиыны бар болады. Елдiң 11% аумақтары Көл және батпақтарда орналасады. Бұл көлдердiң көпшiлiгi Мәрмәр және Жерорта теңiздер, Орталық және Шығыс Анатолийына өлкелердегi жұмылдырған. Өзi елдiң iрi Көлдерi - бұл Эрчек, Чылдыр және хазар 451 Көл мi шақырым 3173 шаршы аудан Шығыс Анатолийына Ван көлі тереңдiк Түркия өлкесi өзi бай Көлдерде орналастырған - Шығыс Анатолийына. Ауданның негiзгi суаттары Бейшехир, Эгирдир бұл тұщы Көлдер Көл аудандарымен деп атайтын Батыс Мұз құрсау, сонымен бiрге Аджигёль және Бурдурдiң соры. Сапанджа, Изник, Улубат, Маньяс, Теркос, Кючюкчекмедже және Бююкчекмедже Көлдер Мәрмәр теңiзiнiң өлкесiнде орналастырған. Орталық Көл Анатолийына майда және өте тұзды. Түркия Көл екiншi мәнменiне - шақырым 1500 шаршыға тұз, алылатын аудан Көл, Акшехир және эбердi Көлдерде осы жерде болады.

Өсімдіктері мен жануарлары

Түркияда 6 700 түрлері өсімдіктер бар. Үштен екі түрлері тек-ғана осы жерде өседі. Қара теңіз жағасында қалың орман өсіп тұр. Осы жерде Армян емен, сәнді үйеңкі және шамшат өседі. Жерорта теңіз жағасында бұта көп және жерорта қарағайлар өседі. Ал грек жанғақ, бадам және емен сирек кездеседі. Эгей теңізде көп мәңгі жасыл ағаштар өсіп тұр. Ел ортада құрғақшылыққа төзімді бұта мен ағаштар бар.

Елде көп тұрлері жануарлар көп. Тау орманда марал, кербұғы, елік, жабайы шошқа, қабылан мен аюлар кездеседі. Далада бауырымен жорғалаушылар бар.

Тарихы

Аңызға айналған Троя қабырғалар

XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары кірді. Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжүктер византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжүктер олардың Кіші Азиядағы, Сүрия мен Палестинадағы иеліктерді тартып алды.

Бірақ та Ирак, Иран, Сүрия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжұқ империясы біраздан кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Оның Кіші Азиядаға бөлігі өзін Конья сұлтандығы деп жариялады оның астанасы Конья (бұрынғы Иконий) қаласында болды. Крестшілердің жорықтарына, Кіші Азия мен Қиыр Шығыстың корольдіктеріне (Антиохия, Кіші Әрменстан, т.б.) тойтарыс бере алған Конья сұлтандығын 1318 жылда Хулагу хандығы құлатты.

Соған дейін, XII ғасырдың басында, Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдардан құтылып, Хорасаннан Сүлеймен ханның басшылығымен оғыздар Әрменстанға, одан кейін, оның баласы Ертоғырыл ханның кезінде Кіші Азияға көшіп кетті де, Кония сұлтаны Ала-эд-дин Византиямен соғыста көмектесті, сондықтан ол оғыздарға Ангора(Анкара) мен Брусса (Бурса) қалаларының арасындағы жерлерді берді.

Ертоғырылдың баласы Осман бей Византиямен күресте оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Кония сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман мемлекетін құрды.

Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) елордасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүріктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрік сайланды.

Түркияның әкімшілік бөлінуі

Аудандар:

  • Эгей ауданы
  • Қара теңіз ауданы
  • Орталық Анатолия ауданы
  • Шығыс Анатолия ауданы
  • Мәрмәрә ауданы
  • Жерорта теңіз ауданы
  • Оңтүстік-Шығыс Анатолия ауданы

Ірі қалалар

ОрыныҚала19902000200720082009Провинция
1Ыстамбұл6 629 4318 803 46810 861 46310 878 36010 895 257Ыстамбұл (ил)
2Анкара2 583 9633 203 3623 842 7373 894 1823 945 627Анкара (ил)
3Измир1 758 7802 232 2652 644 5312 672 1262 699 721Измир (ил)
4Бурса834 5761 194 6871 537 0401 589 5301 642 020Бурса (ил)
5Адана916 1501 130 7101 506 2721 517 7871 529 302Адана (ил)
6Газиантеп603 434853 5131 192 0231 235 8151 279 607Газиантеп (ил)
7Конья513 346742 690973 791980 973988 155Конья (ил)
8Анталья378 208603 190877 945911 497945 049Анталья (ил)
9Кайсери425 776536 392775 594781 119786 644Кайсери (ил)
10Мерсин481 459633 691692 300696 518700 736Мерсин (ил)
11Эскишехир413 082482 793581 408599 796618 184Эскишехир (ил)
12Диярбакыр373 810545 963613 332613 821614 310Диярбакыр (ил)
13Денизли237 918357 557465 947479 381492 815Денизли (ил)
14Шанлыурфа276 528385 588472 238468 993465 748Шанлыурфа (ил)
15Самсун322 982388 509459 781461 640463 499Самсун (ил)
16Эсеньюрт70 280148 981335 316373 017410 718Стамбул (ил)
17Малатья270 412381 081419 212411 181403 150Малатья (ил)
18Адапазары272 039283 752382 226390 624399 022Сакарья (ил)
19Кахраманмараш228 129326 198380 805385 672390 539Кахраманмараш (ил)
20Эрзерум242 391361 235361 160359 752358 344Эрзурум (ил)
21Ван155 623284 464331 986342 139352 292Ван (ил)
22Элязыг204 603266 495319 381312 584305 787Элязыг (ил)
23Батман147 347246 678293 024298 342303 660Батман (ил)
24Султанбейли82 298175 700272 758282 026291 294Стамбул (ил)
25Измит190 741195 699285 470287 970290 470Коджаэли (ил)
26Сивас223 115251 776294 402288 693282 984Сивас (ил)
27Гебзе159 116253 487270 614274 271277 928Коджаэли (ил)
28Маниса158 928214 949281 890278 967276 044Маниса (ил)
29Балыкесир170 589215 436241 404247 072252 740Балыкесир (ил)
30Санджактепе46 013144 351223 755227 602231 449Стамбул (ил)
31Тарсус187 508216 382229 921228 471227 021Мерсин (ил)
32Трабзон161 886214 949230 693220 860211 027Трабзон (ил)
33Чорум116 810161 321202 322206 572210 822Чорум (ил)
34Чорлу74 681141 525190 792200 577210 362Текирдаг (ил)
35Каяпынар10 95868 150166 905185 626204 347Диярбакыр (ил)
36Османие122 307173 977180 477189 112197 747Османие (ил)
37Адыяман100 045178 538191 627193 250194 873Адыяман (ил)
38Кютахья130 944166 665212 934202 118191 302Кютахья (ил)
39Кырыккале185 431205 078193 526192 341191 156Кырыккале (ил)
40Антакья123 871144 910186 243188 310190 377Хатай
41Бейликдюзю15 20297 985186 789185 633184 477Стамбул (ил)
42Бююкчекмедже54 47597 615144 666163 140181 614Стамбул (ил)
43Искендерун154 807159 149177 294176 374175 454Хатай
44Айдын107 011143 267168 216171 242174 268Айдын (ил)
45Ұшак105 270137 001172 709173 053173 397Ушак (ил)
46Арнавуткёй42 74998 930141 143156 333171 523Стамбул (ил)
47Ақсарай90 698129 949153 570161 323169 076Аксарай (ил)
48Испарта112 117148 496184 735175 815166 895Испарта (ил)
49Афьон95 643128 516159 967163 207166 447Афьонкарахисар (ил)
50Инегёль73 258119 710154 698158 575162 452Бурса (ил)

Туризм

Түркияда туристік сервис өте жақсы дамыған. Елде көп теңіздік курорттар мен көз тартарлықтай орын бар. Ең әйгілі орындар. Олар:

  • Ыстамбұл — (түр. Istanbul) - Ислам мен Византиялық мәдениет мұралары
  • Каппадокия — (түр. Kappadokya) -Түркияның ең ғажап жер. Каппадокия бұл табиғаты мұралары қалыптасуы.
  • Эгей теңізі — (түр. Ege denizi) - Антикалық мұралары және қираған көнегрекиялық мен римдық көне қалалар.
  • Жерорта теңізі — (түр. Ak deniz) - Теңіздіқ курорттар Түркияның оңтүстік жағасы.

және т.б

Суреттер

Қызықты мәліметтер

  • Түркияның бастамасымен ЮНЕСКО Әлем Мәдени мұрасы тізіміне 1982 жылдан бері Ыстамбұлдың тарихи жерлері, Сафранболу қаласы, Хаттушаш Хэт астанасы, Немрут тауы, Ксантос Летон, Дивриги Ұлы мешіті мен емханасы, Троя ежелгі қаласы, Памуккале Хиераполис, Гөреме Ұлттық саябағы мен Каппадокия алынған болатын.
  1. Қайнар көз

Ыстамбұл - бұл екі құрлықтың, Еуропа мен Азияның арасында орналасқан жалғыз қала. Мыңдаған жылдар бойы Ыстамбұл тарихтағы үш империяның астанасы болды. Олар:Рим, Византия және Осман империялары. Көптеген археологтар мен библеистер Нұх пайғамбардың кемесi Шығыс Түркиядағы Арарат тауында қалған деп есептейді. Әлемдегі барлық орман жаңғағының 70%-ын Түркия өндіреді. Хазіреті Мария өмірінің соңғы жылдарын Түркияда өткізді.

  1. Қайнар көз

түркия кино әлемі, түркия көшелері, түркия тарихы, түркия қалалары, түркияның ерекшеліктері


Түркия Туралы Ақпарат

Түркия


  • user icon

    Түркия beatiful post thanks!

    29.10.2014


Түркия
Түркия
Түркия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Түркия бұл, Түркия кім, Түркия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...