Fri . 19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Түлкібас ауданы


Түлкібас ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан аудан. Жер аумағы 2,3 мың км². Тұрғыны 90,0 мың адам (2004). Халқының орташа тығызд. 1 км²-ге 39,1 адамнан келеді. Ауданы орт. – Тұрар Рысқұлов ауылы.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Табиғаты
  • 3 Әлеуметтік-экономикалық жағдайы
    • 3.1 Өнеркәсіп
    • 3.2 Ауыл шаруашылығы
    • 3.3 Шағын кәсіпкерлік
    • 3.4 Бюджет
    • 3.5 Әлеуметтік сала
    • 3.6 Денсаулық сақтау
    • 3.7 Мәдениет
    • 3.8 Білім беру саласы
    • 3.9 Инвестиция
  • 4 Дереккөздер

Тарихы

Aудан Сырдария округіне қарасты, Шымкент уезі, Майлыкент болысының аумағында, орталығы Түлкібас стансасы болып, 1928 жылы 17-ші қаңтарда құрылғандығын мұрағат құжаттары растайды.

1930 жылы 17-ші желтоқсандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес, осы жылдың 23-ші шілдесінде Түлкібас ауданы, Жуалы ауданына қосылды. Бес жылдай Жамбыл облысының қарамағында болып, 1935 жылы 9-шы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қайта шаңырақ көтеріп, орталығы Ванновка ауылы болып бекітілді. 1963-1966 жылдары Сайрам ауданында болды. 1928 жылдан тәуелсіздік алған жылдарға дейін ауданды 19 азамат басқарған. Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін ауданды 8 әкім басқарған.

1993 жылы 7-ші қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақтың қайсар ұлы Тұрар Рысқұловтың 100 жасқа толу құрметіне орай, аудан орталығы Ванновка ауылы Тұрар Рысқұлов ауылы болып өзгертілді. Қазіргі таңда аудан орталығы - Тұрар Рысқұлов болып аталады.

Аудан басшылары: Әбдуәлиев Қайрат Аманкелдіұлы - аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары - Жанисенов Марат Сүгірәліұлы, Маткерімов Отепбай Амалбекұлы, Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы.

Табиғаты

Мақтан тұтар байлығыныз бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында-21255 га., Төле би ауданында-53597 га, Бәйдібек ауданында-231 га., Жамбыл облысы, Жуалы ауданында-10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен - Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында 20 мыңнан астам адам тұрады. Ауылды қақ жарып өтетін орталық көше бұрын Ленин атында еді, 1994 жылы Тұрар Рысқұлов есімі берілді. Аудан орталығында бүкіл Әлемге белгілі тарихшы-ғалым, қолбасшы - қайраткер Мұхаммед Хайдар Дулати мен түрік жұртына ортақ тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылған.

Көне тарих - бұрынғы ата-бабаларымыздың жолы. Өткен ғасырдан біздің дәуірімізге дейін сан қилы құпиясын қойнына алып, ежелгі дүниенің көне көз елшісіндей болған тарихи ескерткіштер біздің ауданымызда да жетерлік. Аудан аумағында бұрындары болған «Шарафкент», «Будухкент», «Томтодж», «Абардадж» деген үлкен қалалардың орны анықталған.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Өнеркәсіп

2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен өнеркәсіп кәсіпорындары-1 млрд. 967 млн. теңгенің өнімін өндірді. (2006 жылдың тиісті кезеңі-1 млрд. 732 млн. теңге). Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,5 пайызға артқан.

Аудандағы өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі «Түлкібас әк зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Састөбецемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Түлкібас мелькомбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамы және «Үміт СД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемелеріне тиесілі.


Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен - 2 млрд. 441 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға өскен. (2006 жылдың алты айында - 2 млрд. 350 млн. теңге).

Ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін статистика мәліметіне қарап, талдап өтетін болсақ: сүт өндіру 2006 жылдың I-жартыжылдығымен салыстырғанда 103,1 пайызға өсіп, 24021 тоннаны, жұмыртқа өндіру 104,4 пайызға өсіп, 9036,0 мың дананы, ірі қара мал басы 102,8 пайызға өсіп, 36641 басты, оның ішінде сиырлар саны 101,9 пайызға өсіп, 16956 басты, қой мен ешкінің басы 100,9 пайызға өсіп, 113619 басты, жылқының басы 101,7 пайызға өсіп, 10895 басты құрады.

2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен 6065 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119,9 пайызға артқан (2006 жылдың тиісті кезеңінде 5059 ірі қара мал ұрықтандырылған).

Үкімет тарапынан 2007 жылға ауданға-40 млн. теңге субсидия бөлінді. Қазіргі уақытта 816 шаруашылықтың құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне-34177,2 мың теңгеге өткізілді, яғни 85,4 пайызға игерілді.

«Түлкібас несие серіктестігі» ЖШС арқылы аудан шаруашылықтарына-108,1 млн. теңге несие берілді. Оның-13,9 млн. теңгесі егістік жұмыстарына, мал шаруашылығымен айналысуға-94,2 млн. теңге берілді.

«Ауыл тұрғындарын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы аудан тұрғындарына-13,8 млн. теңге шағын несие (60 мыңнан-130 мыңға дейін) таратылып берілді.

Аудан бойынша Европалық банктің қайта өндеу саласын дамыту секторы арқылы аудандағы-14 шаруашылыққа 3-4 жылға 16 пайызбен-21 млн. теңге қаржы берілді.

Шағын кәсіпкерлік

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2007 жылдың І-жартыжылдық қорытындысымен өнім көлемі-573,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147 пайызға өсті. (2006 жылдың І-жартыжылдығы-390,72 млн. теңге). Өнім көлемінің артуынан бюджетке-93,9 млн. теңгеге салық түсімдері түсіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда-43 млн. теңгеге өсті ( 185 пайыз ).

Келтемашат ауылында «МАSHAT Марсель» газдалмаған табиғи ауыз суы шығарыла бастады. Бұлақ суы арнайы орнатылған Қытай-Ресейдің желілерінде тазаланып 5 литрлік полиэтиленді ыдыстарға құйылады. Бұл желіден сағатына 350 ыдыс су шығаруға болады. Қазіргі уақытта жұмысқа осы ауылдың жиырма тұрғындары тартылып, екі ауысымда жұмыс істеуде.

Бюджет

Аудан экономикасы дамуының негізгі көрсеткіші болып саналатын бюджеттің кіріс бөлігіне салықтар мен түсімдер контингент бойынша 2007 жылдың І-жартыжылдығында жоспарланған-402,3 млн. теңгенің орнына-416,9 млн. теңге түсіп, жоспар 104 пайызға орындалды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 141 пайызға өсті (2006 жылдың І-жартыжылдығы-294,8 млн. теңге).

Аудандық бюджетке салықтар мен түсімдер 2007 жылдың І-жартыжылдығына жоспарланған-249,5 млн. теңгенің орнына-259,3 млн. теңге түсіп, жоспар 104 пайызға орындалды. Алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 139 пайызға өсті. (2006 жылдың І-жартыжылдығында-186,3 млн. теңге).


Әлеуметтік сала

2007 жылдың І-жартыжылдық қорытындысымен жұмыссыздықты төмендету барысында аудан бойынша 303 хабарласқан жұмыссыздың барлығы жұмыспен қамту бөлімінде тіркеліп, 203 адам жұмыспен қамтылды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2006 жылдың І-жартыжылдығында 1102 адам болса, осы жылдың І-жартыжылдығында 854 адамды құрады (22,5 пайызға төмендеген). Ауданда 154 отбасыға-3 млн. 897 мың теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге төмендеген.

Ауыл округтері бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларға-15,5 млн. теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.

Мұқтаж отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындау жұмыстары жүргізіліп, 238 отбасына-2 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

Аудан экономикасының барлық салаларында 2007 жылдың І-жартыжылдығында жаңадан жалпы 151 жұмыс орны ашылды.

Денсаулық сақтау

2007 жылдың денсаулық сақтау саласына жоспарланған-403,2 млн. теңгенің-387,7 млн. теңгесі игерілді. Бір тұрғынға шаққандағы бөлінген қаржы-8762 теңгені, бір күндік дәрі-дәрмек қаржысы-509,9 теңгені, бір күндік тамақ қаржысы-290,7 теңгені құрап отыр.

Балалар өлімінің 1000 балаға шаққандағы көрсеткіші 83,9 пайызды құрап отыр.

2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен-201,8 млн. теңге бөлінген, соның ішінде:

-аудандық аурухана ғимаратына-181,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта 80,5 млн. теңгесі қаржыландырылды;

-Машат дәрігерлік амбулаториясына-5,5 млн. теңгесі;

-аудандық емхана ғимаратына-14,8 млн. теңге бөлінген.

Машат ауылдық округінің Мыңбай ауылында демеушілер есебінен Машат фелдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарына 60 млн. теңге инвестиция тартылады деп күтілуде.


Мәдениет

-Қаңтар айында «Жан азығы ән мен күй» атты концерті;

-26 ақпан күні қазақ, өзбек, түрік, славян ұлттық-мәдени орталықтарының қатысуымен «Әуендері үндескен ұлттар сазы» атты концерті;

-21 наурыз күні мәдениет сарайында «Наурыз аруы-2007» қыз сыны байқауы;

-18 мамыр күні Қазақстан халықтарының ұлттық тілдері мен салт-дәстүрлерінің дамуына ықпал ету, өзге ұлт жастарының өз ана тілдерімен қоса мемлекеттік тілді жан-жақты меңгеруіне жұмылдыру мақсатында ұлттық ұлттық-мәдени орталықтардың арасында «Тіл - халықтар достығының дәнекері» атты аудандық байқау;

-29 мамыр күні Жаскешу ауылдық округіне қарасты көл маңында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партияның ұйымдастыруымен облыстық «Этноауыл» театрландырылған көрме байқауы;

-31 мамыр күні Т.Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайының алдында 1937-1938 жылдары «Нәубет» қасіретіне байланысты «Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу» кездесу кеші;

-«1 маусым - балаларды қорғау күніне» орай асфальтқа сурет салу және спорттық ойындардан жарыстар;

-13 маусым күні «Ақ халатты абзал жандар» атты медицина қызметкерлер күніне арналған мәдени іс-шаралар өткізілді.

Ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы жоспарлы түрде іске асырылуда, 2007 жылы 101550 түп ағаш отырғызу жоспарланып, бүгінгі күнге барлығы 114301 түп ағаш отырғызылды.


Білім беру саласы

Бұл саланы қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 2007 жылдың І-жартыжылдығында-1085,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 151 пайызға артық.

Қазіргі кезде аудан көлемінде 57 мектеп бар болса, оның 42 орта, 5 негізгі және 10 бастауыш мектеп. Онда 19864 оқушы дәріс алуда. Аудандағы жалпы 57 мектептің 56 мектебіне телефон орнатылған. Бүгінгі таңда барлық мектептер компьютер техникасымен толық қамтамасыз етілген. Оның ішінде 49 мектеп Интернет жүйесіне қосылған, 14 мектеп мультимедиялық-лингафонды кабинеттермен қамтамасыз етілген. 18 мектепте қашықтан оқыту орталығы орналасқан.

Аудан мектептерінің 11-сынып оқушыларымен өткізілген Ұлттық бірыңғай тестке 1445 мектеп бітірушілердің 1111 оқушы қатысып, орта балл 76,5 болды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,4 балға жоғары (өткен жылы-68,1 балл). «Алтын белгі» белгісіне үміткер 27 оқушының 24-і, ал «Үздік аттестатқа» үміткер 16 оқушының 5-і өз білімдерін дәлелдеп шықты. Ломоносов атындағы көп салалы мектеп-гимназияның оқушысы Мансурова Алуа мен «Түркібасы» лицейінің оқушысы Сарыбаев Нұрлан Ұлттық бірыңғай тесттен 120 балл жинады. Бұл Республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. ҰБТ-нің қорытындысы бойынша 244 түлек 100 және 100-ден жоғары балл жинады.

Инвестиция

2007 жылдың І-жартыжылдың қорытындысымен негізгі капиталға-436,1 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 131,6 пайызға өсті (2006 жылдың І-жартыжылдығы-331,3 млн. теңге). Оның ішінде-97,4 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен - 204,1 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен-134,6 млн. теңгесі кәсіпорындар және халықтың өз қаржысы есебінен тартылды.

Дереккөздер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны


Түлкібас ауданы Туралы Ақпарат

Түлкібас ауданы


  • user icon

    Түлкібас ауданы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Түлкібас ауданы
Түлкібас ауданы
Түлкібас ауданы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Түлкібас ауданы бұл, Түлкібас ауданы кім, Түлкібас ауданы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...