Tue .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Тянь-Шань

тянь-шань фото, тянь-шаньская пихта
 Қазақстан
 Қырғызстан
 Қытай
 Өзбекстан
 Тәжікстан

Пайда болған кезеңі

Каледон, герцин

Ұзындығы

2500 км

Ені

400 км

Ең биік шыңы

Жеңіс шыңы

Биіктігі

7439 м

Тянь-Шань

Тянь-Шань (қыт. тянь – аспан, шань – тау), Тәңіртау – Азияның орталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Орографиялық құрылысы
  • 3 Геологиялық құрылымы
  • 4 Климаты
  • 5 Мұздықтары, өзен-көлдері
  • 6 Өсімдіктері
  • 7 Қорықтары
  • 8 Дереккөздер

Географиялық орны

Тянь-Шаньның орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Іле аңғары, Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырына сәйкес келеді. Ең биік жері – Жеңіс шыңы (7439 м.). Тянь-Шань ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады.

Орографиялық құрылысы

Орографиялық құрылысы жөнінен Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс және Оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Солтүстік Тянь-Шань жоталары 4,5 мың метрден биік:Теріскей Алатауы (5218 м), Іле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м). Кейбір жоталар тауаралық қазаншұңқырларда доға тәріздес иіліп орналасқан. Батыс Тянь-Шаньға Ферғана, Талас Алатауы мен одан таралатын Өгем, Піскем, Шатқал жоталары және Қаратау жатады. Батыс Тянь-Шань жоталары бірте-бірте солтүстік-батысқа қарай 4,5 мың метрден 2,5 – 2 мың метрге дейін аласарады. Ферғана аңғары Батыс және Оңтүстік Тянь-Шаньды бір-бірінен бөледі. Орталық (Ішкі) Тянь-Шаньға солтүстікте Ыстықкөл қазаншұңқырынан оңтүстік-батыста Ферғана қазаншұңқырына, оңтүстік-шығыста Көкшаал-Тоо жотасына дейінгі аралық кіреді. Бұл бүкіл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Әсіресе, оның шығыс бөлігі барынша биік (Жеңіс шыңы – 7439 м, Хан Тәңірі шыңы – 6995 м). Ортaлық Тянь-Шаньға сырт деп аталатын беті белесті, 3000 – 4000 метр биіктікте жатқан, жан-жағы биік жоталармен қоршалған тау қыраттары тән. Оңтүстік Тянь-Шань Алай жотасы, Түркістан, Зерафшан және Гиссар жоталарынан тұрады. Бұл жоталардың остік бөлігі тұтас және ондаған км-ге созылады. Шығыс Тянь-Шань ендік бойымен созылған аңғарлар, қазаншұңқырлармен бөлінген екі қатар тау жоталары белдеуінен тұрады. Борохоро, Еренқабырға, Богдо-Ола, Қарлытау жоталары құрайтын солтүстік белдеу ұзын – шығыста 95 ш.б-қа дейін жетеді. Оңтүстік белдеу қысқарақ (90 ш.б-қа дейін), басты жоталары:Халықтау, Сарман-Ула, Құрлықтау. Жоталардың басы 4000 – 5000 м биікке көтеріледі. Шығыс Тянь-Шань етегінде құрлықтағы терең қазаншұңқырлардың бірі – Турфан ойысы орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Тянь-Шань Орал-Моңғол геосинклиналдық белдеуінің орнында пайда болған. Солтүстік Тянь-Шань каледон, Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань герцин таужаралымда қатпарланған. Палеозой қатпарлықтарында түзілген таулар жоғары пермьде пенепленге ұшыраған. Қазіргі жер бедері неоген мен төрттік кезеңдегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Тянь-Шань тау жоталары палеозой мен кембрийге дейінгі дәуірлердің тау жыныстарынан құрылған, ал тауаралық қазаншұңқырлар кайнозой және ішінара мезозой шөгінділерімен толған. Ежелгі тау жыныстарымен сынап, түсті және сирек металл, фосфорит кен орындары байланысты. Тауаралық қазаншұңқырлардағы мезо-кайнозой шөгінділеріне мұнай, қоңыр және тас көмір шоғырланған.

Климаты

Мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде жатуына және жан-жағынан шөлдер қоршауына байланысты Тянь-Шаньның климаты тым континенттік, құрғақ. Көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде, ал оңтүстік-батыс жоталарға құрғақ субтропиктердің әсері тиеді. Тау етегінің ыстық, құрғақ климатынан биік тау басының нивальдық климатына дейін орын алады. Шілденің орташа температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20 – 250С, орта өңірде 15 – 170С, биік тау басында 0 0С және одан да төмен. Қаңтардың орташа температурасы тау етегінде –2 – 40С (оңтүстікте), –6 – 80С (солтүстікте). Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады. Қыс айларында температуралық инверсия кең алқапты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз – сәуір) тура келеді. Континенттік және құрғақ климатқа сәйкес құрғақшылық ландшафт типтері басым. Тау алды еңіс жазықтарын, көпшілік жоталардың етегі мен кейбір тауаралық қазаншұңқырларды шөлейт, шөл ландшафттары алып жатыр.

Мұздықтары, өзен-көлдері

Батыс Тянь-Шань

Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км2, мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық Тянь-Шань (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км2, ұзындығы 60 км-дей). Ірі мұздықтар Іле, Қырғыз, Теріскей Алатауларында, Ақшырақ, Көкшаал-Тоо, Шығыс Тянь-Шаньдағы Еренқабырға, Халықтау, т.б. жоталарда шоғырланған. Көбінесе аңғарлық, кар және ілінбе мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталық Азияның ішкі алаптарына (Нарын, Сарыжаз, Сырдария, Іле, Шу, Тарим, т.б.) жатады. Ірі көлдері – Ыстықкөл, Сонкөл, Шатыркөл.

Өсімдіктері

Тянь-Шань тауындағы өзен

Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньның сұр топырағында көктемдік бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер басым (қоңырбас, құмқияқ, таспа, т.б.). Шығыс Тянь-Шаньда қылша, кей жерлерінде сексеуіл тоғайлары, қалған бөлігінде жусан мен сораң өседі. Тауалды өңірінің жоғары бөлігін солтүстікте 1600 – 2100 м, Шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі. Батыс Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерін 1000 – 1200 метрден 2500 – 2600 метрге дейін, шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерін 1800 метрден 3000 м биіктікке дейінгі аралықтағы қызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу, бетеге, өлең). Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньда шоқ-шоқ болып өскен жаңғақ, жеміс ормандары таралған. 2000 мтерден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі. Субальпі және альпі шалғындары негізінен 3000 – 3200 метрден жоғары солтүстік беткейлерді қамтиды. Орталық Тянь-Шань сырттарын суық шөл алып жатыр. 3600 – 3800 м биіктікте гляциалды-нивальды (мұзды-қарлы) белдеу басталады. Жоғарғы биіктіктегі ішкі тұйық қазаншұңқырларға тастақты шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафты сипатты.

Қорықтары

Ақсу-Жабағылы қорығы

Тянь-Шань табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішінде Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылы Алматы маңы Іле Алатауы ұлттық паркі кұрылды. \

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 9 том
  2. ↑ Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы:Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х

тянь-шань, тянь-шань сілеусіні, тянь-шань тауы, тянь-шань фото, тянь-шань қоңыр аюы, тянь-шаньская пихта


Тянь-Шань Туралы Ақпарат

Тянь-Шань


  • user icon

    Тянь-Шань beatiful post thanks!

    29.10.2014


Тянь-Шань
Тянь-Шань
Тянь-Шань Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Тянь-Шань бұл, Тянь-Шань кім, Тянь-Шань сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар:14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Мякинино (Мәскеу)

Мякинино (Мәскеу)

XVIII ғасырҚосылу сәтіндегі жағдай КунцевоМетро станцияларыМякинино, Крылское, Шукинск
Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы - әуесқой боксшылардың Ресей Федерациясы Кеңес Одағы ыдырағаннан және КСРО Бо
Ishikawa, Kasumi

Ishikawa, Kasumi

Касуми Ишикава Яп 石川 佳 純 Ишикава:Касуми 1993 жылы 23 ақпанда дүниеге келген - жапондық спортшы, үст
Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Татьяна СветловаТуған күні:4 қараша 1959-1959-11-04 58 жаста Туған жері:Мәскеу Азаматтығы:Азама