Tue . 18 Nov 2018

Тянь-Шань таулы өлкесі


Тянь-Шань таулы өлкесі, Қазақстан жерінің оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігін қамтиды. Негізінен ендік бағытқа жақын жатқан тау тізбектерінен құралады. Биік шыңдары – Жеңіс (7439 м) және Хантәңірі (6995 м). Қазақстанға Қаратау, өгем, Қырғыз Алатауы, Шу-Іле таулары, Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара) жоталары қарайды. Тянь-Шань жоталары палеозой және кембрийге дейінгі шөгінді, метоморфтық және атпа жыныстарынан түзілген. Қазаншұңқырлары мен аңғарлары негізінен кайнозойдың борпылдақ шөгінді жыныстарымен жабылған. өлке протерозой, каледон және герцин қатпарлық қозғалысына ұшыраған. Герциннен кейінгі уақытта палеозойлық жоталар пенеплендік (тегістелу) процеске ұшырап, бүкіл палеоген және неогеннің басында Тянь-Шань түгелдей тектоникалық көтерілімі, төмендеуі байқалған платформа болған. Неогеннің аяғынан бастап бүкіл төрттік дәуірді қамтыған күшті дифференциалдық қозғалыс амплитудасының артуынан платформалық режим бұзылып, қазіргі Тянь-Шаньның жер бедерлік пішіні қалыптасқан. өлке өзен торына бай. Оның сұр және сортаң топырақты шөлді бөлігі қызғылт қоңыр және қара топырақ жамылғысындағы бұта және ағаш сирек өсетін бөктерлік шөлейт пен дала белдемдеріне ауысады. Тау жоталарының орта белдеуіндегі қалың орман өскен қоңыр топырақты жерлер жоғарырақтағы қылқан жапырақты орманды алқапқа жалғасады. Одан биігіректе альпі шалғыны белдемі орналасқан. Тянь-Шань таулы өлкесі 2 облысқа және 6 өңірге бөлінеді.

Сілтемелер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том



Тянь-Шань таулы өлкесі Туралы Ақпарат

Тянь-Шань таулы өлкесі


  • user icon

    Тянь-Шань таулы өлкесі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Тянь-Шань таулы өлкесі
Тянь-Шань таулы өлкесі
Тянь-Шань таулы өлкесі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Тянь-Шань таулы өлкесі бұл, Тянь-Шань таулы өлкесі кім, Тянь-Шань таулы өлкесі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Хальсбрюке

Хальсбрюке

Хальсбрюке (нем. Halsbrücke) — Германия Федеративтік Республикасының Саксония жерінде орналасқан мун...
Марпире

Марпире

Марпире (фр. Marpiré) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Иль және Вилен департаментінде...
Тулон-сюр-Арру

Тулон-сюр-Арру

Тулон-сюр-Арру (фр. Toulon-sur-Arroux) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Сона және Л...
Байхл (Миссури)

Байхл (Миссури)

Байхл (ағылш. Biehle) — Миссури штатының Perry округіне жататын АҚШ қаласы. Қала тұрғындарының саны ...