Wed .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Тыва

тыва республика, тыва сигиш
Координаттар:51°47′ с. е. 94°45′ ш. б. / 51.783333° с. е. 94.75° ш. б. (G) (O)51.783333, 94.75

Ресей Федерациясының субъекті

Тыва (Тыуа) Республикасы
Республика Тыва (Тува)
Тыва Республика

Тыва туыТыва елтаңбасы

Елордасы

Қызыл

Жер аумағы

21-ші

- Барлығы
- % су беті

168 604 км²
0,5

Жұрты

77-ші

- Барлығы
- Тығыздығы

310 460 (2013)

1.84 адам/км²

ЖАӨ

80-ші

- Барлығы, ағым. баға
- Жан басына шаққанда

30,6 млрд руб. (2010)

78,0 мың руб.

Федералды округ

Сібір

Экономикалық аудан

Шығыс Сібір

Мемлекеттік тілі

тываша, орысша

Үкімет басшысы

Шолбан Кара-оол

Тыва Республикасының
Жоғарғы Хуралының төрағасы

Кан-оол Даваа

РФ субъектінің коды

17

ISO 3166-2 бойынша коды

RU-TY

Уақыт белдеуі

MSK+4 (UTC+8)

Тыва (Тыуа) Республикасы (тыуаша Тыва Республика, орыс. Респу́блика Тыва́ (Тува́)) — Ресей федерациясының құрамынағы субъект, Тыуаның конституциясы (ата заңы) бойынша — Ресей Федерациясымен біріктірілген демократикалық-құқықтық мемлекет, Шығыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқан.

Жер аумағы 170,5 мың км². 17 ауданнан, 2 қаладан тұрады. Халқы 310 мың адам (2003). Негізгі халық тывалар 198,4 мың (64,3%), оған қоса орыстар 98,8 мың (32%), хақастар, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы – Қызыл қаласы. 2001 ж. 6 мамырда қабылданған конституциясы бойынша Тыва федеративті шарт негізінде өзін-өзі басқаратын субъект. Республиканы халық сайлауы негізінде билікке келетін үкімет төрағасы басқарады. Жоғары заң шығарушы орган – 2 палаталы Жоғарғы Хурал. Жергілікті басқару мекемелері Ресей Федерациясы конституциясы негізінде құрылған. Іс қағаздары тыва және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Тыуа шығыста және оңтүстікте Моңғолиямен, солтүстікте Красноярск өлкесімен, солтүстік-батыста Хақасиямен, солтүстік-шығыста Бурятиямен және Иркутск облысымен, батысында Алтай Республикасымен шектеседі.

Көлемі — 168,6 мың наршы шақырым (км²), Ресей құрамындағы жер көлемі бойынша 24-ші субъект .
Халық саны — 308,5 мың адам (2006), халық тығыздығы — 1,8 адам/1 км² (2006). Қаладағы халықтың саны:51,5% (2006).
Халқының ұлттар бойынша құрылымы:

  • тыуалар — 77%
  • орыстар — 20,1%
  • басқалар — 2,9% .

Ата заң — Тыуа Республикасының конституциясы

Мазмұны

  • 1 Географиясы
  • 2 Табиғаты
  • 3 Тарихы
  • 4 Экономикасы
  • 5 Сілтемелер
  • 6 Дереккөздер

Географиясы

Республика аумағы Сібір мен Орта Азия ландшафттарының қиылысқан жерінде орналасқан. Жерінің 82%-ын тау массивтері (Батыс Саян таулары) алып жатыр. Елдің батыс және орта бөлігінде Тыва қазаншұңқыры орналасқан. Жері пайдалы қазбаларға бай:түсті және сирек металдар, тас көмір, темір кентасы, алтын, сынап, т.б. Климаты қатаң континенттік. Қысы суық, ұзақ температура – 50°C-қа дейін жетеді. Жазы қысқа, ыстық, 40°C-қа дейін болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері қазаншұңқырда 150 – 400 мм, таулы аудандарда 400 – 600 мм-ден 800 – 1000 мм-ге дейін. Республикада 430-ға жуық көл мен 12 мыңнан астам ұсақ өзен бар. өзендерінің барлығы дерлік Енисейге құяды.

Табиғаты

Елдің ойпатты аймақтарында негізінен дала өсімдіктері өссе, шығыс жағындағы тау аңғарлары – қарағайлы орман болып келеді. Жерінің 64%-ын орман алқаптары алып жатыр. Аумағын жан-жануарлар мен құстардың көптеген түрлері (бұлғын, бұғы, марал, аю, т.б.) мекендейді. Оларды сақтап қалу үшін 2 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған.

Тарихы

Тыва жерін адам баласы ежелгі тас ғасырынан мекендей бастаған. Б.з.б. 7 – 3 ғасырларда мал шаруашылығы мен металқалыптасты. Б.з.б. 2 – б.з. 1 ғасырлар аралығында бұл өлке жауынгер ғұн тайпаларының иелігінде болды. 6 – 8 ғасырларда Түрік қағандығының құрамында болса, кейін ұйғырлар, 9 ғасырдың 2-жартысынан қырғыздар үстемдік құрды. 1207 жылдан Шыңғыс ханға бағынып, 13 – 14 ғасырларда Юань әулетінің құрамына кірді. 16 – 17 ғ-ларда моңғолдардың Алтын хан мемлекетіне тәуелді болды. 16 ғасырдан елге будда діні тарай бастады. 17 ғасырдың аяқ кезінен бастап жоңғарларға бағынып, 1757 – 58 ж. жоңғар мемлекеті жойылғаннан кейін 1912 жылға дейін Цинь империясының құрамына кірді. 1914 жылдан Уранхай өлкесі деген атпен Ресейдің протектараты болып жарияланып, ел аумағында Транссібір темір жол магистралі салына бастады. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін 1918 – 21 ж. елде Азамат соғысы қызу жүрді. 1920 ж. 14 тамызда Тану – Тува Халық Республикасы құрылды (1926 жылдан Тува Халық Республикасы деп аталды). 1944 ж. 17 тамызда ТХР Кіші хуралының төтенше сессиясы КСРО-ның құрамына кіруге өтініш білдіріп, сол жылы 13 қазанда Тыва РКФСР құрамына автономиялық облыс ретінде кірді. 1961 ж. 10 қазанда ол РКФСР құрамындағы Тува АКСР-і болып қайта құрылды. 1990 ж. Ресей Федерациясы құрамындағы Тыва (Тува) Республикасы болып жарияланды.

Экономикасы

Ел экономикасы негізінен ауыл шаруашылығы мен шикізат шығарудан тұрады. Ауыл шаруашылығына жер аумағының 23%-ы ғана жарамды. Басты сала – мал шаруа, оның ішінде қой мен ірі қара өсіру. Егін шаруа біршама дамыған. Аң шаруашылығы (бұлғын, ондатр, тиіндер, т.б.) жақсы дамыған, тау-кен өнеркәсібі жоғары деңгейде:деңгейде:түсті металдар, тас көмір, алтын өндіріледі. Жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын шығару да жақсы жолға қойылған.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар:Category:Tuva

Сілтемелер

«Қазақстан»:Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

тыва кинолар, тыва концерт, тыва новости, тыва онлайн, тыва республика, тыва сигиш, тыва сигиштер, тыва хуреш, тыва ырылар, тыва язык книга


Тыва Туралы Ақпарат

Тыва


  • user icon

    Тыва beatiful post thanks!

    29.10.2014


Тыва
Тыва
Тыва Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Тыва бұл, Тыва кім, Тыва сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...