Fri .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Тунис

тунис, тунис на карте
Тунис, Тунис Республикасы (араб.:الجمهورية التونسية‎) – солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Аумағы 163,6 мың км². Халқы 9,3 млн. (2003). Астанасы – Тунис қаласы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 20 уәлаятқа бөлінеді. Халқының 98%-ын арабтар мен берберлер, қалған бөлігін еуропалықтар (негізінен француздар мен италиялықтар) құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Дінге сенушілердің 98%-ы – суннит бағытындағы мұсылмандар. Мемлекеттік басқару формасы – республика. Мемлекет басшысы – президент, ол бір мезгілде Мемлекеттік Кеңестің басшысы болып табылады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Депутаттар палатасы. Ақша бірлігі – тунис динары. Ұлттық мейрамы – ұлт күні – 20 наурыз (1956). Біріккен Ұлттар Ұйымының (1956), Африка Бірлігі Ұйымының (АБҰ) (1957) мүшесі.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Сілтеме

Табиғаты

Аумағының 1/3 бөлігіне жуығын Атлас таулары (ең биік жері – 1544 м) мен тауаралық үстірт (Солтүстік және Биік Тель) алып жатыр, қалған бөлігінде қыраттар мен ойпатты жазықтар басым. Фосфорит, мұнай, темір кентастарының кен орындары бар. Тунистің көп бөлігінің климаты – жерортатеңіздік субтропиктік, оңтүстігінде – тропиктік. Солтүстігінде қаңтар айының орташа температурасы 10°С, шілдеде 26°С болса, оңтүстігінде тиісінше 21 және 33°С. Жауын-шашынның ең көп мөлшері (жылына 1000 – 1500 мм) таулар мен солтүстік Тель үстіртіне, солтүстік пен Оңтүстік бөлігінде 400-ден 600 мм-ге дейін түседі. Елдегі ең ірі Меджер өзені жер суару мен электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Тауларда мәңгі жасыл ормандар, маквис тектес бұталар, жазықтарда – сирек шөптесін өсімдіктер өседі. Ашкель, Бу-Хедма, т.б. ұлттық бақтары бар.

Тарихы

Біздің заманымыздан бұрын 12 ғасырда Тунис аумағында финикиялық колониялар пайда болды. Олардың ішіндегі негізгісі – Карфаген. Біздің заманымыздан бұрын 2 ғасырда римдіктер Тунистің солтүстік-батыс бөлігін, кейіннен қалған бөлігін жаулап алды. 5 ғасырдан бастап Тунис вандалдардың, соңынан Византияның билігінде болды. 8 ғасырдан бастап Араб халифатының құрамына енді. 909 – 1160 жылы Тунис Фатимидтер мемлекетінің, 1229 – 1574 жылы Хафсидтер әулетінің билігінде болды. 1574 – 1881 жылы Осман сұлтандығының құрамына кіріп, 1881 – 1956 жылы француз протектораты. 1956 жылдың наурызынан бастап тәуелсіз мемлекет.

Экономикасы

Тунис – Африкадағы салыстырмалы түрде дамыған тау-кен өнеркәсібі бар аграрлы ел. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 1820 АҚШ долларына тең (2003). Тунис экономикасының негізін мұнай, фосфорит өндірісі мен туризм құрайды. Ел аумағының 32%-ы ауыл шаруашылығына қолайлы. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – егіншілік. Бидай, қара бидай, зәйтүн ағашы, құрма, цитрустық жемістер, жүзім өсіріледі. орталығы және Оңтүстік аудандарда мал шаруашылығы басым (қой, ешкі, ірі қара мал). Аздаған мөлшерде ағаш дайындалады. Балық кәсіпшілігі (жылына 84 т), электр өндірісі, ші өнеркәсіп дамыған. Қолөнер өндірісі (кілемдер, қышқұмыра бұйымдары) бар. Негізгі порттары:Тунис, Сфакс, Бизерта, Габес, Сехира. Экспортқа тоқыма, тері, фосфорит, эәйтүн майын, шарап, ерте пісетін көкөніс, мұнай мен мұнай өнімдерін шығарады. Машиналар мен құрал-жабдықтар, азық-түлік пен тұтыну тауарларын әкеледі. Негізгі сауда серіктестері:Франция, Италия, Германия, АҚШ, Бельгия, Ливия, Жапония.

Сілтеме

  1. ↑ «Қазақстан»:Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
қ • т • өЖерорта теңізімен шектесетін елдердің тізімі
{{{col1}}}{{{col2}}}
For dependent and other territories, see Dependent territory and List of unrecognized countries.қ • т • өФранкофонияМүшелері: АлбанияАндорраБельгияБенинБолгарияБуркина-ФасоБурундиВануатуВьетнамГабонГаитиГанаГвинея • Гини-Биссау • ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанадаКипр • Камарлар • Конго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар • Македония • МалиМароккоМонакоМысырНигерАфрика Республикасы">Орталық Африка Республикасы • РуандаРумынияСан-Томе және Принсипи • Сейшель аралдары • СенегалСент-ЛюсияТогоТунисФранция • Ташад • Швейцария • Экваторлық Гвинея

Бақылаушы елдер: АустрияАрменияГрузияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСловакияСловенияСербияУкраинаХорватия • Чехия

Үлгі:Semitic-speaking


тунис, тунис википедия, тунис где находится, тунис карта, тунис на карте, тунис остров джерба, тунис отдых, тунис отзывы туристов, тунис погода, тунис фото


Тунис Туралы Ақпарат

Тунис


  • user icon

    Тунис beatiful post thanks!

    29.10.2014


Тунис
Тунис
Тунис Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Тунис бұл, Тунис кім, Тунис сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...