Sun . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Тундра

тундра, тундра фото
Тундра. Тундраның негізгі белгісі орманның болмауы.

Орналасуы

Тундра – (саами тілінде tunturі – ормансыз, жалаң тау басы) – солтүстігінде арктикалық шөлмен, оңтүстігінде орманмен шектесетін арктикалық облыстарға тән белдемдік ландшафт типі. Вегетациялық кезең қысқа болуына байланысты көп жылдық өсімдіктер: мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктер негізгі орын алады. Жылу жеткіліксіз, ылғал мол болғандықтан өсімдіктер ауаның жер бетіне таяу қабатындағы жылуды пайдалану үшін төселіп немесе жастық тәріздес ұйлығып өседі. Белдемдігіне байланысты: субарктикалық және арктикалық Тундра; түр құрамына байланысты: мүкті, қыналы, бұталы, төмпешікті (шымдар төмпешіктер құрайтын жерлерде) және полигоналды Тундра болып ажыратылады. Тундра негізінен солтүстік жарты шардың арктикалық және субарктикалық белдеулерінде таралған. Тауда, тау орманы шекарасынан жоғарыда биіктік ландшафт белдеуі – тау Тундрасы орналасқан.

Өсімдіктері және жануарлары

Өсімдіктер дүниесі астық тұқымдастардан, шағын ағашты өсімдіктер мен қыналы-мүкті бірлестіктерден тұрады.
Негізінен жауын құрттары кездеседі, әр түрлі қос қанаттылар өсімдіктер қалдықтарымен қоректеніп, тундраның су қоймаларында тіршілік етеді.

Жыл бойы жасыл өсімдіктермен ұсақ кемірушілер қоректенеді. Барлық тышқандар жыл бойы қысқа арнап індеріне қорек қорын жинайды. Тундрада қыста ұйқыға кететін тиіндер тұқымдасына жататын суырлар мен сарышұнақтар кездеседі. Бір інде 20-30-ы жиналып қыстайды. Евразия мен Солтүстік Америка тундраларында карибу деп атлатын солтүстік бұғысы кең таралған. Таулы тундраларда қар қойы немесе жуан мүйізді қой кездеседі. Құстардан тундра шағаласы, тундра аққуы, казаркалар, үкі, лашын т.б. кездеседі.

Тундра зонасының жартасты жағалауларында – құс базары құрылған. Сол сияқты гренландия тюлені, морждар кездеседі.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. ↑ Экология. Оқулық. -Алматы Экономика, 2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті ISBN 9965-532-69-9


тундра, тундра 4 класс, тундра для wot, тундра животные, тундра и лесотундра, тундра картинки, тундра машина, тундра мод, тундра скачать, тундра фото


Тундра Туралы Ақпарат

Тундра


  • user icon

    Тундра beatiful post thanks!

    29.10.2014


Тундра
Тундра
Тундра Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Тундра бұл, Тундра кім, Тундра сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...