Mon . 19 Jun 2019

Трамвай

трамвай, трамвай 22 маршрут
ТРАМВАЙ (ағылш. tram – вагон, арба және way – жол) – қалалық көлік түрі. Ол түйіспелі (контактілі) сым арқылы келетін электр энергиясынан қуат алып, рельс жолымен қозғалады. 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын дүние жүзіндегі бірінші трамвай 1881 жылы Германияда іске қосылды. Қазақстанда трамвай алғаш 1937 жылы Алматы қаласында жүре бастады. Трамвай энергияны рельстен 3 – 4 м биіктікте ілінген түйіскен сым арқылы алады. Ол 500 – 600В тұрақты ток кернеуімен қоректенеді. Вагондарда қуаты 30 – 70 кВт болатын электрқозғалтқышты тартқыш орналастырылған. Трамвайдың ең үлкен жылдамдығы 65 – 70 км/сағ құрайды. Қазіргі трамвай шаруашылығы күрделі кешен болып есептеледі. Оның құрамына рельс жолы, автоблокировкалау жүйесі, күштік тарту желісі, жылжымалы құрам мен қызметтік жүйе (жөндеу зауыты, жол бойы қызметі), т.б. енеді. Трамвайды энергиямен қоректендіру күштік тарту желісі арқылы жүзеге асады. Айнымалы ток қосалқы күштік тарту стансасы арқылы тұрақты кернеуге түрленіп, түйіспелі (контактілі) желіге беріледі. Моторлы вагонның түйіспелі (контактілі) желі сымы бойымен сырғанайтын ток қабылдау тетігі болады. Кері сым ретінде рельс пайдаланылады. Трамвай вагондары 4 осьтік болып дайындалып, бір жүргізуші басқаратын немесе екі моторлық вагондар түрінде қолданылады.

Сілтеме

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том


трамвай, трамвай 1, трамвай 1 львів, трамвай 10, трамвай 11, трамвай 20, трамвай 22 маршрут, трамвай 7, трамвай желание, трамвай номер 5


Трамвай Туралы Ақпарат

Трамвай


  • user icon

    Трамвай beatiful post thanks!

    29.10.2014


Трамвай
Трамвай
Трамвай Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Трамвай бұл, Трамвай кім, Трамвай сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...