Tue . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Тоғай

тоғай мурод, тоғайлар
Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу-Іле т.б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі. Тоғайдың топырағы хлорлы-сульфатты, тұзды болады. Су жайылған кезде (жылына екі рет) тұнба топырақпен жаңарып отырады. Тоғайда негізінен жиде, тал, шырғанақ, терек, шаған сияқты ағаш түрлері, бұта, аласа бұта түрлері, шөптесін өсімдіктерден эриантус, қамыс, құрақ, қоға, мия, т.б. өседі. Шу-Іле өзендер алабындағы тоғайларда қайың, тал, долана, терек, тамыратпалы ағаштар кездеседі. Тоғай ландшафтары кейде грунт суына жақын төм. жайылма үстіндегі террасаларға да тарайды. Жайылмаларды шаруашылыққа және өзен суларын егістікке пайдаланудан көптеген өзендердің алаптарында тоғайлар азайған. Тоғайларды жабайы шошқа, тоғай бұғысы, шиебөрілер, қамыс мысықтары, т.б. жабайы аңдар мен құстар мекендейді. Tоғай ағашы құрылыс материалы және отын ретінде пайдаланылады.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том


тоғай, тоғай мурод, тоғайлар


Тоғай Туралы Ақпарат

Тоғай


  • user icon

    Тоғай beatiful post thanks!

    29.10.2014


Тоғай
Тоғай
Тоғай Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Тоғай бұл, Тоғай кім, Тоғай сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...