Tue . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Того

тогооч ажил хайж байна, тогоочийн зураг
Того

Мазмұны

  • 1 Ресми атауы
  • 2 Саяси құрылымы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Табиғат жағдайы
  • 5 Тарихы
  • 6 Дереккөздер

Ресми атауы

Ресми атауы: Тоголез Республикасы

Того– Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Халқы 5 млн. 153 мың (2001). Ресми тілі – француз тілі. Сондай-ақ жергілікті эве, мина, кабре, гурма тілдері де қолданылады. Тұрғындарының 50%-ы жергілікті наным-сенімдерді, 35%-ы христиан, 15%-ы ислам діндерін ұстанады. Этникалық құрамы айтарлықтай күрделі. Елде того, йоруба, чокосси, эве, гурма, кабре, тем, котоколи, сомба, басарилер, сонымен қатар еуропалық, ливандық, сириялық арабтар, т.б. тұрады. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы ұлттық жиын. Астанасы – Ломе қаласы. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 27 сәуір (1960). Әкімшілік бөлініс жағынан 5 облысқа бөлінеді.

Саяси құрылымы

Того 1960 жылдан БҰҰ-ға, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына мүше. Гвинея шығанағының солтүстік жағалауында орналасқан. Мемлекет басшысы – президент. Ірі қалалары: Дапаон, Кпалиме. Саяси партиялары: Жаңару әрекеттері комитеті, Тоголез халқының бірлестігі, Әділеттік және демократия жолындағы одақ, Демократия жолындағы тоголездік одақ.

Экономикасы

Того - аграрлы ел. Мәрмәр, фосфорит, ас тұзын өндіреді. Мұнай өңдейтін, металлургия, цемент, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындар бар. Мақта, какао, майлы пальма, кофе өндіреді. Экспорт: мақта, какао, фосфат. Импорт: тоқыма, антибиотиктер, ауыр машина, мұнай, көлік құралдары, мұнай өнімдері, азық түлік. Саудадағы негізгі әріптестері: Гана, Нигерия, Франция, Канада, Испания, Мексика, АҚШ. Ақша бірлігі - африка франкі.

Табиғат жағдайы

Того 4 табиғи аймаққа бөлінеді. Оңтүстігінде құнарлы жағалау ойпаты, солтүстігінде құмдауыт моно үстірті, оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай орташа биіктігі 610 м болатын аласа таулар кесіп өтед, қиыр солтүстігінде құмгаг түзілген бұйра үстірттер. Аумағын Того мен Атакора жоталары қиып өтеді. Климаты субэкваторлық, жағалауында екі жаңбырлық маусым болады. Тогодағы жылдық орташа температура +24 – 27 °С. Солтүстігінде +32°С-ге дейін көтеріледі. Ең биік жері – Бауман шыңы (968 м). Пайдалы қазындылары – фосфорит, боксит, темір, хром кентастары, мәрмәр. Ірі өзендері – Моно және Оти. Климаты экваторлық. Орташа айлық температурасы 20 – 30°С. Жылдық жауын-шашын оңтүстік бөлігінде 700 – 1400 мм, солтүстік бөлігінде 1200 – 1700 мм. Тогоның көпшілік бөлігі биік шөпті саванна, тау беткейлерінде және өзен арналарында, экваторлық өзен жағалауында кокос пальмасы, баобаб өседі. Арыстан, қабылан, буйвол, піл, мүйізтұмсық, қолтырауын, киік, ормандарында маймылдар, құстар және жыландар мекендейді. Жәндіктерден термиттар, цеце шыбыны тараған. Жануарлар дүниесін қорғау мақсатында баққорықтар (Кве, Керан, Фазао, Мальфакаса) ұйымдастырылған.

Тарихы

1472 ж. Того жеріне португалдар келіп, құл саудасымен айналысты. 1884-1885 ЖЖ. Африка мәселелерін қараған халықаралық Берлин конференциясында Тогоның жағалаулары герман қамқорлығына берілді. 1914 ж. британ және француз әскерлері Того аумағын басып алды. 1946 ж. екі аймақ БҰҰ-ның қамқорлығына берілді. 1948 ж. британ және француз Тогосы шекарасын кесіп өтуге салынған тиым алынып тасталды. 1952 ж. Алтын Жағалау әкімшілігі эве халқының мәселесін қарауға арнайы кеңес құрды. 1956 ж. Британдық Того халқы Алтын Жағалау құрамында қалуды ұйғарды, ол біраз уақыттан кейін Тәуелсіз Гана мемлекеті болды. Франция 1956ж. тамызда француз Тогосына Француз Одағының аясында автономиялы республиика мәртебесін берді. 1960ж. сәуірде тәуелсіз Того Республикасы жарияланды. 1963 жылдан ол Тоголез Республиикасы деп атала бастады. 1967 ж. елде әскери төңкеріс болды. 1975 ж. дамыған елдермен сауда қатынастары орнатылды. 1986 ж.төңкеріс жасау пиғылы жүзеге аспай қалды. 1990 ж. үкіметке қарсы наразылық шаралары ұйымддастырылды. 1992 ж. оңтүстік аудандарда ереуілдер жиіледі. 1994 ж. үкіметті құлату шаралары сәтсіз аяқталды.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том



тоголок молдо, тоголоом тоголох, тогоонтөмөр хаан, тогооч, тогооч ажил хайж байна, тогоочийн зураг, тогоочийн сургалт дамжаа, тогоруу, тогос, тогос шувуу


Того Туралы Ақпарат

Того


  • user icon

    Того beatiful post thanks!

    29.10.2014


Того
Того
Того Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Того бұл, Того кім, Того сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...