Fri .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Тобықты


Тобықты - Орта жүз Арғын тайпасының руы. Ол Арғынның екінші әйелі Момыннан туатын төртеудің бірі - Ақсопыдан тарайды. Тобықты ұрпақтары 17 ғасырдың ақырында Балқаш, Тоқырауын, Қусақ маңын, 5 болыс ел қазіргі Семей облысының жерін мекендеген. Тобықтыдан сөзге шешен, ұрыста қайратты батыр, билер көп шыққан. Ұлан-ғайыр алып жатқан жеріне сай халқы да көп әрі дәулетті, жуан сіңір ел болған. Қалың Тобықтының ішінде өсіп, ел арасындағы дау-дамайға еріксіз араласқан Абай өз өлеңдерінде сол кезеңде атқа мініп, әкімшілік жұмыстарына араласқан би-болыстардың, халықты алдап-арбап, арын сатқан арамза қулардың оғаш мінездерін қатты сынайды. Ақын «Патша кұдай, сыйындым...» деген өлеңінде:«Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне»деп напыса, Кежек байға арналған «Бөтен елде бар болса...» деп басталатын Ұзақ толғауында бірді бірге айдап салып, ел ішін алатайдай еткен алаяқ пысықтарға ренішін жасыра алмай:«Ел бүлігі Тобықты, Көп пысыққа молықты» деп ашына айыптайды. Бірақ, бұған қарап Абай бүкіл Тобықты жұртын даттап отыр деуге әсте болмайды. Ақынның қадапа сынап, қаһар төгіп отырғаны сол қалың елдің тыныштық-берекесін кетіріп біткен «ездер» мен «пысықтар». Іргелі ел атанған Тобықтының жақсылығы мен жақсыларын ақын қатты құрметтеген. Сүйікті баласы Әбдірахман мезгілсіз қайтыс болып, көңілі қайғы-шерге толған ақын «Бермеген колға, қайтесің...» деген жұбату жырында арғы қажы атасын:«Тобықтыны ел қылып, Басын жиып қурапты» деп мадақ тұтады, жаралы жүрегіне содан медеу тапқандай болады.

Дереккөздер

  1. ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы:«Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9



Тобықты Туралы Ақпарат

Тобықты


  • user icon

    Тобықты beatiful post thanks!

    29.10.2014


Тобықты
Тобықты
Тобықты Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Тобықты бұл, Тобықты кім, Тобықты сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресеймәртебесімуниципалдық ауданыИркутск облысы енгізілген21 муниципалитетовқаланың
Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы - әуесқой боксшылардың Ресей Федерациясы Кеңес Одағы ыдырағаннан және КСРО Бо
Vinsad

Vinsad

Винсади - Ауыл [2], Ставрополь өлкесі Пьемонт ауданының «Винсад ауылы ауылдық кеңесі» муниципалитеті
Джером (Шурыгин)

Джером (Шурыгин)

Архимандрит Джером әлемдегі Виктор Ф. Шурыгин; 17 қараша 1952, Свердлов ауданы, Кировград ауданы, Бе