Sat . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Тобыл (өзен)

тобыл өзен шаянның, тобыл өзен ыбырай
 Басқа мағыналар үшін Тобыл деген бетті қараңыз.

Тобыл
Сипаттамасы
Ұзындығы 1591 км
Су алабының
ауданы
426 000 км²
Су алабы Солтүстік Мұзды мұхиты
Су шығыны 805 м³/с (272)
Су ағысы
Бастауы Оңтүстік Орал
 · Орналасқан жері Тобыл ауылының маңында
 · Координаттары 51.390833, 60.5451°23′27″ с. е. 60°32′24″ ш. б. / 51.390833° с. е. 60.54° ш. б. (G) (O) (Я)

 (T)

Сағасы Ертіс
 · Орналасқан жері Тобыл қаласы
 · Координаттары Координаттар: 58°09′14″ с. е. 68°12′55″ ш. б. / 58.153889° с. е. 68.215278° ш. б. (G) (O) (Я)58.153889, 68.21527858°09′14″ с. е. 68°12′55″ ш. б. / 58.153889° с. е. 68.215278° ш. б. (G) (O) (Я)

Үлгі:Карта/Бк/O

Орналасуы

Тобыл бассейні
Ел Қазақстан, Ресей
Аймақ Қостанай облысы, Қорған және Түмен облыстары
Ортаққордағы санаты: Тобыл

Тобыл (орыс. Тобол) - Ертіс алабындағы өзен.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Бастауы
  • 3 Су алабы
  • 4 Гидрологиясы
  • 5 Сипаты
  • 6 Дереккөздер

Географиялық орны

Қазақстанның Қостанай облысы және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады.

Бастауы

Тобыл Оңтүстік Оралдың шығыс сілемдерінің бірі – Қараадырдан басталып, Ертіске құяды.

Су алабы

Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км2, Қазақстандық алабы 130 мың км2. Басты салалары – Шортанды, Сынтасты, Әйет, Үй, Обаған (көпшілігі сол жағынан құяды). Өзен алабында Жақсы Алакөл, Жаман Алакөл, Қулыкөл, Тентексор, Томарлыкөл, Теңіз, т.б. көлдер бар.

Гидрологиясы

Бастаулық бөлігінде Торғай қолатымен өтеді. Бұл тұста өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым қарасулар көп кездеседі. Аңғары өте енді, 2 – 30 км аралығында. Негізінен қар (60%-ы) және жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағынның 82,5%-ы көктемде, 13,5%-ы жазда – күзде, 4,0%-ы қыста болады; жоғарғы деңгейі сәуір – маусым айларына келеді. Қазақстандық бөлігіндегі жылдық орташа су ағымы 26,2 м3/с, орташа лайлығы 300 г/м3, минералдылығы 500 – 600 мг/л-ге, далалық өңірде 2000 мг/л-ге жетеді. Суы хлорлы. Өзен қараша – сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 – 78 см. Жазғы суының орташа температурасы 19 – 20°С кейде шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады.

Сипаты

Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде республикадағы сансалалы ауыл шаруашылық дамыған басты астықты өңірге айналды. Қойнауынан темір кентасы, көмір асбест қорлары анықталды. Аңғарында еліміздегі салалық ірі кәсіпорындар саналатын Соколов-Сарыбай кен-байыту, Жітіқара асбест, Лисаковск кен-байыту комбинаттары, т.б. орналасқан. Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғарғы Тобыл бөгені, Қаратомар бөгені, Амангелді, Желқуар, Қызылжар бөгендері салынған. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том

тобыл өзен көлдер, тобыл өзен туралы, тобыл өзен шаянның, тобыл өзен ыбырай


Тобыл (өзен) Туралы Ақпарат

Тобыл (өзен)


  • user icon

    Тобыл (өзен) beatiful post thanks!

    29.10.2014


Тобыл (өзен)
Тобыл (өзен)
Тобыл (өзен) Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Тобыл (өзен) бұл, Тобыл (өзен) кім, Тобыл (өзен) сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...