Mon . 20 Jan 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Теңіз көлі

теңіз көліктер, теңіз көлік
 Басқа мағыналар үшін Теңіз (айрық) деген бетті қараңыз.

Теңіз көлі
Теңіз көлі 2008 ж
Орналасуы Орталық Азия,  Қазақстан, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы
Координаттары Координаттар: 50°22′37″ с. е. 68°55′45″ ш. б. / 50.376944° с. е. 68.929167° ш. б. (G) (O)50.376944, 68.92916750°22′37″ с. е. 68°55′45″ ш. б. / 50.376944° с. е. 68.929167° ш. б. (G) (O)
Құятын өзендер Нұра, Құланөтпес өзендері, Еспесай, Үлкен және Кіші Тобылғысай, т. б. жылғалар
Ауданы 1161,5 км2
Ұзындығы 74,4 км
Ені 32 км
Су бетінің ауданы 94900 км2
Тереңдігі 6,75 м
Су деңгейі 304,4 м биіктікте


Теңіз көлі – Қазақстанның көлі. Теңіз-Қорғалжын алабындағы көл.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Гидрографикасы
  • 3 Жағалау сипаты, балықтары мен құстары
  • 4 Дереккөздер

Географиялық орны

Ақмола облысы Қорғалжын ауданының оңтүстік-батысында. Көл ойыстың батыс бөлігіндегі тектоникалық қазаншұңқырда жатыр. Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ірі тұзды су қоймаларының бірі, теңіз деңгейінен 304,4 м биіктікте орналасқан. Көл үлкен батыс бөліктен және солтүстік-шығыстағы шығанақты бөлігінен тұрады.

Гидрографикасы

Теңізге құятын өзен суларының азаюына байланысты ауданыы кейінгі жылдары 1161,5 км2 дейін кішірейді (бұрын 1590,0 км2 болатын), ұзындығы 74,4 км, ені 32 км (бұрын 40,2 км). Жағалау сызығы 488,0 км. Су жиналатын алабы 94900 км2. Негізгі бөлігінің тереңдігі солтүстігінде 6,75 м (бұрын 8 м), шығанағында 3 м. Көл түбі жайпақ, тегіс, негізінен қоймалжың сұрғылт қара түсті, емдік қасиеті бар тұнбадан тұрады. Солтүстік-шығыс бөлігінде балдыр өседі. Желтоқсанда қатады, мұзының қалыңдығы 1 м-ге жетеді, сәуірде ериді. Су деңгейі көктемде 0,5 м-ге көтеріледі, қазанда төмендейді. Көлде жыл бойы су болады. Теңізге Нұра, Құланөтпес өзендері, Еспесай, Үлкен және Кіші Тобылғысай, тағыда басқа жылғалар құяды.

Жағалау сипаты, балықтары мен құстары

Көлдің батыс жағалауы аласа төбешікті, басқа жағы жатық, түйетайлы, жазыққа ұласады. Жағасы гипсті саздан түзілген, батыс жағасы тастақты. Шығыс жағалауы шығанақтармен қатты тілімделген, мұнда үлкенді-кішілі 70 арал бар. Көлге су құстары ұя салады (жылына 50 мың жұпқа дейін), оның ішінде кәдімгі қоқиқаз (21 мың басқа дейін) бар. Суында мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан, аққайран сияқты балықтар мекендейді. Көл суы ашқылтым. Суы көп жылдары солтүстік-шығыстағы шығанағының тұздылығы 2,9%, суы аз жылдары 18,2% болады. Теңіз Қорғалжын мемлекеттік қорығының құрамына кіреді.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы

теңіз көлік, теңіз көліктер


Теңіз көлі Туралы Ақпарат

Теңіз көлі


  • user icon

    Теңіз көлі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Теңіз көлі
Теңіз көлі
Теңіз көлі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Теңіз көлі бұл, Теңіз көлі кім, Теңіз көлі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...