Sat .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Терек

терек, терекон футбол
Терек (лат. Pópulus) – лат. Salicaceae тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштардың тегі.

Мазмұны

  • 1 Таралуы
  • 2 Ағаш туралы
  • 3 Қолданылуы
  • 4 Күтімі
  • 5 Көбейтілуі
  • 6 Терек туралы тақпақ
  • 7 Сілтемелер
  • 8 Дереккөздер

Таралуы

Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, қара терек мырза терек, т.б.) бар. Бұтақ шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға ұқсайды. Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұзындығы 3 – 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі. Гүлінде шырынды дискісі (тор) болады. 150 жылдай тіршілік етеді. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Терек әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Қазақстанда берікқара терегі мен тораңғы – өте сирек кездесетін өсімдіктер қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Ағаш туралы

Терек - тез өсетін ағаш, биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80 жыл, тек кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Табиғатта 110-ға жуық түрі бар. Будандастыру арқылы теректің тез өсетін көп түрлері алынған. Тез өсетін қасиетіне байланысты көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Аналық терек мамыр-маусым айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек мамығына аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық шығармайтын аталық теректерді пайдаланған жөн. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы - жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті.

Қолданылуы

Терек ағашын құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады. Қағаз, сіріңке жасау өндірісінде терек ағашының діңі жұмсақтау, ақшыл түсті түрлері қолданылады. Көгалдандыруда көше бойларына, жол жиектеріне көбірек отырғызылады. Оны тез өсетіндігіне байланысты тұрмыстық мақсатта, отын үшін өсіреді.

Күтімі

Құнарлы топырақта, күн көзінде жақсы өседі. Жазда аптасына бір рет мол суғару керек. Көктем, күз мезгілдерінде көңмен қоректендірген жөн.

Көбейтілуі

Күз кезінде қалемшелеу жолымен оңай көбейтіледі.

Терек туралы тақпақ

Теректер биік өседі, Алатұғындай Ай ұстап. Діңдері жұмсақ бірақ та Сондықтан аздап майысқақ. Жел соққанда ән айтар Жапырақтары “дауыстап”. Дауыл тұрса тербеліп Теректің белі қайыспақ.

Сілтемелер

  • Остапьюк В.М. Перспективы использования Ginkgo biloba L. в городском озеленении Украины
  • Гүлстан сайты

Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

  1. ↑ Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар:Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 15 б; ISBN 978-601-7237-03-5

терек, терек агашы, терек алмаз продукция, терек на карте, терек река, терек секюрити варна, терек терек, терекеме, терекон футбол, теректы казахстан


Терек Туралы Ақпарат

Терек


  • user icon

    Терек beatiful post thanks!

    29.10.2014


Терек
Терек
Терек Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Терек бұл, Терек кім, Терек сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...