Sat .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Темір ауданы


Темір ауданыАқтөбе облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. Жер аумағы 12,6 мың км². Тұрғыны 36,0 мың адам (2005). Орталығы – Шұбарқұдық кенті. Аудандағы 29 елді мекен 1 қалалық, 2 кенттік және 7 ауылдық округке біріктірілген. Ауданның іргесі 1869 жылы құрамында 17 болысы бар уезд орталығы болып қаланған. 1921 жылы 27 болыс болды және Ақтөбе губерниясындағы аудан орталығы, 1923 жылы Ақтөбе губерниясының іріленуіне байланысты Темір уезі (14 болыс) аталған. 1928 жылы уез таратылып, 1930 жылы ауданға айналды. 1935 жылы одан Жұрын ауданы бөлініп шықты. Қазіргі Темір ауданы 1972 жылы құрылған. Аудан Мұғалжар тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ең биік жері 355 м (Бадамша ауылының тұсында). Оңтүстік-батысы сай-жыралармен тілімделген жазық болып келеді. Жер қойнауынан мұнай, тас темір, құрылыс материалдары барланған. Олардың кейбіреуі өндіріледі. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ауаның орташа жылдық температурасы қаңтар айында –15 – 17ӘC, шілдеде 22 – 24ӘС. Аудан жерімен Ойыл, Темір, Шилі, Құмды, Бабатай, Шағырлықұмды, т.б. өзендер ағып өтеді. Жер қыртысында негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр және сортаңды сұр топырақ басым. Оларда боз, бетеге, жусан, изен, сұлыбас, қамыс, құрақ өседі. Аңдардан қасқыр, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, ондатр, сарышұнақ, аламан тышқаны кездеседі. Аудан тұрғынының басым бөлігін қазақтар құрайды (97,0%). Одан басқа орыс, украин, татар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Аудан аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. Тұрғын халықтың басым бөлігі автомобиль және темір жол және ірі өзен бойларында, мұнай өндіретін өңірлерде біршама тығыз қоныстанған. Халықтың 1 км²-ге шыққандағы тығыздығы 3,0 адамға жуықаласы Ірі елді мекендері:Шұбарқұдық (11,3 мың адам), Кеңқияқ (4,9), Шұбаршы (3,7) кенттері, Темір қаласы (2,0), Шұбарқұдық кәсіпшілігі (1,8), Алтықарасу (1,2), Қопа (1,2), Сарыкөл (1,0), Тасқопа (1,0). Ауданда 1996 жылға дейін астық, оған қосымша биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олар түгелімен дерлік жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданның ауыл шаруашылығы саласында 6 ЖШС және 384 шаруа қожалығы ұйымдастырылды (2005). Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1,261 миллион га, шабандығы 36,1 мың га, жайылымы 1,131 миллион га. Ауданда қой мен ешкінің саны 94,7 мың бас, жылқы 5,5 мың бас, түйе 0,45 мың бас болды (2005). Өнеркәсіп саласында аудан аумағында бірнеше ірі кәсіпорындар бар. Олардың ішіндегі ірілері:“Қарақамыс”, “Стройуниверсал” ЖШС, “Көлік” АҚ, “Әлия жолдары”, “Шанс-1”, “Манас”, “Айқап”, “Сагор”, “Тасқұдық”, “Ақтөбемұнайгаз”, Кенжылуэнергия”, “Толғанай” ЖШС-лары, т.б. Білім беру, мәдениет мекемелерін жалпы білім беретін 32 мектеп, 2 мәдениет үйі, 14 кітапхана құрайды. 3 аурухана, ауданы аурухана, санэпидстанса, 17 фельдшаруашылығы-акушерлік пункт ел денсаулығын сақтауға қызмет етеді. Аудан аумағында археологиялық және табиғат ескерткіштерінің жалпы саны – 41. Аудан жерімен АтырауҚандыағаш темір жолы, Ақтөбе автомобиль жолы өтеді.

Сілтемелер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
  2. ↑ «Қазақстан»:Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том


Темір ауданы Туралы Ақпарат

Темір ауданы


  • user icon

    Темір ауданы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Темір ауданы
Темір ауданы
Темір ауданы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Темір ауданы бұл, Темір ауданы кім, Темір ауданы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...