Fri . 19 May 2019

Температура

температура, температура процессора
Температура (лат. temperatura – араластырылуға тиісті, өлшемдес болу, қалыпты күй) – макроскопикалық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама. Егер оқшауланған немесе тұйықталған жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болса, онда оқшауланған немесе тұйықталған жүйенің кез келген бөлігінде температура бірдей болады. Ал егер жүйе тепе-теңдік күйде болмаса, онда жылу (энергия) оның температурасы жоғары бөлігінен температурасы төмен бөлігіне қарай ауысып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүйенің барлық бөліктеріндегі температура өзара теңеседі. Молекула кинетикалық теория тұрғысынан тепе-теңдіктегі жүйенің температурасы сол жүйені құрайтын атомдардың, молекулалардың, т.б. бөлшектердің жылулық қозғалысының қарқындылығын сипаттайды. Мысалы, классикалық статистикалық физиканың заңдарымен сипатталатын жүйе үшін бөлшектердің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы жүйенің абсолют температурасына тура пропорционал болады. Бұл жағдайда температура дененің жылыну (қызу) дәрежесін сипаттайды. Жалпы жағдайда температура жүйе энергиясының энтропия бойынша алынған туындысымен анықталады және ол әрқашан оң болады. Осылай анықталған температура абсолют температура немесе термодинамикалық шкала температурасы деп аталады. Бірліктердің халықаралық жүйесінде абсолют температураның бірлігіне кельвин (К) қабылданған. Көп жағдайда температураны Цельсий шкаласы (t) бойынша өлшейді. Ал t және Т бір-бірімен: t=T-273,15К теңдігі арқылы байланысқан (мұнда Цельсий градусы кельвинге тең). Дене температурасы термометр арқылы өлшенеді.

Әлемдегі жылдық орташа температура

Мазмұны

  • 1 Температуралық шкаласы
  • 2 Кельвин температуралық шкаласы
  • 3 Ремюр температуралық шкаласы
  • 4 Фаренгейт темературалық шкаласы
  • 5 Цельсий темературалық шкаласы
  • 6 Сілтемелер

Температуралық шкаласы

Темературалық шкаласы- қалыпты кысым кезінде мұздың еру нүктесі нөл градусқа, ал қайнау нүктесі - 80 градусқ теӊ.

Кельвин температуралық шкаласы

Кельвин температуралық шкаласы- температура бірлігі ретінде кельвин алынатын термодинамикалык температуралык шкала.

Ремюр температуралық шкаласы

Ремюр температуралық шкаласы - қалыпты қысымда мұздың еру нүктесі нөл градуска, ал судың кайнау нүктесі 80 градуска сәйкес келетін температуралык шкала. Муздын еру температурсы 0 градуска сайкес келеды.

Фаренгейт темературалық шкаласы

Фаренгейт темературалық шкаласы - қалыпты қысымда мұздың еру нүктесі 32 градуска, ал судың кайнау нүктесі 212 градуска сэйкес келетін температуралық шкала.

Цельсий темературалық шкаласы

Цельсий темературалық шкаласы - калыпты кысымда мұздың еру нүктесі нөл градуска, ал судың кайнау нүктесі 100 градуска сәйкес келетін температуралык шкала.

Сілтемелер

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
  2. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  3. ↑ Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2

температура, температура воды, температура воды в актау, температура киев, температура на зубы, температура процессора, температура солнца, температура тела, температура у ребенка, температура у собак


Температура Туралы Ақпарат

Температура


  • user icon

    Температура beatiful post thanks!

    29.10.2014


Температура
Температура
Температура Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Температура бұл, Температура кім, Температура сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...